XVI Анкара кітап жәрмеңкесіне қазақстандық авторлар да қатысады

ӘДЕБИЕТ
2203

Үстіміздегі жылдың 22-31 қазан аралығында Түркия Республикасының астанасы – Анкара қаласындағы «ATO Congresium» көрме орталығында «XVI Анкара кітап жәрмеңкесі» өтеді, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».

«XVI Анкара кітап жәрмеңкесі» – 2005 жылдан бері үзілмей өткізіліп келе жатқан беделді кітап фестивалі. Дәстүр бойынша ол Анкара сауда палатасының «Congresium» залында өтеді.

Шараға Түркияның 300-ден астам баспасы мен үкіметтік емес ұйымдары қатысады.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің хабарлауынша, жәрмеңкеге бір мемлекет «Қонақ ел» ретінде шақырылады және сол елдің баспалары да жәрмеңкеге қатысады. Осы уақытқа дейін жәрмеңкеге Франция, Иран, Ресей және Италия елдері қонақ мемлекеті ретінде қатысты. Биылғы көрмеге Қазақстан Республикасы «Қонақ ел» мәртебесінде қатысады.

«XVI Анкара кітап жәрмеңкесінде» түрік тіліне шығармалары аударылып, түрік тілінде кітаптары жарық көрген қазақстандық жазушылар қатысады. Қазақстанға белгілі қаламгерлер кітаптарының таныстырылымы өтіп, түрік оқырмандарымен кездесу барысында сұхбаттасу, қолтаңба беру рәсімдері жоспарлануда.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...