Ақын Жүрсін Ерман мүшел жаста басынан өткізген қиындығын айтты 

Жаңалықтар
601

Кеше айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман жағымды жаңалығымен бөлісті. Ақын арбаны тастап, таяққа сүйеніп жүре бастағанын айтқан болатын. Жүрсін Ерман «Таңшолпан» бағдарламасында мүшел жаста басынан өткен қиындықты баяндап берді, деп жазады madeniportal.kz.

«Қазақтың «Мүшел» дейтін ырымы бар ғой. Сол мүшел айналып келіп тұрады. Он үшімде не болғанын білмеймін. 25 жасымда аттың үстінде тұрған жерімнен қойшының иті қапты. 37 мүшелімде қолымды сындырып алдым. 49 жастағы мүшелімде анам өмірден өтті. 61 жастағы мүшелімде ауру айналдыра бастады. Бүрек, жүрек ауыра бастады. Енді осы мүшелден аман-есен өтіп кетсем, тағы да жүре тұрам деп отырмын. Туған күн келген сайын уайым басады. Өмір зулап, өтіп бара жатыр. Туған күн тойлайтын бала емеспін. Отбасының мерекесі ғой», - деді Жүрсін Ерман.

Жаңалықтар

Шымкент қаласында 53 жастағы ер адам өзінен 30 жас кіші әйелін ұрып-соғып, үш айлық сәбиін тұншықтыр...

Жаңалықтар

Жетісу облысында 55 жастағы ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Пат...