Саясаттанушы Ислам Құраев өз Facebook парақшасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбе...
Владимир Чепель: Бүгінде біздің ұрпақтарымыз Қазақстанды өз отаны деп санайды
Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі. Мұндай пікірді Алматы облысы Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепель білдірді, деп хабарлайды Мәдениет порталының тілшісі.
Қазақ халқы бұрын-соңды болмаған соғыс, ашаршылық секілді азапты күндерді көрді. Соған қарамастан тілі басқа, діні бөлек, басына қара бұлт үйірілген қаншама этносқа пана бола білді. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды десек артық айтқандығымыз емес.
Тағдыр тәлкегіне түсіп, жан сауғалап келіп, қазақ жерінен пана тапқан өзге этностар қазақ халқына шексіз риза. Өйткені, олар дархан даламыздан жылу, пана тапты. Бүгінде біздің ұрпақтарымыз Қазақстанды өз отаны деп санайды.
Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.
Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы.
«Ынтымақ бар жерде бірлік, достық, татулық бар» Ендеше ынтымағымыз әрқашанда жараса берсін. Жасасын достықты жақтаған ,бауырмал қазақ елі!
Еліме шексіз алғысым,
Халқыма салам бар күшім.
Бабам салған дара жол,
Рухани асқақ мәңгі шың.
Құрметті қауым баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға құт-береке, елімізге тыныштық тілеймін! Барша қазақ халқына алғысым шексіз!