«Ел арна» арнасы жазба ақындар арасында конкурс жариялады

ӘДЕБИЕТ
2214

Байқауға қатысу – тегін!

Байқауға қатысу шарттары

1) Ұсынылған тақырып бойынша әр алуан жанрдағы өлеңмен жазылған шығармалар қабылданады;

2) Қазақ немесе орыс тілдеріндегі туындылар қабылданады;

3) Байқауға бір автордың тек бір шығармасы жіберіледі. Көлемі 50 өлең жолынан аспауы тиіс;

4) Егер автор өз жұмыстарының арасынан нақты бір өлеңді таңдап алудан қиналса, автордың пікірі бойынша басымдыққа ие үш шығармасын жібере алады. Мұндай жағдайда байқауға қатысатын туындыны бекіту құқығы қазылар алқасының мүшелеріне беріледі;

5) Байқауға шығармасын жолдаған әрбір қатысушы осы арқылы өз авторлығын растайды,сонымен қатар, жұмысын өтеусіз негізде эфирде немесе ғаламтор ресурстарында жарық көруіне келісімін береді;

6) Байқауға бұдан бұрын ғаламтор желілерінде жарияланбаған шығармалар жіберілуі керек; 

7) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін немесе нормативті емес лексика пайдаланылған  жұмыстар қабылданбайды. 

8) Жолданған өлеңнің мазмұны, көркемдік ерекшелігі және тіл тазалығына баса назар аударылады. Қазылар алқасы аталған шарттарға сай келмейтін жұмыстарды байқауға жібермеуге құқылы. 

 9) Байқауға қатысушылар «Ел арна» арнасының аккаунтына жазылып, (Instagram/Facebook: @elarna_tv) өз шығармасын әлеуметтік желілердегі парақшасына #еларнакинопоэзия хэштегімен жариялап, «Ел арна» арнасын белгілеуі керек. Ескерту: Байқау кезінде парақшаңыз ашық болуы тиіс. (екі жеңімпазды қазылар алқасы анықтайды, ал бір жүлделі орын желіде ең көп «Like» жинаған қатысушыға беріледі) 

Жүлде:

Байқау жеңімпаздарының (үш жүлделі орын болады) өлеңмен жазылған шығармалары негізінде қысқа метражды поэтикалық фильм түсіріледі. 

Байқаудың міндеттері

Біздің шығармашылық топ жеңімпаз ретінде қазылар алқасы іріктеп алған туынды желісімен қысқа метражды фильм жанрында көркем кино оқиға жасайды. Байқаудың міндеттері – поэзия мен кинематография жарасымды үйлесім тапқан кинопоэзия жанрын насихаттау. 

Поэзияны шексіз сүйетін және бағалайтын барлық жандарды байқауға қатысуға шақырамыз! 


madeniportal.kz

Жаңалықтар

“Банк ЦентрКредит” қызметкерлері тұтынушыға қазақ тілінде қызмет көрсетпеген видео тик-т...

Жаңалықтар

10 мамырда Қостанай облысы, Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерін...