Аскерхан Ақтай. Байтайлақ батыр-Баршын сұлу (пьесса)

ӘДЕБИЕТ
5960

1

Байтайлақ батыр-Баршын сұлу

(2 актлі тарихи драма)

Кейіпкерлер:

1.Байтайлақ батыр бас кейіпкер, батыр 30-жастар шамасында

2.Баршын бике қалмақ хонтайжысының қызы, батыр, жігерлі 

3.Шалмаа қалмақ нояны, батыр

4.Эрдэнэ қонтайжы

5.Абылай хан

6.Қабанбай батыр

7.Абыз 

8.Ер Жәнібек батыр жас кезі 

9.Байтас қария

10.Асыл әже 

11. Ауыл адамдары, жас сарбаздар 

ОқиғаXVIII ғасырда қазақ даласында Жоңғар шапқыншылығы кезінде өтеді.


1 акт

1-сурет

Дала.Жоңғар әскерлері. Хонтайжы тұр.

Хонтайжы:- Мынау жатқан қазақ ауылдары. Бізді ешкім тоқтата алмайды.

Қазір бұл ауылдарды шауып, түгел тонап, қырып, кәрісін құл, жасын күң етіңдер.

Кенет осы кезде сахнаға Байтайлақ жалғыз өзі шыға келеді.

Байтайлақ:- Әй, ит қалмақ! Сені мен тоқтата аламын. Сені тоқтататын күш жоқ,- деп кім айтты, қазақта?!

Хонтайжы: - Жалғыз малшы қазақ сенің күшің мына самсаған әскерге қайдан жете қойсын. Әліңді біл, текке өлесің, одан да, малыңды бізге бер. Жылқыңды бізге бер де, өзің сол қазақтарыңмен бізге құл бол.

Басқалары қарқылдап күледі.

Байтайлақ: Көрсетейін ,мен сендерге...

Ол қылышын суырып алып, тұра ұмтылады.

Хонтайжы: - Мына қазақты турап тастаңдар, әлін білмеген әлек !


2

Жалма-жан айқас басталып кетеді. Байтайлақ оншақты қалмақты кезек кезегімен ұрып, қылышпен шауып түсіреді. Қалмақтар ойсырап жеңіле бастайды. 

Бір қалмақ әскері хонтайжыға: - Хонтайжы, тезірек кетейік, бұл қазаққа біз өте көп күшпен келіп, басып алайық. Ал қазір абайсызда жеңіліп, сіз тұтқынға түсіп қалсаңыз, қиын болады.

Хонтайжы: - Кеттік, біз бұл қазаққа көрсетемін әлі, кеттік. Тастаңдар, малшы қазақты, кеттік.

Барлығы дереу сахнадан кетеді, сахнада тек бірнеше әскерлердің денесі қалады. Жараланғандарды алып кетеді.

Байтайлақ:  - Бұл жоңғарларға қамданып, тосқауыл болмаса, атамекен жеріміз кетейін деп тұр екен. Бұлар шолғыншы топ, жау таяп қалған екен.

Бұл қазақтың рухын түсіретін жау әлі туған жоқ, аман болсақ, атамекен жерімізді ешкімге таптатпайтын шығармыз. 

Ол бұрылып кетеді.

2-сурет

Дала. Тыныш, бейқам жатқан қазақ ауылдары. Бір ауылда әлдебір той болып жатады. Халық әуені еседі. Бір жағында ақсақалдар кеңес құрып отырады. Әжелер өзара әңгімелескен бір тамаша мезгіл еді. 

Кенет аспан түнеріп найзағай ойнайды. 

Байтас қария: - Бұл ненің белгісі екен, ә! Тіпті күндіз де  түн секілді қараңғы болып кетті.

Асыл әже: - Ия, Алла! Пәле -жаладан сақтасын! Бұл неге қараңғы болып кетті, өзі? Жақсылықтың ғана белігісі болғай.

Жастар тегіс алтыбақанды тастап бір жерге жинала бастайды.

Байбол қария: - Бір пәленің басы болмағай, мына күннің сұры неткен жаман еді..

Осы кезде жау келді, жау келді деген дауыс шығады, сахнадағылар тегіс үрпиісіп қалады, бір шабарман жігіт асығыс жетіп келеді.

Шабарман жігіт: - Уа, Байтас ата! Уа, ағайын!  Жоңғар шапты. Жау келді. Міне, қаптап келіп қалды, атқа қон ағайын! 

3

Ол ентігіп жығыла кетеді.

Байтас: - Не дейді, не сұмдық мынау, бұл не жау?

Жанай: - Қап, әттеген-ай! Қамсыз отыр едік, жоңғарға не жазып едік?

Байтас: -  Болмаса ауылда Байтайлақта жоқ, бұл қиын болды.

Шабарман: - Қаптап келіп қалды, Байтайлақ ағама хабар беріп те үлгермедім. 

Байтас: - Не болса да қарсылық көрсетіп өлейік те, өлсек ... 

Осы кезде ауылға жау тиеді. Қаптап келіп қалған жау әскерлері сахнадағы ауылды ойрандай бастайды. Ұзын айдарлы жоңғар шеріктері әйелдерді сүйреп, ерлерді соққыға жығады. Байтас қарияны сүйрете жөнеледі. Шалмаа батыр шетте қарап тұрады. 

Шалмаа: - Бұл ауылды аямаңдар, бұлар өткенде бізді жер соқтырып кеткен. Байтайлақ дегеннің ауылы болса керек. Тез, Байтайлақты табыңдар.

Әскер:- Мен Байтайлақты іздедім, ауылда жоқ екен, Шалмаа гуай.

Шалмаа: - Ендеше ауылын ойран асыр етіңдер, өздерің ауылды күзетіп, қырық жігітпен қалып, Байтайлақты маған байлап алып келіңдер. 

Сахнада ауыл үсті у шу болады. Жау аямай қорлық көрсетеді. Жүктерді шашып, алтыбақанды құлатады. Бір топ адамды көгендеп байлап алады. 

Жоңғарлар ұстап алған адамдарын байлап, сүйрей бастайды. 

Шалмаа: - Бұларды мал бақтырамыз, кемпірлерге тезек тергіземіз, бізге қазақтардан құлдар керек ха ха ха !

Байтас: - Әй, ит қалмақ ,сенде бір зауал тартарсың.

Шалмаа: - Ал сендердің Байтайлақтарың жоқ болды, оны тосып тұрып, ұстап әкелесіңдер. 

Әскерлер ұсталған адамдарды сүйреп айдап кетеді. Ауылдың шаңырағы ортасына түсіп ойра-асыр болып жатады.Мұңлы музыка. Иен қалған ауыл. Соққыға жығылғандардың басын сүйеген адамдар.

