Бүгін атақты режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың туған күні

КИНО
1843

Бүгін киносценарист, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетовтың туған күні.

Қазақ кино өнерінің шыңдалуына айрықша ықпал еткен атақты режиссер 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын, КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценарист және режиссердің жоғары курстарын бітірген. 1969 жылдан "Қазақфильм" студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 1970 жылдан - "Қазақфильм" киностудиясының кинорежиссері. 2005 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының кино және дебют шығармашылық одағының жетекшісі.

Фильмографиясы: "Созақтан шыққан Гамлет" (режиссёр), "Қарасуық" (сценарист), "Жас аккордионистің басынан кешкендері" (режиссёр-сценарист), "Омпа", "Қыз жылаған" (режиссёр, сценарист), "Лейланың дұғасы" (режиссёр-сценарист), "Мұстафа Шоқай" (режиссер), "Аманат" (режиссёр-сценарист) және т.б.

Сонымен қатар «Кино-шок» сыйлығының «Режиссура үшін сыйлығы» 1994 жылғы номинациясының лауреаты, ТМД және Балтық елдерінің ашық кино фестивалінің «Реализм мен адамгершілік үшін» сыйлығының иегері, Жорж Садуль сыйлығының лауреаты,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. және «Құрмет» орденімен марапатталған.

"Мәдениет порталы" Сатыбалды Нарымбетовты бүгінгі туған күнімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейді. Осыған орай оқырман назарына режиссердің "Омпа" фильмін ұсынамыз. Мархаббат!

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, деп...

Жаңалықтар

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қарияның а...