Әділхан Ержанов «Үздік режиссёр» атанды

КИНО
1087

«Сары мысық» фильмінің шығармашылық құрамы

Швецияның Стокгольм қаласында өткен Hope International Film Festival-де қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі «Үздік режиссёр» номинациясын иеленді, деп хабарлайды Brod.kz.

Режиссердің толықметрлі көркемсуретті фильмдер тізбегінде «Сары мысық» тоғызыншы жұмысы болып табылады. Фильмнің тұсаукесері былтырғы 77-ші Венеция кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында көрсетілген. Кейінірек аталмыш фильм Қытайда өткен Silk Road IFF фестивалінде арнайы жүлдесін, Батуми фестивалінде «Үздік режиссураны», «Московская премьера» фестивалінде киносыншылардың арнайы жүлдесін иеленіп, ресейлік «Ника» кинопремиясына ұсынылды. 

Әділхан Ержанов, кинорежиссер: «Біздің «Сары мысық» туындымыз өз жемісін беруде. Өткен айда Италияның Верона қаласы мен Бельгияның Брюгге қалаларында өткен фестивальде «Үздік фильм» номинациялары бойынша бағаланған болатын. Ендігі кезек Швецияның Стокгольм қаласында өткен Hope International Film Festival «Үздік режиссурамен» марапатталды. Фильмнің жеткен жетістіктеріне қуана отырып, түсірілім тобына өз алғысымды біліремін».

Сонымен қатар режиссер «Сары мысық», «Атбай кшайқасы», «Қап-қара адам», «Ұлболсын» фильмдері Kinopoisk HD платформасында жүктелгенін атап өтті. 

madeniportal.kz

Без категории

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...