Осы кезде бір жақтан Байтайлақ шығады. Алдынан ақбасты ана жүгіріп шығады. 

Әже:  -Балам-ау,  қайдасың? Міне , біз Жоңғардың шапқыншылығына ұшырадық. Шаңырағымыз ортасына түсті. Ауыл адамдарын байлап алып кетті. Қандай сұм заманға кез болдық, балам- ау?! (отыра қалып жылайды) 

4

Байтайлақ: - Ауыл азаматтары барлығы айдауда кетті ме?, Қап, әттеген-ай!

 Үлгере алмадым. Бірақ оларды құтқарамын.

Осы кезде сахнаға Жоңғар әскерлері қайта шыға келеді.

Шалмаа: - Әй, Байтайлақ !Қолға түстің бе, бәлем! Енді бізден құтыла алмайсың.

Байтайлақ: - Жігіт болсаң, жекпе- жекке шық!

Шалмаа:  - Саған жекпе жекке шығатын ерігіп жүргем жоқ. Мен сені тездетіп, қонтайжының алдына апаруым керек. 

Байтайлақ: - Шамаң жетсе, жеке кел. Келіңдер, кәне?!

Шалмаа: - Ұмтылыңдар кәне, қорықпаңдар! Даш, сен шалма таста ,бұған. 

Осы кезде апыр топыр алыс болып кетеді. Бірнеше әскерді құлатқан, дес бермеген Байтайлақтың мойнына шылбыр орала кетеді. Әскерлер оны алыстан шалма тастап ұстап алады. 

Шалмаа: - Енді біздің жетегімізде боласың. 

Байтайлақ: - Сен осыны ұмытпа! Мен... бүгінгі таланған кекті сенен қайыратын боламын. 

Шалмаа: - Оған дейін әлі де уақыт бар, көреміз, бұйырса. Ал қазір сен өзіңді құтқаруды ойла. Жігіттер, кеттік !

Олар Байтайлақты алдарына салып айдап кетіп бара жатады. Сахнадан мұңлы сазды әуен еседі. 

Осы кезде сахнада ұшып жүрген құс пайда болады.

Сол құсты әлдебір қара киімді бейнелер үркітіп әкеледі. Құс алдын ала сахнада дайындалған торға қамалады. Құс тордың ішінде аласұрады.

Сахнаға ақсақалды абыз шығады.

Абыз: - Қарағай басын шортан шалды деген осы болар... Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер деген осы да. Қазақтың рухы торға түсті. Бірақ сол рух тор ішінде талпынады. Тордан шығар түбі рух. Аспан астын қазақтың зары жайлады. Жер үстін шұбырған ақтабан болған болған қазақтың мұңы кернеді.

- Ей, зар заман, зар заман. Бұл да бір неткен тар заман. 

Осы кезде сахнадан абыздың артынан ауған ел, көшкен халық өтіп жатады. Азып тозған жұрт арқылы сол бір дәуірдіңсуреті беріледі. 

5

Абыз ақырындап сахнадан алыстағанда Жоңғарлар сахнаға Байтайлақты алып шығады. 

Байтайлақ батырды алты арқанмен алты жағынан байлап қояды. 

Шалмаа:  - Міне, Байтайлақ осылай сен тұтқын болдың, енді ажал сағатыңды тос. Сен біздің қаншама әскерді қырдың, сол сұраусыз кетеді дедің бе?!

Байтайлақ:  - Ал сен өз жайында жатқан менің еліме соқтықтың. Зорлықты Аллада қолдамайды, сонда сенікі дұрыс па? Мен елімді қорғадым, сен секілді жас бала мен шал-кемпірге күшімді көрсеткем жоқ.

Шалмаа: - Асқынған екенсің, Байтайлақ!  Енді бұл тұтқыннан сен тірі шықпайсың. 

Байтайлақ:  - Көреміз, нағыз батыр болсаң сенің осы сөзіңді есіңе саламын .

Әлі, көрде тұр. 

Осы кезде сахнаға Баршын шығады.

Баршын: - Батырлар сөзбен ырғасатын болған ба, негізі батырлар майданда күш сынаспаушы ма, сөз батыр батыр ма?

Шалмаа: - Баршын, мен хонтайжыға берген сертімде тұрып, міне Байтайлақты байлап алып келдім, енді Баршын сұлу менікі боласың.

Байтайлақ: - Батыр торға түсіп торықпаса батыр бола ма, Баршын сұлу.

Баршын: -  Батыр тордан шықса ғана-  батыр. 

Байтайлақ:  - Батырмын деген адам күшін тек елін қорғауға немесе батырға ғана көрсетер болар...  Ал момындарға күш көрсетсе, батыр емес барымташы болады. 

Шалмаа: - Мен қазақ ауылдарына шапқыншылықты жалғастырамын. Біз хонтайжының арманын орындап, иелігіне қазақ жерін көбірек беріп, ал өзін  бодауына сені қатын етемін. 

Байтайлақ:  - Ей, Шалмаа! қазақ жері сенің қатын алуыңа саудаға түсетін атаңнан қалған мұра емес, қатын алам деп жүріп қара басыңа зар боласың әлі... 

6

Шалмаа: - Көреміз, әлі, Байтайлақ, асықпа!

Ол тез тез басып кетіп қалады.

Байтайлақ: - Хонтайжының қызы тұтқындағы батырды көрмеппе еді.

 Неге таңырқап тұр екен?

Баршын: (сусын ұсынып)-  Батыр, сусын іш, әкемнің тұтқыны болсаңда, менің қонағымсың. 

Байтайлақ: - Астан үлкен емеспіз. Сусын ішеді.

Осы кезде Хонтайжы келеді

Хонтайжы: - Баршын, Сен мұнда неғып жүрсің, әлде қазақ батырына жақтасып жүрсің бе?

Баршын: -Тұтқын болсада батыр ғой, әке, сіз мені осылай өжет етіп үйреткенсіз.

Хонтайжы: -  Үйреттім, иә, сен батыр мінезді болсын дедім, бірақ менің жауыма дос болма!

Хонтайжы: - Мен сені Шалмаа батырға беремін. Оған берген сертім бар.

Баршын: - Ал, мен Шалмаа батырды жаным жек көреді. Менің өз еркім, өзімде әке.

Хонтайжы: - Неге, өз еркің өзіңде болу керек?Мен сенің әкеңмін.

Баршын: - Мен хонтайжыныың қызымын, сол себепті өз қалағаным болу керек.

Хонтайжы: - Мен осы қазақ даласын жаулар алар кезде Шалмаа ноянға ант бергем, сені беремін деп.

