Мәжілісте әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы қаралып жатыр. Заңға суицидке и...
Министр: Балалардың кітап оқу мәдениетін көтеруіміз қажет
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық кітапханада еліміздегі балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өңірлерден келген шығармашыл балалармен кездесті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Жолдасбеков, ақын, балалар жазушысы, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Əлімжанов, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиында сөз алған Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрлігі 2021-ді «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы», -деп жариялағанын, осы жылы атқарылатын іс-шаралар жайлы айтып өтті.
Биыл ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке 30 жыл толып отыр. Елбасы Н.Назарбаев: «кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек,- деген үндеу жолдаған еді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және спорттағы әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.