Ең қараңғы жарық: Кнут Гамсун

ӘДЕБИЕТ
4150

Бір күні таңертең белгісіз норвегиялық кішкентай бір қыз Гамсунның кітабын қолтығына қысып жазушының үйіне барады. Үн-түнсіз үйінің алдына жаңағы қолтығына қысып келген кітапты қалдырады да ары қарай жүріп кетеді. Бар оқиға осы ғана. Не есікті де тақылдатпайды, не жазушына да шақырмайды. Дәл сол сәтте Кнут Гамсун үйінде ыстық шәй ішіп отыр ма еді немесе терезеден норвегиялық жас қыздың әрекетін сырттай бақылап тұр ма еді, кім білсін?! Әйтеуір жазушы бұдан бейхабар еді. Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін тағы да бөгде бір кісі Гамсунның үйінің алдына автордың кітабын тастап кетеді. Содан кейін тағы бір кітап, тағы бір кітап, тағы бір кітап... Осло қаласының барлық тұрғындары жазушының есігінің алдына Гамсунның кітаптарын үйіп қалдырып кетеді. Ешкім автормен кездеспейді де, есігін де қақпайды, терезесіне тас та лақтырмайды. Үн-түнсіз кітабын қоқыс жәшігіне тастаған секілді есігінің алдына қалдырып кете береді, кете береді. Ақыр соңында есік алдында автордың кітабы тау болып үйіледі.

Кнут Гамсун Норвегия әдебиетімен қатар әлем әдебиетінің ең жұмбақ әрі ең маңызды жазушыларының бірі. Бұл жұмбақтығы мен маңыздылығы оның кітаптарынан гөрі саяси көзқарасынан туындаған секілді. Тіпті оны кей әдеби журналдарда «Ең қараңғы жарық» деп те атайды. Ия, біз сөз еткелі отырған автор, әдебиет әлеміндегі ең қараңғы жарық!

Жазушы бір ғасырға жуық өмірінде көптеген туындылар өмірге алып келді. Қазақ қоғамы оның «Аштығы» мен «Махаббат мұңын»  және т.б. шығармаларын сүйіп оқығанын білеміз. Туындыларымен қоса, қолына қалам ұстаған кез-келген жазушының бағына бұйыра бермейтін марапаттарды да иеленгені белгілі. Әр марапат пен туындыларының артында нешеме қуаныш пен нешеме азаптың бар екенін де жасырмаймыз. 

Фамилиясының өзін туған ауылынан алған Гамсун жас кезінен бастап көптеген қиындықтарға басынан өткерді. «Балалық шағы қайғылы жандар ғана нағыз жазушы бола алады» деген Хэмингуейдің сөзі дәл осы Кнут Гамсунға арналғандай кейде. Әрине, әлемдік қай жазушының балалық шағы жетісіп өтті дерсіз мүмкін. Бірақ Гамсунның әдеби өміріндегі келеңсіздіктер басқа жазушыларға қарағанда бөлек еді. Мысалы, небәрі 24 жасында өткізген әдебиет панеліне алты ғана тыңдаушы келеді. Екінші панельінде тыңдаушылар саны жетіге жетеді. 

Жә, қай жазушының аяғы көктен салбырап түсіпті дейсіз ғой. Оныңыз да рас. Тіпті сіз айтып отырған Гамсун Нобель сыйлығын алған неткен бақытты жазушы деуіңіз де мүмкін. Онымен де келісемін. Бірақ сол Нобель сыйлығының иегері Гамсун бір кездері пойыз билеттерін сатып күн көрген адам. Қаншама тұрмыс тауқыметін көрсе де, елінен қанша ұзап кетсе де, жазушы үнемі Ослоға қайтып оралатын. Тіпті соғыс біткеннен кейін де... Оның ең әйгілі «Аштық» шығармасындағы оқиғаларда дәл осы Осло көшелерінде өтеді. Шығарманы оқып отырып, кітапты ұстаған саусақтарыңыздан жүрегіңіздің соғысын сезесіз. Содан соң романдағы аты жоқ кейіпкерді тамақтандыру үшін өзіңіз ұрлық жасағыңыз келеді. Бейне бір ұрлық жасайтын саусақтарыңыздың жүрегі мейірімге толып тұрады. Ия, кітапты ұстаған он саусағын он жүрекке айналады бір сәтте. Бұл біз айтып отырған Гамсунның мықтылығы. Кітапты оқып отырып, италияндық режиссер Витторио де Сиканың «Велосипед ұрылары» фильмі санамыздың бір бұрышында көрініс табады. Тек қана велосипед, велосипед, велосипед...

"Велосипед ұрылары" фильмінен үзінді

1920 жылы жаңағы сіз айтқан Нобель сыйлығын алған Гамсунның атағы шарықтай түседі. Барлығына қолжетімді, қиындықтардың барлығы артта қалғандай болады. Алпысты алқымдаған шағымда еліме қызмет етем, сүйікті Норвегиямның жолында қалған ғұмырымды арнаймын деп ойлаған болуы керек. Алайда оның саяси көзқарастары бұл арман, мақсаттарының күлін көкке ұшырды. Я әлде ұшырмады тек оқиғалардың фреканстары өзгеріп кетті. Кнут Гамсун екінші дүниежүзілік соғыс кезінде норвегиялықтарға фашистерді қолдау керектігі жайлы үндеу тастады. Өз еліне Германияға қарсы шықпаудың дұрыс екенін айтты. Тіпті Гитлерге Нобель медалін сыйға тарту керек деп қос қолдап фашизмді қолдады. Міне, осы бір жағдаяттар Гамсунды өзінің сүйікті елінің алдында абыройдан жұрдай етті. Норвегия қоғамында еш беделі қалмады. Соңында дәл өзінің романындағы кейіпкер секілді қарттар үйіне орналасты. 1952 жылы ваннада өлі денесі табылды.

Әрине, жазушының саяси ұстанымы мен көзқарасын оның шығармаларынан бөлек қарастырған жөн. Бірақ біз қанша Гамсунның шығармаларын оның өмірінен бөлек қолға алып оқығанмызбен де, өз елі оны ешқашан толық кешіре алмайды-ау деп ойлаймын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін фашизмді қолдағаны үшін Гамсунға норвегиялықтар әлем тарихындағы ешқашан болмаған ең интелектуалды наразылықтарын білдірді. Бұл үшін ешкім Гамсунды сабамады, сыбамады. Бірақ одан зорын жасады Осло тұрғындары...

Гамсунның ұяты

Өркениеттің маңызды көрсеткіштерінің бірі - олардың белгілі бір нәрсеге жалқы яки жалпы болсын наразылық білдіруімен өлшенеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда Норвегия халқы өз наразылықтарын жоғары деңгейде көрсетті деп ойлаймын. Тек Гамсунға обал...

Норвегиялық және әлемдік әдебиеттің ұлы жазушыларының бірі, 1920 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Кнут Гамсун Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында, нацистерді қолдап, үгіт-насихат жүргізу арқылы Гитлер әскеріне өз елін жығып беруге тырысты. Бірақ бұл әрекеттер жазушының халқын сүймеуінен яки жек көруінен туындамаған еді. Гамсун да Норвегияның кез-келген перзенті секілді елінің болашағы жайлы ойланды. Дұрыс-бұрыстығы тарих өзі еншілеп берді. 

Ақыр аяғында Гитлердің әскері Норвегияға шабуыл жасалды. Азапты күндер басталды. Сосын соғыс бітті. Оккупация аяқталған кезде норвегиялықтар өздерінің ұлы жазушыларына қатты ренжиді. Қартайған шағында Норвегия билігі жазушыны соттайды. Бірақ бұл соттау сол елде күн кешіп жатқан әр азамат үшін аздық етеді. Олар Гамсунды өз деңгейінде жазалауды ұйғарады. Сонда олар не істеді дейсіз бе?

Бір күні таңертең белгісіз норвегиялық кішкентай бір қыз Гамсунның кітабын қолтығына қысып жазушының үйіне барады. Үн-түнсіз үйінің алдына жаңағы қолтығына қысып келген кітапты қалдырады да ары қарай жүріп кетеді. Бар оқиға осы ғана. Не есікті де тақылдатпайды, не жазушына да шақырмайды. Дәл сол сәтте Кнут Гамсун үйінде ыстық шәй ішіп отыр ма еді немесе терезеден норвегиялық жас қыздың әрекетін сырттай бақылап тұр ма еді, кім білсін?! Әйтеуір жазушы бұдан бейхабар еді. Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін тағы да бөгде бір кісі Гамсунның үйінің алдына автордың кітабын тастап кетеді. Содан кейін тағы бір кітап, тағы бір кітап, тағы бір кітап... Осло қаласының барлық тұрғындары жазушының есігінің алдына өз Гамсунның кітаптарын үйіп қалдырып кетеді. Ешкім автормен кездеспейді де, есігін де қақпайды, терезесіне тас та лақтырмайды. Үн-түнсіз кітабын қоқыс жәшігіне тастаған секілді есігінің алдына қалдырып кете береді, кете береді. Ақыр соңында есік алдында автордың кітабы тау болып үйіледі.

Дәл мұндай интелектуалды наразылық тоқсан жастағы авторға өте ауыр соққы болып тиеді. Тіпті өміріндегі ең үлкен сабақ болған шығар. Солайша әлемге әйгілі Кнут Гамсун өмірінің соңғы кезеңдерін өкінішпен, бақытсыздықпен өткізеді. Ақыр аяғында бұл азапқа шыдай алмай ваннада көз жұмады. Ал біз оны туберкулезден қайтыс болды дейміз...

Файзулла Төлтай

author

Кнут Гамсун

Жаңалықтар

Ырғыз ауданы маңындағы Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...