Баршын:  Мені қазақ даласына сатқаныңба, әке?!

Хонтайжы: -  Сен менің бұйрығымды орындайсың, Шалмаа ұранхайдың

 ең -батыр азаматы. Қанша еңбек сіңірді. Көнуің керек.

Баршын: - Ол батыр болса да әлсіздерге күш көрсетіп, қорғансызды қорлайтындығы жаман. 

Әке, бір өтінішім бар!

Хонтайжы: - Кейін айт, өтінішіңді. Ал қазір мен маңызды әскери кеңес өткізуім керек.

Хонтайжы кетеді.

Баршын: - Мен қалайда Байтайлақ батырды құтқаруым керек.  Мен неге Байтайлақ батырды ұнатып қалдым. Ішімдегі сезімді неге өшіре алмай отырмын. Рас, ол қазақ қой, қазақ біздің жауымыз ғой. Ал мен неге оған ынтызармын. Мен тұралар емеспін. Мені ешкім тоқтата алар емес. Ал бірақ өзім Хонтайжының қызы болсамда, өз бас еркіндігім өзімде жоқ. Неткен заман бұл?Мен сахарада ат жалында өстім, ат жалында ерлікті аңсаймын. 

7

Мен Шалмаада кеткен кегімді алуым керек. Інім Доржының кегін алуым керек. Ол үшін Байтайлақ маған көмек көрсетеді. Ал мен Байтайлақты босатқызамын. 

Ол анадайдағы Байтайлаққа жетіп барады. 

Баршын: - Байтайлақ батыр, нағыз ер болсаң саған айтар сөзім бар.

Байтайлақ: - Тыңдап отырмын, онысызда. Мен байлаудағы адам, тыңдамай не етемін?

Баршын: - Батыр мен сені құтқарайын, серт етемін. Ал сен мені мына жауыз Шалмаадан құтқар, сертке серт!

Байтайлақ: - Менің басым байлаудан босаса, қалмақтың қызы сені емес, алдымен жау қолындағы сенің әкеңнен қорлық көрген елімді құлдықтан босатамын. Осыны ойла. 

Баршын: - Мейлі, алдымен еліңді ойларсың, ал мен сені қазақтың батыр азаматы деп айтып отырмы. Оның үстіне сенің тағдырың менің әкемнің қолында. Ал олар сені тірі жібергісі жоқ. Сол үшін сен менімен келіседі деп ойлаймын. Елің болса жауда, бұлай жатпас болар, батыр. 

Байтайлақ: Елім жауда, өзім қолда, жатпасқа амалым қайсы, ал осы қапастан аман босасам, елімді ежелгі қонысына қайырып, халқымды арманына жеткізер едім. 

Баршын:Сол арманыңа жету үшін менімен келісерсің. Ата жауың Шалмааның желкесінен табаныңмен бассаң , менің де,  сенің де кегіміз қайтқаны. 

Байтайлақ: -Ал Шалмаа ноян болса сенің болашақ күйеуің, неге оны маған оққа байлайсың?

Баршын: Кейде айтылмайтын құпияда болады, Ноян менің әкемнің адал серігі болғанымен  ол менің інімді өлтірген. Әкемнің тағына таластырып, арасына от жағып, сол таласта інімді өлтірді. 

Осы кезде сахна қараңғыланып шегініс беріледі, сахнаға баршынның інісі шығып, ол Шалмаамен қылыштасады. 

Шалмаа:-  Сен хонтайжының тағына  таласатын кімсің?

Інісі:-  Мен әкемнің тағына таласқан жоқпын, сен неге менің әкеме шағыстырасың?

Шалмаа:- Сені өлтіруді әкең  Эрдэнэ қонтайжы маған тапсырды, сондықтан сені өлтіремін.

Ол қылышын барынша сілтеп жас баланы жаралайды, бала құлайды. 

8

Шалмаа:Міне, бала Доржы өлді, бұл менің хонтайжының қызын алып, еркін өмір сүруіме бөгет болып тұр еді, ақыры түбіне жеттім, енді Хонтайжының қызын алсам, аяулы Баршынды өзіме жар етсем... Хонтайжының бар байлығы ұлы жоқ түбінде маған келмей ме?

Міне, қайда? Мен барлығын дұрыс жасадым, Ал Доржы бала әке тағына таласқан жоқ, тек әке мен баланы дұрыс шағыстыра білдім. 

( Ха ха ха) Ол кетеді. Жарық жанады.

Сахнада қайта сол Байтайлақпен Баршын 

Баршын: - Сондықтан мен інімнің кегін алуым керек. Шалма ноянды мен өзімде өлтіре аламын, бірақ ол сенен қазақтың батырынан жеңіліп, рухы сынып өлгенін қалаймын. 

Былай батыр, саған бостандық беремін. Сен Шалмаа ноянды өлтіресің. Сосын еліңді азат етесің, ал не Шалмаадан өзің өлесің. Менде солай не сенімен бірге жеңемін, не сенімен бірге жеңілемін. 

Байтайлақ: - Алдымен мына зынданнан босайын, сосын Шалмаада кеткен кегімді қайтарамын. Тіпті сенің әкеңе де, мына хонтайжыға қылышымды суырамын. Жасырмаймын, мен елімнің, қазақтың ұлымын, бостандығыма сатылмаймын. 

Баршын: - Батыр, ойлан!

Кетеді.

Байтайлақ батыр ойға беріледі.

Байтайлақ: Елім мені күтуде. Жұртым мені кутуде. Мен қазағымды мына сұм жаудың тырнағынан құтқаруым керек. Халқымның рухын көтеріп, жеңіс әкеліп, елімді ежелгі қонысына қондыруға тиіспін. Тіпті елімінің бостандығы жолында кіммен болсада дос болуға бармын. 

Ей, қыран құс ,қуат бер маған!,Ей,Сарыарқаның соққан жел менің даусымды ұран қылып еліме жеткіз!  Ұлы Жаратушы Алла ! Менің еліме бостандық беріп, мына жаудың тырнағынан құтқара гөр! Өзім сол жолда құрбан болсамда арманым жоқ. Арқаның нөсері менің ерлік рухымды оята гөр! 

Тордағы құс бұлқынады.Сахна қараңғыланады.

3-cурет

Сахнада Абылай ханның ордасы.

Абылай хан төрде. Жанында батырлар жас жігіттер тұрады, Абыз тұрады. 

9

Абылайхан: Байтайлақ батыр деген ол қазақтың рухы еді. Маған Қабанбаймен Бөгенбай қандай болса, Байтайлақ та сондай. Байтайлақтың талай ерлігіне куә болдым. Енді елші аттандырып, Байтайлақты құтқару керек. Байтайлақ тұтқынға түскелі менен ұйқы қашты.

