Құсейін Билгиш. «Түркішілдік және Түркістан мәселесіне эпистемологиялық көзқарас»

ТАНЫМ
3796

Бүгін, 3 мамыр, Түркішілдік күні. Түркия, Әзербайжан және басқа да түркі елдерінде атап өтіледі мереке. Бұл мерекені негізінен пантүркизм идеологиясын - түркі халықтарының нығаюын насихаттайтын мәдени және саяси ағымды ұстанушылар атап өтеді. Түркілер деп Азия мен Шығыс Еуропада кеңінен таралған түркі тілінде сөйлейтін халық өкілдерін айтылады. Әзербайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан сияқты тәуелсіз елдер түркітілдес елдерге кіреді. Осыған орай "Мәдениет порталы" Құсейін Билгиштің Нұрғали Нұртай аудармасындағы "Түркішілдік және Түркістан мәселесіне эпистемологиялық көзқарас" атты мақалласын оқырман назарына ұсынады. Мархаббат!

Түркішілдіктің ең үлкен проблемасы түрікшілдердің өздері.” 

Galip ERDEM

“…Ақиқатқа ой жүгірткен кісі, қараңғылықта жылт еткен бір ұшқын шығудың не екенін «пайғамбарлардың сардары» таспен қалай төпеленген мысалынан білер. Білер және толық сеніммен бас иіп, надандар тобырының жаудырған тасы астында қалудың пайғамбарлыққа тән өнер екенін, сонымен қатар дұрыс жолда болудың бір дәлелінің көрінісін екенін білер.

Durmuş HOCAOĞLU

Білімдінің де күні туар, сол кезде көртышқандай қаптаған алдын көрместердің де көзі қарлығады

Atila İLHAN

Кіріспе: Тарих бетбұрысындағы Түркістан сөзінің энтропиялық мағына ауысуы

Дұрмұш Қожаоғлұ былай дейтін: “Тағылым (Дерек) дегеніміз - құдірет. Сондықтан жеке тұлға, тіпті қауымдар да, білмеген мағлұматының қарсысында ерте бастан жеңілушілер. Ал, Тарих болса,  жеңілушілердің мүрдесін басып-жаншып алға ілгерілейтінін білуіміз керек.” Тарихын танығанның тарихқа бағыт сілтейтін, тарихтан тағылым алмастан ұстаным қалыптаспайтын, идеология туындамайтын, құр бос сезінушілікке сүйеніп сөз ұсталмайтын бұл күндерде Түрік (Түркі тектес ұлттар) Ұлтшылдығы алдында шешілуі қажет көптеген мәселе бар.

Білім, ғылым, әдістеме мен философия салаларында құрылымдау кемшіліктері және проблемалары жетерлік Түрік Ұлтшылдығының  - барлық бағытын монополиялаған, авторитарлық, шынайы және ауыр сындарға жабық, психикасы жалқау, партияға бағынышты, қорғаншақ және басшыларына кінә артқыштығымен қарама қарсы индекстелген, әрі, басқалардың лақтырған сүйегін мүжіп, пікіріне жығылатын, жатып ішерліктен шығар кезі баяғыда келгені ақиқат.

Жоғарыда астын сызған кемшіліктер кесірінен Түрік Ұлтшылдығы (Түркішілдік) көкжиегін тарылтып, ертеңі бұлдыр және перспективасыз көзден таса қалуымен «мемлекет», «жүйе», «глобализация», «сыртқы саясат», «өнер», «музыка», «әйел», «ұлт», «мәдениет» және басқа салаларда рольі мен орналасу ауқымын кішірейтіп, қадірі кетіп, жеңіліске көнді. Міне, осындай беріле салу мен Түрікшілдік ұғымның беделі қалмауының бірі - СССР ыдырауының нәтижесінде ортаға шыққан Түркістан шындығымен бетпе-бет қалғанда белең алды.

СССР-дың ыдырауына алып келген себеп пен нәтижелер, Түркия тұрғысынан алып қарағанда әлбетте Түрікшілдікке де әсер етті. Әрі, бұл нәтижелер жаңа тұрғыдан ғылыми және философиялық талқылауларға, кездесулерге бастау болмады.

