Қазақта жабайы деген сөз бар. Бірақ, неге екенін өзім де түсінбеймін, орыс тілінде айтылатын варвар...
Нұрболат Жексенбай. Сенің күлкің
4249
Толғану Мүмкін сырттай былайша тағылды мін: "Мұңды ақынсың, шықпай ма жалынды үнің? " Өлең менің бір сәттік көңіл-күйім, Қайраттымын, әйтпесе, арындымын. Пәлсапалық ойларды талдамадым, Асан қайғы зарын да зарламадым. Көңілдерді кейістен серпу үшін, Мен жазамын тек қана жан қалауын. Жаза алмадым Мағжанша көсіліп ен, Қақсам да ерте өлеңнің есігінен. Әуеніне мезгілдің шайқатылып, Ессіз уақыт кеткеннің кесірінен. Әйтпегенде, тақпассыз сенімге мін, Боямаға боялып берілмедім. Өлен үшін құрбан боп өлмесем де, Жастығымды жауқазын берудемін. Бере берем мендегі ғұмыр жетсе, Өзім емес алысқа үнім кетсе. Дариғада арманым болмас еді, Пайдам жарап өлеңім дүбірлетсе. Өнерімді құлқынға арнамадым, Сеп болуға сенімге қарманамын. Заман жайлы жасамай жарқылдақтық, Адам жайлы аз ғана толғанамын. Сенің күлкің Нотасындай мәндірек өмірдің тым, Құйындардан сақтайтын көңіл бұлтын. Өң келтірді бояусыз парағыма, Сән келтірді бағыма сенің күлкің... Сенің күлкің бір сәттік сол кездегі, Кетпес мына құлақтан, келмес кері. Сенің күндей нұр шашып жымиғаның, Жолымдағы кездескен жеңбес нені?! Сенің күлкің... тек сенің, сенің ғана, Көзімде нұр, кеудемде, қолымда да. Құлағымда еседі, қанымда ойнап, Жаным жайнап, тыншимын керім ғана. Табиғатпен қосылып төгілген үн, Сендік сыңғыр... Мен есе берілгенім... Шегінбедім қиялға сүңгуге еш, Күлкің еді әкеткен сенің сенің. Езуіңмен қалауды таба білдің, Және үміт шырағын жаға білдің. Сенің күлкің қимылсыз құтқарады, Ішіндегі әлемді жанарымның. Дүкенші қыз Бірде нанға дүкенге кірген едім, Ару көрдім. Тас қаттым. Үндемедім. Сатып алған нанымның ақшасымен, Есімді де ап қалды бірге менің. Айналды бақ басымда шыр көбелек, Ішімдегі алғандай сырды егелеп. Маған деген өзгеше тіл қатуы, Маған деген қарауы мүлде бөлек. Қалды басым айналып,шайқатылды-ай. Көздерімен бірдеме айтатындай. Сылтау тауып дүкенге демде барам, Әлдеқандай күш алып қайтатындай. Сол қарасты көрдім мен, асыл-сара, Анамнан, ұстазымнан, сосын содан. Елік сүйкім, бота көз, бере салған... Тартымды болар ма еді осынша адам?! Жанарыммен мен де оны жанай кетем, Үмітті үзіп бір күні қап-ай көкем. Байқастады біреуді, сөйтсем,"ботам", Солай өзі бәріне қарайды екен. Өткен менен... Ойламайын десем де шектеуменен, Өзің жайлы бір ауық еткем-ді елең. Еске алмай-ақ қояр ем мүлдем, бірақ, Кетпейді екен ажырап өткен менен. Бақ көлігін біз біраз айдап едік, Түсіп қалдық айыр жол жайға келіп. Көз бен естен кеткелі біраз болды, Жүр екенсің, бүгінде, Қайда? Неғып? Тұрмыс құрам деп едің хабарыңда, Ең соңғы рет, Бағыңды табарыңда. Содан бері қолға алмай суретіңді, Содан кейін келген жоқ қарағым да. ...Тарихымның сен жарқын беттерісің, Бала күннің ақырғы шектеуісің. Жиі еске алып отырсам өзің жайлы, Балғын дәурен, бәрі де өткен үшін. Сені, әйтпесе, ұмытқам әлдеқашан, Болар ма едім, бағыңа сәл баласаң. Ұстап көргем жоқ бірақ, қолыңды да, Ғашық едім, мен неткен аңғал-асау?! ...Сезім өшіп өзіңе кеткенменен, Ойға аламын, жымиям, көп тербенем. Еске алмай-ақ қояр ем, мүлдем, бірақ, Кетпейді екен ажырап өткен менен. Аңсау Мен сезімге бүгінде шөлдеп жүрмін, Жағасынан жағалай көлбеп жүрмін. Тамшысынан бір тамбай зар болдым-ай, Мас қылса да баурайтын шөлмек жырдың. Мен өзімді ақылсыз алдап жүрмін, Шын дінімнен баяғы аулақ жүрмін. Көше ауланы жеп-жеңіл басқанменен, Неше алуаны мойнымда салмақ зілдің. Мен ойымды алдым-ау зорықтырып, Көп бақытқа жетердей көп ұқтырып... Тілегімді ақылдық атқарам деп, Жүрегімді қойыппын торықтырып. Мен бір сәтке ұмыттым бала күнді, Айна өмірге кекілшең тарануды. Шығарыппын есімнен шын өмірім, Балалыққа жасырнып қаларыңды. Мен өлеңге өлердей шөлдеп жүрмін, Ішке симай дауыл күй кернеп жүрмін. таңдайыма бір тамбай зар болдым ғой, сыбағасы бұйырмай шөлмек жырдың.