Абыз: - Хан ием, хонтайжы Байтайлақтың басын біраз қымбатқа бағалап, бізде тұтқында жатқан бірншеше батырына айырбастауды өтінуі мүмкін.. 

Абылайхан: Мен Байтайлақ үшін қалмақтың неше батырында босатуға пейілмін. «Ер жаманы жолдасын жолға тастайды». Талай сыннан сүрінбей жанын қиған жанымдағы батырымды қалай қалмақтың зынданына тастаймын. 

Дереу Абызеке,  сіз бас болып, хонтайжыға елші аттансын, ер Байтайлақты хонтайжы босатсын, оның қарымына мен тұтқындағы қалмақтың бес батырын босатайын. Осыған келіссін, егер келіспесе мен Байтайлақты босату үшін, үш жүздің басын құрап, ұлы шайқасқа шығамыз. Тіпті Байтайлақ босаса да біз Бұлантыда қалмақ қолына соққы беруіміз керек, бұл істі тереңнен ойлап-толғап отырмын.

 Ал, елші аттаныңдар. 

Осы кезде тұрған жас батырлар: «Рухқа бостандық, рухқа бостандық»-  деп айқайлайды. Олар Абызды орталарына алып рухқа бостандық деп сахна ортасына келеді. Сахна қараңғыланады.

4-сурет

Сахнада контайжы, Баршын сұлу екеуі отырады. Сырттан бір адам келіп қонтайжының құлағына әлденені сыбырлап кетеді.

Хонтайжы: Баршын, менің саған айтар әкелік сөзім бар. Сен соңғы кезде анау тұтқындағы қазақ батырымен сөз байласты деген сыбыс естіліп жатыр. 

Баршын: Мен еркіндік алғым келеді. Өтірік айтпаймын, бірақ сөз байласқам жоқ.

Хонтайжы: - Сонда саған кімнен еркіндік алып беретін адам керек.

Баршын:  Әке, мен батыр қызбын, ат жалында өстім, бірақ Шалмааға жар болмаймын, ол менің теңім емес.

Хонтайжы:Әке сөзі қызына міндет! Мен сені Шалмаа батырға ұзатамын. Хонтайжының сөзі қызына өтпесе, мен қалай мына елді басқарамын.

10

Баршын:  - Әке сонда қазақ даласын жаулап алғандағы қол бастаған адамға менің басымды тіккеніңіз бе?

Қонтайжы: - Жоңғар ұлысыныың ноянын менсінбейтін кім едің, сонда!!! (ақырады)

Баршын:-  Ғазиз басымды саудаға салмаймын. 

Хонтайжы:- Менің жауыммен тіл табыстың ба, сонда?

Баршын:- Тіл табыспадым, тек ол да батыр. Байтайлақ та қолбасы сондықтан сусын бердім. Тұтқын болса да ол, Қонтайжының қонағы деп қарап,жеті Жоңғардың текті ел екендігін көрсеттім. 

Қонтайжы: (ойланып) Қосам деген батырды менсінбей тұрғаныңда, қызым осы тектілігің ғой. 

Баршын: -Бір тілегім бар, әке?

Қонтайжы:- Не тілек ол?

Баршын: - Қазақтың Байтайлақ батырын босатайық ..

Осы кезде Шалмаа кіреді.

Шалмаа: - Қонтайжыға сәлем! (иіліп сәлем береді)

Эрдэне қонтайжы мен тек қоңыр күзді кутудемін. Баршынды ауылыма мына Қапшағай жазығына алып кететін күнді тосып жүрмін. Сарғайдым.

Қонтайжы: Ол күнде келер...

Баршын:- Шалмаа ноян, ал сен менімен келіспейсің.

Шалмаа: Маған Қонтайжының айтқан сөзі, сөз. Мен жанымды жалдап осы жерге ие болу үшін қазақпен қаншама ұрыстым, бәрі сен үшін, Баршын бике.

Баршын:Ал мен сенің қан төккеніңді қаламадым. Қаншама жұрт безді, ел жерінен. Өзімізге дұшпан тауып алдық.

Қонтайжы: - Мына қазақтарды дұшпан дейсің бе? Олар тентіреп жоғалды. Біз міне, Есілмен Нұраға таядық. Қазақтар тозып-азып бізге құл болып бітті, емес пе? Ал сол жұртты басып алу мына Ноян секілді сардардың арқасы. Сондықтан екеуің бір шаңырақта болып, батырлар әулетін жалғауды қалаймын. 

Шалмаа: - Ал, сен қазақтың Байтайлағына көз салып жүрсің, ол менің тұтқыным. Оны өлтіре салу маған қиын емес, шамам, күшім жетеді.

Баршын:-  Мүмкін, күш сынасарсыңдар?

Қонтайжы:- Мынау да бір табылған ақыл екен.

Осы кезде сырттан бір қалмақ жігіт кіреді.

Қалмақ: Қонтайжы қазақтан Абылай ордасынан елші келді.

11

Қонтайжы: Кірсін.

Сырттан Абыз бастаған бірнеше қазақ елшілері кіреді. 

Айналасында оншақты қарулы қазақ сарбаздары кіреді. 

Қонтайжы: - Жер қазақтікі болғанымен төр ұранхайдікі төрле, Абыз.

Абыз: - Жер қазақтікі болса, уақытша қонған қаңбақ болдыңыз ғой, жер кімдікі болса орда да, төр де соныікі.

Абыз төрге шығады.

Қонтайжы: - Елдестірмек, Елшіден деуші еді, қазақ, ырғасуыңызға қарағанда ширығып кепсің. 

Абыз: - Қолбасшы тұтқында жатса ширығып келмегенде шырайланып келуші ме едім, Үш жүздің ханы Абылай жіберді. Байлаудағы батырымды босатсын, егер босатпаса, түмен қолмен түре қуам, тұрысар жерін айтсын,  -деді. 

Қонтайжы:-  Жау іздесе жаумыз, ел іздесе елміз. Бірақ біз жоңғардың жерінде отырмыз.

Абыз: - Жер белгісі бейіт десең, бел үстінде бейітің бар ма? Өлген әкеңнің басы Алтайдың ар жағында жатыр.Е л белгісі жер десең ,атаулы жерің бар ма, оны да қой Байтайлақтай ерің бар ма?

Қонтайжы: Бір мәмлеге келейік, елім болғасын ерім бар. Байтайлақты босатамын. Абылай маған тұтқындағы Доржы бастаған бес батырымды босатсын. Сосын Байтайлақ  мына Шалмаамен күреседі, егер жығылса басын Шалмаа кесіп алады, ал жықса босасын. Осы шартқа келіссеңдер, Байтайлақты босатамын. 