Себеп-салдарды талқыламаудың, конфронтация (бет-бет кездеспеудің) қиындықтары әлі де Түрік Ұлтшылдығын қиын жағдайда қалдырып келеді. Түрік Ұлтшылдығы ерте ме, кеш пе талқылау мен бетпе-бет кездесуді бастауы керек.  Бұл талқы мен кездесуді бастар алдында маңызды бір мәселе бар, ол турасында Дұрмұш Қожаоғло былай деген еді: «Біз, яғни әуелден жалпы түрік мемлекеттері, тар және жалқы  мағынасында десеңіз, біз, Түрік Ұлтшылдары шынайы ағаттықтар жібердік. Және біле тура сол ағаттықтарға әлі жол беріп келеміз. Осындай талас-талқы туғанының өзі бұл аксиоманың барлығын керек етеді; әйтпегенде, талқы жиынның еш бір мағынасы да қалмайды. Бұдан шығар жолда, жоғарғы аксиоманы басқа бір фразамен айтар болсам, «Архимед заңын» жоққа шығаратындармен бұл жөнінде ортақ бір келісімге бара алмайтыныңыз сияқты. Ондайлармен көлемді пікір талқы басқа арнаға бұрылып, алдымен осы аксиоманың өзін талқылап кетеді. Алайда, қателердің түзетілуі алдымен ортада бір ағаттықтың, келіспеушіліктің бар екенін мойындауды қажет етеді.»

Осылай болғандықтан, Фернан Бродель (Fernard Braudel) айтпақшы «Көрініп тұрған былықтар тарихтың терең тамырларының қалқаласындағы буырқанған толқындардың жақсы - жаманын айыра біліп, буырқаныстың тереңіне үңіле білуді қажет етеді.» 

Егер, бұл жасалмаса тарихи, географиялық, саяси факторлардан бөлшектенген Түрік Әлемі «тарих ғимаратының құрылысын емес, декорациясының бір бөлігін жаратудан ары бара алмайды. Байлидың айтқанындай, «Тарихи бір мәселені шешудің орнына, өткенге поэтикалық жауап беруден» ары аспаймыз және болашақты да солай елестетіп, шынайы бірлік туралы сөз де қозғай алмаймыз.

Сананың соқырлануы мен мазмұнсыздықтың тамырынан күш алған бұл қауым «заманына қарай бөркін ауыстырып», «теория ме тұйықтыққа» жол табушы сияқты бейне көрсетіп, жауапсыздық болмысын таратып жүр. Осылайша, соқырлықты, кереңдікті және тиянақсыздықты саяси-әлеуметтік құрылымға таратып, негативті әсердің қалыптасуына және ұлттық, саяси, әлеуметтік тұтастықтың бұзылуына қарсы барша кедергіні жолынан аршып жатыр. Мазмұны мағынасыз, бағыты бұлыңғыр интеллектуалдық және философиялық жорамалдары позитивтік идеологиялық риторикадан арыға бара алмаған шатасу мен ойланбай кесілген үкім қабысқан Түрік Ұлтшылдығы менталитетімен, не Түркияға, не болмаса Түркістанға арналған перспективалы, көреген, жарқын кемелді келешек көрінісін бере алмайды. Сондықтан да, «поэтикалық жауап берген», «әуре сарсаңға түскен», «болжағыш», «бүгінге байланып қалған», «Архимед заңын» жоққа шығарғандардың өзара талқылары, пікір бәсекелері назарға алынбай, оларды өз аксиомалары ішінде оңаша қалдырып кету керек. Себебі, топтастыру мен таратудан ары бара алмай қазіргі жағдайдың қорғалуы үшін Түрік Ұлтшылдығын, Пантуркизмді идеологиялық  тұрғыдан кішірейтіп, бір тарапты қолға алған геосаяси кеңістіктегі өз орындарын қорғау шараларынан басқа бір іс жасай алмай жатыр. Жасанды қайшылықтар туғызу арқылы бөлшектеуші отарлау стратегияларын Түркия және Түркістан шындығы сияқты қабыл еткендер әлем саясатын, бұның геотарихи кеңістік пен тағдырға әсерін және қалдырған ізін циклдік тұрғыда таразылап, бір бағытты тұрғыдан қабыл етіп жатыр.

