«Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі эфирге шығады

КИНО
2825

1 желтоқсан күні «Qazaqstan» ұлттық арнасынан «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі көрсетіледі.

Бұл жайында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімет таратты. «1 желтоқсан 20:00-де «Qazaqstan» арнасында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі шығады. Елбасы облыс орталығын Түркістанға көшіру жөніндегі тарихи шешімнің түпкі мән-мазмұнын ашып, қаланың туристік әлеуеті мен халықаралық беделі, келешек жоспары туралы айтып береді» деп мәлімдеді Айдос Үкібай Twitter парақшасында.