Абыз: Келістік, Байтайлақ бес батырға тең, алты батырдан артық, Абылайдың тұстасы, қалың қолдың тұтқасы. Күрессін, Шалмааның қабырғасын қайыстырар, белін майыстырар, еркіндікке кетер, еліне жетер. 

Ал баста, онда Қонтайжы..

Қонтайжы: Жеті хошуунынан жете туған Шалмаа ноян арыстанымның айбатынан ығар ма екен, келсін. Жетпіс жекпе- жекте туы желкілден Шалмаа бөрімді жыға алмас.Әкеліңдер, Байтайлақты!

Осы кезде алты арқанға байлаулы, алты жағынан алты жоңғар жетектеген Байтайлақ кіреді. 

12

Байтайлақ: Ассалаумағалайкум, Абызеке!  Абылай мені сұратпай-ақ, ордада бір күн күтсе нетер еді, алтын басыңды қалмақтың алдында имей?!

Абыз: Басшы, қосшысын жоқтамаса елде не қасиет қалады? 

 Байтайлақ, мына қалмақтың аяғын аспаннан келтір! Алтайды асырып лақтыр, Жетісуға жеткізіп жық, қабырғасын сындыр, жілігін бөл. 

Байтайлақ: - Иә, аруақ!

Қонтайжы: Байтайлақ, Шалмаамен белдес! Жықсаң босайсың, жығылсаң басыңды найзаға шаншып, Абылайға беріп жіберемін, етіңді қара банқар төбет жейді, келіссең осы, қорықсаң сол орныңда зынданда жата бер. Сенің әкең Бәйімбет жалаң қолмен жолбарыс алған, бесті атты көтеріп әкететін батыр еді. Көрейік сенің қаншалықты әкеңе тартқаныңыды. 

Байтайлақ: Қазақтың Байтайлағы шегінеді деп  кім айтты саған?

  Байтайлақ жығылды, Байшұбары сүрінді деп кім айтты саған, кел қалмақ, күресейін, қабырғаңды күйретейін. Мысыңды басатын, қаныңды шашатын қазаққа кезікпей қор болып жүрген шығарсың! Менің жұдырығым темір, тиген жерін теседі, қылышым лмас шапқан жерін кеседі. Кеспелтектей денеңді кескілейін, теректей бойыңды тепкілейін, айдарыңды күзейін, жұлыңыңды үзейін, қазақтың ұлы менен болсын, ажалың! 

Шалмаа: Ей, Байтайлақ, есіктегі тұтқын едің, бостандықтан дәмелі болсаң саған ерте. 

 Алдыңда жеті хошуун ұранхайда жауырын жерге тимеген, найзасын жауды түйреген қара ноян Шалмаа арыстан тұр. 

Баршын бикеден ойың бар екен, барсакелмеске жіберейін, Жетісудан дәмең бар екен, жете алмас жерге лақтырайын. Алтайды алғың келсе, ажалыңа апарайын.

Байтайлақ:  -Алла жар, Алла жар!

Қонтайжы: Бастаңдар!

Абыз: - Иә аруақ, иә аруақ! 

Қазақ елші сарбаздары: «Рухқа бостандық, рухқа бостандық рухқа бостандық»-  деп найзаларын көтеріп айқайлап тұрады.

Байтайлақпен Шалмаа аңдысып көп жүреді, бір уақытта алыса кетеді. Бірақ бір-бірін жыға алмай жүреді. Біраз уақытта Байтайлақ Шалмааны көтеріп алып иіріп-иіріп, жерге жығып, аяғымен кеудесін басып тұрып, басынан аттап кетеді. 

13

Байтайлақ:- Бір рет кешірдім. Екінші рет жекпе- жекте жолықсаң, басыңды аламын. Баршыннан ойың болса да Барсакелмеске барасың, Жетісуды алам деп, желкеңді үздің, Алтайға қол салам деп ажалыңа жақындадың, Намысыңның жер болғаны осы, жеңілгенің осы! Қазаққа кеудеңді бастырғаның, үрейіңнің ұшқаны. Жеңілдің, Шалмаа!  «Абылай, Абылай, Алаш, Алаш!» - деп ұран салады.

Қазақтар рухтанып кетеді. 

Қазақтар: «Рух бостандықта, рух бостандықта, рух бостандықта»- деп айқай салады. 

Байтайлақ:- уа, қазағым, елім, Алтайды қайта алақанға алар күн туар, Жетісуға қайта желекті келін түсірер кез келер. Намысты қазақ, арыл қазақ, ту көтер, атқа қон, Жоңғардың осы жығылғаны жығылған! Жеңілгені жеңілген! Бізде рух бар! Намыс бар! Атқа қон, қазақ! 

Қазақтар Байтайлақты ортаға алып барлығы жамырай шығып кетеді. Алты арқан шешіледі, осы кезде сахнадағы тордағы құста босап ұшып шығады, сахна қараңғыланады. 


2 акт 

1-сурет

Сахнада босқан ел төбеден ұшқан құс көрінеді.

Асыл әже: - Қыран тордан шыққан екен, сірә, Байтайлақ балам, босаған-ау.

Ақсақал: - Қыран деген рух құсы ғой, расында да батыры, қолбасы торға түсіп еді, бұл қазақтың рухы ғой, рух құсы босаған екен. 

Сарбаз жастар: - Рух құсы босады, рух бостандыққа шықты. Енді жеңеміз, жауды. 

Олар осылай айналып сахнада көңілді жүгіреді. Сахна қайта ашылады.

Сахнада Байтайлақ батыр кеңес құрып отырады. Ақсақалдармен ауыл адамдары. Ауған, босқан елдің адамдары. 

Байтас ақсақал: Ал батыр ортамызға аман босап келдің. Хан Абылай сені босат деп өзі елші жіберді, Жоңғарға. Бұл да болса,  сенің мәртебең. 

Жанай: - Батыр өзің келіп, бір қабырғамыз бүтінделіп қалды. 

Асыл әже: Ей қайран ата қонысым! 

Бұланды мен Өлеңті саған оралар күн бар ма екен?! 

Байтайлақ: Асыл апа ,сіз қайғырмаңызшы. Аман болсақ, жігіттердің басын қосып біздің қонысқа қонған қалмақты түре қуайық,  деген ойдамын. 

14

Отырғандар:- О,бәрекелді! Мынау жарады... 

-Осы ойың дұрыс. Біз ереміз. 

-Біз біргеміз. Жарайсың батыр. 

