Интернетте бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылды

Фото: көрнекілік үшін

Жаңалықтар
592

Павлодар облысының тұрғыны интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылды,  деп хабарлайды  madeniportal.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қалалық полиция бөліміне Павлодар тұрғыны шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, бірге уақыт өткізу үшін үйіне шақырған. Ол бойжеткен үйінен кеткеннен кейін Samsung маркалы ұялы телефонының жоғалып кеткенін байқаған.

Осыдан кейін полицейлер «қонақтың» жеке-басын, тұратын жерін анықтады.

«Тергеу барысында қыздың уақыт жоғалтпай, ер адамның телефонының банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгергенін, ал ұялы телефонын ломбардқа тапсырғаны анықталды. Түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді», – делінген Павлодар облысы Полиция департаменті хабарламасында.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, ұялы телефон ұрлығы бойынша қылмыстардың 59 пайызын бұрынғы таныстар немесе қонаққа келген адамдар жасайды. Олар үй иесінің сенімін пайдаланып, үйден шығарда белгілі бір мүлкін ұрлайды.

Осыған байланысты полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...