Тұрысатын жерін, болмысын, саяси аренадағы орталық-төңірек қалыптасуын, қарсы Ресейге қарап реттеген Түрік Ұлтшылдығы, СССР-дың ыдырауымен, Қожаоғлұның айтқанындай, Түркістанды «техникалық, ғылыми және философиялық туындылардан білмегеніміз үшін, енді түс көру аяқталды,  нағыз аяздай ұлы даланың қатты ызғары жүзімізге енді тиді». Тарихи және бітіспес дұшпан «қызыл Мәскеу» енді жоқ. СССР ыдырады, бірақ Түркия барлық салаларында «советтеніп» жатқан еді. Түркі тектес мемлекеттердің тәуелсіздігі тек қана бір «нәтиже» емес, себептер тізбегінің бастауы да еді. Міне, осының бәрі Түрік Ұлтшылдығының өзін танудағы дағдарысы, интелектуалдық тұйықтық және бойкүйездік ішіндегі қалпында «тұрақсыздық синдромы» психозында ағаттықтың табылғанын мойындамай, талқылауды «басқаларға» сырып тастап, ақиқатпен «жүздесуін» өздерінше жалғастырып келеді.

Сызылып қойған шеңбер ішіндегі қалыптастырған статус-кво мен түсініктері, идеяларды тауысқан трайбалист менталитет зардап шеккен сананың туындысы, шизофрения және дүмше пікірлерді ой толғамы ретінде атап, статус-квоның сызылып қойған шеңбер ішіндегі дәрежесін бекітті. Уланған сананың трайбалист және статус-квошы өмірінен құралған «Түркия» және «Түркістан» өз болмысынан аулақтап, ойда жоқтағылар және ойда болғысы да келмейтіндер сапында постмодерн түсінік пен термин кеңістігін қалағанынша тарылтып, кеңіте алатын тұрпайы риторикалардың қайшылығында өмір сүріп жатыр.

Ұлттық стратегия жобаларын «геосаяси» терминімен ұлықтаған «білімді надандар» Түркия мен Түркістанды стратегиялық мәліметтер деңгейіне түсіріп, «геосаяси орынын» геотарихи кеңістігі мен тағдырын  елеусіз еткені және оқшаулаушы дерексіз бір әсер қалыптастырғаны ұмытылмауы керек. Егер геотарихи кеңістік пен тағдырды тек «стратегиялық мәлімет» ретінде қолға алып, «гео»ның оқшаулаушы тенденциясы шеңберінде ғана қалдырсақ, «геосаяси/геостратегиялық қайғы» арта түспек. Геотарихи орны мен тағдырына «қауіп анықтау», «тіршілік материясы», «ұлы күш» шиеленістерін қорғаушы сыңаймен жоққа шығарылмастан геосаяси-геостратегиялық анализ жасалуы, Түркия мен Түркістанның тарихи және географиялық тереңінде жүздесу мен түсіністікті оңайлатады.

Түсініктер маңызын жоғалтып, эпос пен ұран түрінде Түркия мен Түркістанның құндылықтары тарихтың бетбұрысы кезінде, энтропиялық түсінік - «тарихқа көмілу» мен «тарихтан қашу» арасындағы «тіршілік синдромының» қиын жағдайларында бөлшектенеді. Түркия «түсініксіз әлдекімдердің» белгілеген күн тәртібінің әсерінде қалып, терминологиялық белгісіздіктің «мемлекетке шын берілу» мен «ұлтқа адал берілудің» парқын кристалдай алмаудың бас ауруы ішінде нақты таңдау жасай алмай келеді.  «Түркістан» ұғымы болса - отаршылардың «Түрки», «Орта Азия» сияқты қойып кеткен түсінігі терезесінің «парадигмалар ішіндегі бөтенсу» жағдайында мемлекет, ұлт пен тіл шегімен сәйкес болуы қағидасының «тар жол, тайғақ кешуіндегі» қақтығыстармен «Түркістан шындығы» бүліне бастады. Орта Азия түсінігінен СССР кезінде-ақ, Түрік мемлекеттері бас тартып, «Орталық Азия» түсінігін қолдана бастаған екен.  Саясаттанушы Ерол Жиһангердің сөзімен айтсақ, «... «Тұран» түсінігінің бұлжымас «түрік», «түркілік», «түрік бірлігі» сияқты түсініктерге бағытталған «эпост» тапшылығы ортаға шықты.  Дөрекі айтар болсақ, мәселеге бұл тұрғыдан көз салған әлдекімдер үшін, қай жерде Түркіліктен немесе Түрік тарихынан сөз болса, оның бөліске салынуы, символдастырылуы,  біздің түсіндірмемізге салсақ, идея алқынысында еркін талпыныс қажет етпеген ұранға айналдыру қалауының болғандығы.