Байтас ақсақал:- Байтайлақ балам бастар ер болса еретін ел бар. 

Ат дүбірі естіледі.

Отырғандар: -Жолаушы келді ме, өзі?

Хабаршы жігіт: -Ата, аға біз шабарман келді. Жаушы болса керек..

Байтайлақ:-  Келсін, түс көргем. Абылай ханнан хабаршы келуі тиіс еді..

Осы кезде есіктен хабаршы кеп кіреді.

Хабаршы: - Ассалаумағалейкум, жақсы жайсаңдар! 

Отырғандар: Уағалейкумассалам, бауырым!

Шабарман: Мені ордадан Ұлы мәртебелі Абылай хан жіберді, батыр Байтайлаққа сәлем айт, жердің тоңы жібіп, дала төсі бусанып, кепкен соң бас ордада жиын болады. Қалың жауға қарсы шабамыз, батырларымен келсін, –деді  келелі кеңеске.

Отырғандар: -Бәрекелді! Мынау бір жақсы жаңалық екен. Бұйырса, жеріміз азат болатын күнде таяу екен ғой. 

Байтайлақ: Ханға сәлем айт, бауырым. Біз барамыз, ел үшін күресте аянар жеріміз жоқ. 

Шабарман: -Мен асығыспын, мына шеттегі басқа да батыр сардарларға барамыз, жол мойны алыс. Аттанайын.

Байтас ақсақал:- Ат тынықтырып алмайсыңдар ма?

Шабарман: - Ат ауыстырдық. Ақсақал еркін жүріп, қона жататын кең заман да келер.Алдымен мына жаудың беті қайтсын, дейік.

Байтас ақсақал:(бата беріп) Жортсаң жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын! Жау өшсін, ел өссін, Әумин!

2-сурет

Сахнада Абылайхан мен Абыз тұрады. Олар ұшып шыққан құста көреді.

Абылай: -Міне, қазақтың рухы бостандыққа шықты, бұйырса, Абыз енді біз жеңеді екенбіз.

Абыз:- Шалмаа ноян Байтайлақтан жығылып, ит қалмақтың сағы сынды. Бірақ олар шешуші шайқасқа дайындалуда.

Абылай:-  Оларда да намыс бар, осы жолы сылтаумен қазақ ауылдарына олар бір шабары хақ.

Абыз: - Енді жоңғардың рухын сындыру керек. Бұл шайқас ірі шайқас болады. 

15

Абылай:-  Жан-жаққа елші шаптырдым, барлық батырлармен қолбасылар келеді, алда шайқас тұр, бұл жолы шешуші ұрыс саламыз.

Абыз: - Қазір қазақтың да күткенің сол, семсер сайлаулы, қылыш қайраулы. Тұлпар байлаулы, тек межелі күн ғана керек.

Абылай:-  Азаматтың қайратымен айбаты, қазанаттың жүрісі сыналар сол күн жеңіс болғай. Ең бастысы рух оралды. 

Осы кезде жас сарбаздар рух оралды, рух оралды, рух оралды деп ұрандап тұрады.

3-сурет

Сахнада хан кеңесі болып жатқан көрініс көрінеді.Абылайханды қоршаған батырлармен Абыз, Байтайлақ батыр және тағы да батырлар ортада тұрады. 

Абылай хан: -Ал, батырларым, бөрілерім, ерлерім!  Қан майдан алдымызда тұр. Бұл жолғы шайқас сындарлы сәт. Не белің кетеді, не белбеуің кетеді. жауды бұрыла алмастай қуайық, кекке қолды жуайық.

Дауыстар: -Бәрекелді, хан ие, бәрекелді хан ие! 

-Шаба алмасақ бізге серт. 


Абыз: Хан бастаған қолды, батырлар қостаса жеңістіңауылы да жақын деген сөз. 

Батыр бола ма, 

Қалың қолды бастамай,

Қарсы келген дұшпанды

Қара желдей жасқамай.

Батырлар: -Бәрекелді, абызым! 

Абыйлайхан:(алдындағы сызылған нұсқаны асықпен жүргізіп көрсетеді) 

 - Айтсам былай Қабанбай батыр, жалпы қазақ қолын өзің басқарасың. Бөгенбай, Малайсары сол қанат сендердің қолдарың болсын. Олжабай батырлар мына жерде тасада тұрып, шешуші сәтте жауға тұтқиылдан соққы береді. 

Қабанбай: Құп хан ием. Қалың қазақтың кегі үшін аянарымыз жоқ. Қубас атпен Қабанбай аман болса, талай қалмақтың басы допша ұшады.

Бөгенбай: Мен Қанжығалы Бөгенбай қалың жауға бөрідей тием, бүйрегін бөлейін. Елім үшін жан құрбан. 

16

Малайсары: - Сарбазымыз сақадай сай, тек қылышты қыннан суыратын күнді кутудеміз.

Олжабай: Мен Олжабай , қазақ даласын жаудан босату үшін атыма ер салдым, артыма қол ерттім.Даярмын, хан ием!

Абылай хан: Бәрекелді бөрілерім! 

  Ал Олжабай батыр сендер қалмақтың қосынын сыртынан таға секілді қоршайсыңдар. Байтайлақ сен Баян батырмен оң қанатта тұрасыңдар. Сендер қолма-  қол ұрысқа кіресіңдер. Жолбарыстар-  Барақ, Жәнібек сендер осы қосындарда боласыңдар. 

Батырлар:-  Мақұл, хан ием, бармыз! Жан пида. Даярмыз Қылыш қайраулы, садақ сайлаулы. 

Ендеше таң қылаң бере, атқа қонамыз.Ұлы қол таң алдында аттансын! 

Батырлар:- Құп, хан ием!

Абыз: Әуелі бата берейін. Алдымыздан ақ таң атсын, қазақтың жері азат болсын, жауымыз бұрылып қашсын, Өлеңтіден өте алмасын, Жетісуға қайта жете алмасын. Жеңіс қолымызда болсын, жолымызда болсын. Әумин!!!

Барлығы «әумин» деп бет сипайды.

4-сурет

Абылай ханның жорықты төбе басынан бақылап тұрған көрінісі көрінеді. Жанында Абызбен тағы сарбаздар тұр. Ұрандаған дауыстар естіліп тұрады.

Абылай хан:(шабарманға) Мынау кімнің қолы жауды тықсырып барады. 

Абыз: - Бұл қубасқа мінген Қабанбай батырым екен ғой.

Абылай хан: -Әй, бөрім- ай!  Ал анау боз атты сол қанаттан ойсыратып бара жатқан Бөгенбай сайыпқыран. Ер болсаң, осылардай бол. 

Шабарман: - Дәл солай, хан ием. Олар жаудың ту сыртынан тықсырды. 

Абыз: - Қабанбайдай қолбасы қайда болса,  рухта, намыста, жеңіс те сонда.

Абылай хан: -Ал анау-  Байтайлақтың қосындары екен. Олар оң қанаттағы хонтайжының жасағын талқандап сыналап еніп барады. Әй, бөрілерім! Жарайсыңдар!  Ал ана бір жауды үйіріп соғып, қылышын кере сілтеп жүрген Бердәулет баласы Жәнібек деген жас пері. 

17

Абыз: -Қазақтың басын қосқан береке ғой, хан ием. 

Ата жаумен алысып, 

Желмен жүйрік жарысып, 

Ақ найзасы қолында,

Сарбаздары соңында 

Асыл туған ерлерім! 

Абылай хан:- Жарайсың, Абызым! Жеңіс бізде секілді. Анау төбеге шығайық, өзім де ұрысқа кірейін, кеттік. 

Олар кетеді.Ұран толастамайды. Бір төбеде Жоңғар хонтайжысы тұрады. 

Хонтайжы:Сол қанатта біз жеңіліп  барамыз, ал анау кім бізді қуып тықсырып бара жатқан кім? 

Шабарман: - Ол Байтайлақ бастаған қол екен. 

Хонтайжы:-  Ана жолы осы Байтайлақты өлтіріп тастау керек еді. 

Енді міне, өзімізді тықсырып барады. Әй аңғал басым! 

Барып айт, әскерлерге кімде кім шегінер болса, басы алынады. 

Шабарман: - Хонтайжы сіз мына жерден бой тасалаңызшы, қазақтардың атқан жебесі тиюі мүмкін, тым жақын тұрмыз, біздің әскер шегініп барады. 

Хонтайжы:(ызаланып) Көрсетем мен! Өзім шығам, ұрысқа ешкім шегінбесін! Өлтірем, қазақтың батырларын. Кеттік. Ол да ұрысқа кетеді.

5-сурет

Иен далада Баршын мен Шалмаа.

Шалмаа:-  Егер өлем демесең, сен менімен кетесің. 

Баршын: -Кетпеймін!

Шалмаа: - Сен ана тұтқын Байтайлақты күтіп тұрсың ба?

Баршын:- Ол батыр, сен одан жеңілгенсің.

Шалмаа:- Абайсызда жығылдым, ал бүгін біз жеңілген жоқпыз, тек шегіндік, егер осында қалам десең, мен сені атып кетемін. 

Баршын: - Ермеймін!

Шалмаа:(қылышын суырып) Мен сені өлтіріп кетемін. Немесе менің атыма мінгесіп кетесің, осы екеуінің бірі ғана.

Баршын: Мен сенің күңің емеспін. Ермеймін, саған. Жекпе -жекке шық. Не сені жеңемін, не өлемін ! 

Шалмаа: Ендеше мына қазақ даласында қалғың келген екен, мен сені тірі қалдырмаймын.

18

Екеуі қылыштаса бастайды. Біраз жүреді. Баршынның иығынан қан шығады, әлсірей бастайды.Осы кезде сыртынан Байтайлақ батыр шыға келеді.

Байтайлақ: - Аа, Жоңғар қолы жеңіліп қашыпты, батыры қызбен қылыштасып өз алдында жүр екен ғой.

Жанындағы нөкерлері қарқылдап күледі.

Шалмаа: Байтайлақ ер болсаң кел, бері. Сенің басыңды алып, қаныңды шашып кетейін. 

Баршын: - Байтайлақ сен жолама, бұған мен өзім жайғастырамын бұны, 

Байтайлақ: - Қорықпаймын, мен бұдан, осы жердің иесі кім екендігін білсін, кеткен кегім бар соны алайын, кел жекпе-жекке.

Байтайлақ жетіп келіп Шалмаа екеуі қылыштаса бастайды. Екеуі біраз қылыштасады. Қазақ жағы Абылай, Алаш деп ұрандап тұрады. Бір реті келгенде Байтайлақ батыр Шалмааны қолынан қағып жіберіп қылышын ұшырып түсіреді. Дереу ол қылышын оның желкесіне тақайды. Ол отыра кетеді.

Байтайлақ: Шалмаа ноян жеңілген деген осы. Басыңды аламын. Қаншама қазақтың кегі үшін! Сен қазақтың жерін басып алғың келді, қазақ жуас деп ойладың. Біліп ал, қазақ намысты халық! Асын берседе басын бермеген. Төрін берсе де өрін бермеген. Қанын төксе де арын төкпеген халық! Сен мұндай ержүрек халықты жеңу үшін, қайта тууың керек. 

Шалмаа:- Байтайлақ, кессең басым міне, бірақ аяғыңа жығылмаймын. Мен де батырмын. 

Байтайлақ: (қылышын түсіріп) Жеңілгеніңді мойындасаң осы, сен осымен менен екінші рер жеңілдің. Өзің ғана жеңілген жоқсың, рухың жеңілді. Әскерің жеңілді. Елің жеңілді. Енді қайда барасың ? Төрт бұрышың түгел қазақ. Саған бассауға бердім. Қыздың алдында басыңды кесіп рухыңды түсірмейін, қайда барасың бар, жолың ашық, кешірім! Тек енді қазаққа қылыш көтерсең аямаймын. Бұл сыйым қазақтың мәрттігі деп біл! Тірі қалдың. Бірақ сенен мнаны біл! Бұл даланың киесі көкбөрі, иесі қазақ! Алаш! Ол екеуінен басқа ешбір жаратылыс иесі мынау ұлы далаға қожалық ете алмайтындығын өмір бойы есіңнен шығарма. Бірақ өмір дейтін сенде енді не өмір қалды, отансыз, жерсіз, елсіз қалған бір бейбақсың. Зұлымдықтың арты қашанда осылай аяқталатындығын біл! Ал Баршын сұлу енді қазақ ордасының қадірлі ханымы болады. Байтйалақтфың жары болады. Қазақта сөз бар, «Иілген басты қылыш кеспес» деген. 


19

Жаныңа сауға бердім! Басың бос! Жаныңды Алла берген Алла өзі алсын, Алланың аманатына қылыш көтермейін. Жолың анау! 

Ол дереу бұрылады.

Баршын: Байтайлақ батыр, неткен мәрт жан едіңіз! Ата жауыңа кешірім берген, неткен кеңпейіл ел еді, бұл қазақ. Қазақ текті нағыз тәңір текті ұлт екен. Мені тастама, мына қабанның қасына, мені де алып кет, кезінде сен мені осы Шалмаадан құтқар деген сертің бар еді, сол сертке жеттің, енді мен де сенің етегіңнен ұстадым. Сен Шалмааны бір емес ,екі жеңдің, басым жолыңа құрбан, сендей нағыз батырдың артынан ерсем, арманым жоқ. 