Сондықтан да, мемлекет және ұлт идеялары арасында кептеліп қалған Түрік Ұлтшылдығы өзін өзі тану мен тұлғалық шиеленістердің шешуін табу үшін микро ұлтшыл фанатизмнің таяздығына және жалғандығына сүйеніп, терең ақиқатпен жүздесуден аулақ қашады. Және тарихын, географиясын, тілін, дінін, мәдениетін «дәмін алып қойған тамақ мәзіріндей» көріп, догматик, фольклорлық ырымдардың және шизофрениялық дәстүршілдіктің тар шеңберіне әкеп тықты.

Берлин қамалының қирандылары, СССР-дың травмасы үстіне салынған жаңа халықаралық тәртіпте Түрік Ұлтшылдығы Түркістан ұғымын «түсінік» емес «шынайы болмыс» ретінде ойланып, «олар түрік демейді» сияқты ақылға сиымсыз парадигманы тастамайынша, бүгіннің энтропиялық тәртібінің мағына ауысуында Түрік Әлемін «мағыналандыруға» мәжбүр қалады. Түрік Ұлтшылдығы «тұрақты мәліметтердің» «тұрақтылығынан» тон пішкенінде Еуропаға тән «өзгерген мәліметтердің» «өзгерісі» түрік геополитикасындағы өктемдігін жүргізеді. Себебі, Түрік Ұлтшылдығы «тұрақты мәліметтерден» бастау алған статус-квошы түсінікте Түркия мен Түркістанның өз динамикаларының және «өзгерген мәліметтерінің» маневр кеңістігі мен даму алаңын да шектеуге ұшыратуда. Ешқашан да ұмытпауымыз керегі: «Тұрақты мәліметтер» және «өзгерген мәліметтер» бір бірімен байланысты және ұйымшыл болса болашаққа бағытталған, көреген, белсенді дамуларға қолжеткізуіміз мүмкін. Керісінше жағдай туар болса, энтропиялық мағына ауысуының «тұрақты мәліметтерінде» Түркия және Түркістан өз тарихының бетбұрысына қарай өз орнын белгілеуге тиіс.

Түрік Ұлтшылдығының «сыртқы түріктері» немесе «ресми байланысы» 

Түрік халықтарының отарлықтан азаттық күресіне үздіксіз демеу болған Түрікшілдік қозғалысы Түркияда Түркістан түсінігінің маңызға ие болуына және халықтың оны түсінуіне қызмет етті, әрі, басқалардың тар көзқарастарымен «бөтенсіткен» Түркістанды идеологиялық суық соғыс тартысына тастап кетпеді. Алайда, 1991 жылдан бастап, Түркістан ескі түсініктер мен терминдер арқылы «күн тәртібіне» шыға бастады. Бұл ұғым - Түрік Ұлтшылдығының маңызы жоғала бастағанда интелектуалдық ұстаным нүктесінде  «ресми қатысының» «сыртқы түріктері»  атауына айнала бастады. Бұл суық сыңай өз ішінде паналатқан ирониялық жағдайды да көз алдына жайып салды. Осы ирониялық жағдайға күш берген факторлар Түрік Ұлтшылдығының ұрандарындағы Түркістанның өз ішінде қайшылықтар паналатқан және не ғылыми, не әлеуметтік, не болмаса Түркістан шындығына сүйенген бір тұтастықты жеткізуді қажет етеді.

Жалпы көзқарасты былай қойғанда, жалқы көзқарастың үстем болғаны және «этникалық, мәдени, дін мен тіл өлшемдері» бірлікке шақырған ұрандардан құралған бір орталықты көзқарас тұрғысымен Түркістанға идесына қарсы бір жатырқау басталған еді. Мемлекеттің «қапыда қалдық» уәжі «этникалық, мәдени, діни мен тіл өлшеміндегі» стратегия және саясатпен жылы жабуға негізсіз болуы, әрі басқа бағыттарда көмексіз қалтырып, Түркістанға бет бұруы - Түркияның АҚШ-тың Түркістандағы өкілі сияқты қадамдар жасауы  Түркістан саясатын тұралау шегіне жеткізген әрі бөтенсіткен әрекет өрнегімен Түрік Ұлтшылдығының Түркістан Стратегиясындағы өзгерісінің де дәл сол дәуірге дөп келмесі ойландыратын жағдай.