Байтайлақ: - Кел, Баршын, кеттік! Қазақ ешкімге жау емес, тек дос болған ел. 

Сарбаздар: «Қазақ, Қазақ , Алаш»- деп ұрандайды, 

оларға Баршын еріп кетеді. Сахнада Шалмаа жалғыз қалады.

Шалмаа: Қайран дала!  Осы далада Жоңғар ұлысы жүз жыл билік құрды. Байтайлақтан екі жеңілдім. Менің басынан бағым тайған екен. Тек мен емес, Жоңғар ұлысы құрығалы тұр екен. Талай қазақтың қанын төктік, сол қанның өтеуін міне, үлкен бір мемлекетпен,елмен қайтарғалы тұр екенбіз. Бір әділетсіздіктің артынан бір әділдік орнайтындығын білдім. Бір істің басы болса, соңы да болатындығын білдім. 

 Менің жеңілісім Жоңғар хандығының жеңілісі болды, менің құлауым Жоңғардың құлауы екен. Енді менде Жоңғар хандығы да мына ұлы даладан кетеді. Менде де Жоңғарияда да қылыш жоқ. Қылышсыз батыр...қарусыз батырмын.... енді менде ештеме жоқ, менің Жоңғариям жоқ, жер бетінен жойылды. 

Ол ақырын басып кетеді.

5-сурет

Сахнада ауыл адамдары әйелдер, ақсақалдар тізіліп тұрады. Сахнадана рухты сарбаздар жүріп өтеді.

Сарбаздар: Біз жеңдік, Алаш! Алаш! Қазақ! Қазақ деп ұрандап өтеді. 

Байтас қария: Жаса сарбазым, бәрекелді батырым! Бұлантыда біздің жақ жеңді, жау қашты. 

Осылайша сарбаздар өтіп аяқталады. Сахнаға абыз шығады.

Абыз:

20

 Е, қазағым ,елім, Алашым! Сеніңде жаттың қолынан азат болатын күнің келді. Алайда, артта ұрпақ бар, олардың алдында да тарихтың талай асулары жатыр. 

Сахнаға Байтайлақ батыр мен Абылай хан тұрады. Ханның айналасында Абыз бар және нөкерлері бар. 

Абылай: Кеше шайқаста мына Байтайлақтың қолы шешуші ұрыста шеберлік танытып, қиядан шалды жауды. Байтайлақ сен бүгіннен бастап атың ұран болсын!

Сарбаздар: Байтайлақ, Байтайлақ деп ұран салады.

Байтайлақ: - Хан ием, атым ұран болсын деп қолыма қару алмадым, мен елімді қорғаймын деп атқа қондым. 

Абылай: Сенің ерлігіңнен келер ұрпақ үлгі алсын. Сен Жоңғардың хонтайжысын бір жеңсең, батырын екі рет жеңдік, Хонтайжының батыр қызы Баршын бикені қолыңа қондырдың. Ерлігіңе сыйлығым- бұл алмас қанжардай бол. Алда тағы да ұрыстар болады. Ендігі шайқас шығыста Аңырақайда өтуі тиіс. Сен менің қайралған қылышым бол! 

Ол Байтайлаққа қынымен қылыш ұсынады.

Осы жолы ерлік көрсеткен барлық батырларға осындай сый бар, сендер қазақтың қанжарымен семсерісіңдер.Сондықтан өткір болсын деп қылыш сыйладым. Қылышты жанымаса жүзі мұқалады. Батырды жауға салмаса жігері мұқалады. 

Байтайлақ: Хан ием, Байтайлақ әр кез сіздің қасыңыздан табылады. Қазақ елі үшін жанымыз пида. 

Абылай хан: Ал Байтайлақ саған бір айтарым бар... Мына Жоңғарлар шығысқа ығысып барады. Шығыс біздің шұрайлы жеріміз. Сол үшін шығыстан сонау Алтаймен Тарбағатайдан, көлбей аққан қара Ертістен айырылып қалмайық. Ауылдарың болашақта солай қарай қонамын десе, рұқсат. 

Абыз: Ханның мақсаты ел іргесін кеңіту, болса батырдың көздегені ел іргесін бекіту болар. 

Абылай хан: Алтаймен Тарбағатайға сонау Бақанаспен Аягөзге Арғын Найман, Керей қонса шұрайлы жеріміз өзіміздің ұрпаққа қалады. Соны мына көкдөнеді Ер 

Жәнібек бар, бас батыр өзің бар ақылдасып, елді иен қалған өлкеге қоныстандыруды ойласа жүріңдер. Түбі Тарбағатаймен Алтай біздің қазаққа құт болады. Ол жер бабалардың байырғы мекені.

Байтайлақ: Айтқаның орынды, хан ием. Біз сарбазымызды тынықтырып, аттарымызды жаратып бұйырса келесі шайқасқа әзірленейік.

Абылай: Ақ жол, батырым! Азаттық үшін әр қазақтың тұлпары белдеуде аты, белінде найзасы тұрсын.

Байтайлақ: Моламыз елдің шетінде, желдің өтінде қалса, сол жер біздің жер. Қазақ сарбазы қалғымасын, ояу болсын, өйткені ұйықтасаң кірпігің айқасса жеріңнен және азаттығыңнан айырыласың, сол үшін сарбаздарым, қырандарым қалғымаңдар! Ел жер үшін аянбаймыз. Сілтесеңіз семсер, шапса қылышпыз!Бар қазақ бір тудың астындамыз! Бар қазақ түгел бол! 

Бір сарбаз Байтайлаққа: Батыр шүйінші, ұл туды, сіздің енді атұстарыңыз бар деп шауп келеді. 

Байтайлақ батыр: Ал үйіншіңіді. Бердім. 

Ақсақал: Байтайлақ батыр, міне елмен жер азат болғанда ұлың туды. Атын Шұбаш қояиық, өйткені шу басылды, жау қайтты. 

Байтайлақ: міне сөз, дәл айттыңыз, Шұбаш болсын. Тыныш заман елімізге қайта оралсын!

Сарбаздар: Алаш, Алаш, Байтайлақ деп ұран шақырады. 

Соңы

Бұл шығарма 

«Ұзынмылтық Байтайлақ батыр» қорының 

тапсырысымен жазылды. 

Төрағасы Ерболат Рахымбай. 

Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағанды ​​облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының...

Жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 миллион теңге жұмсамақ, деп хабарлайды madenip...