Ғасырлар бойы Түрік әлемі идеясының туын көтерген Түрік Ұлтшылдығы кенеттен өз арасында тоқыраулар жасады. Бұның нәтижесінде Түрік әлемі Түрік Ұлтшылдығының ұрандарында «өзгелене» бастаған еді. Төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге қарай жайылған «өзгелену» Түркістан идеясын дерлік «иесіз» қалтырды. Түркістан идеясы симпозиумдар, конференциялар, конгрестерде талқыланған, сайлау кездерінде классикалық ұрандарға ғана қолданылған сайлау декларациялары деңгейінде, иә болмаса, Түркістандағы маңызды кейбір дамушылықтарда ғана аты ауызға алынған «идея» боп қалды. Асылында, 1991 жылдан соң тіптен көп қорғаны болудың орнына, Түрік Ұлтшылдығы Түркістанға болмашы көзқарас таныта бастады және Түрік әлемімен байланыстар өлшемі әлсірей түсіп, не стратегиялық, не де идеологиялық жетістіктерге қол жеткізе алмады.

Бұрынғы уақыттарда Түркістан идеясында «позитивті тарап» болған Түрікшілдік енді «негативті, тарапсыз» жағдайда үнсіз және «ресми өлшеммен шекті» идеялармен «күн тәртібін» қалыптастыратын ғана болды. Түркістан мәселесіндегі «ресми қатынас» өлшемінен аспаған Түрік Ұлтшылдығы бұндай жағдайды Түркиядағы Ұлтшылдар қозғалысы         Партиясының қолында коалициялық билік болған кезде де көзге түскен еді. Коалициялық билікті бөліскен MHP-ның кезінде Түрік Әлемі құрылтайын жасаудан бас тартқан шешімі иронияның және тоқыраулардың өлшеміне бір мысал бола алады. Түрік әлемі құрылтайы Түрік Ұлтшылдарының Түркістан идеясына бет бұруында және идеология жасауында жақсы тұғыр болуы керек еді, әрі, бұл іргетас кейбір «ішкі қайшылықтар» мен «жекелік эголардың» ықпалында қалмауы керек еді. Бүгін болса, Әділет және Даму партиясының билігі(Түркияның қазіргі билік партиясы) тарабынан Түрік Құрылтайы ыңғайы келгенде қару ретінде қолданылғаны, әрі, Түрікшілдік қозғалысын саяси ұпай ретінде пайдаланғаны үшін сыналып жатыр. Түрік Ұлтшылдығы басынан өткерген ирониямен өз ішінде Түрік әлеміне қарсы бір «оппозиция тұғырын» дайындады. Бұл табан тірек Түрік Әлемі идеясына пайдадан гөрі зиянын көп тигізді және әлі де тигізіп келеді. Осы «оппозициялық тұғырдың» инфрақұрылымы көкірек көзі соқыр Тұраншылардан немесе жамағат тариқат рухты Тұраншылардан құралған. Колонизатор бір рухпен Түркістанға ашылған бұл «оппозициялық тұғыр» Түркістан түйсігінің(түсінігінің) маңызын азайтты және Түркістан идеясы өз ішінде «геттолар» мен «колониялар» болып бөлінді. Бұл бөліну Түрік Ұлтшылдары ішінде Түркістан идеясының «бөтенсуіне» тәсір етті әрі Түркияның Түркістан саясаты «Троян аты» көрінісіне айналды. 

Түрік Ұлтшылдығының ой кеңістігінде, Түрік әлемі өзінің тарихи және әлеуметтік байланыстары ішінде түсініксіз болған әрі түсіндірілмеген. Түрік әлемі уақыт пен мекен өлшемінде анахроникалық, ірі көлемді түсініктер тізбегінің шеңберінде түсіністік әрі түсіндірме тәсілінде қалыптасқан. Осындай бір тарихи, әлеуметтік байланысынан алшақ ойлау саналық күрделілікке себеп болып жатыр. Және түрік әлемі тарих, жағрапия, мәдениет әрі басқа кеңістіктерде қадам-қадам құрылысы жасалған динамика болудан шығып, бір жерлерде танылуын күткен дерексіз бір шындық сияқты қабылданып сарапқа салынды.

Түркілік, Тұран, Түркістан, тіл бірлігі, т.б түсініктері және түйсік өзегі негізінің сырт көрінісі ғана алынып, қабылдану арқылы тұралаған, бұлыңғыр мағыналар ішіне қамалды. Бұл да, күнделікті және тарихи болмыстың жағрафиялық және әлеуметтік құндылықтармен біте қайнасуына кедергі болып жатыр. Яғни, бұл түсініктер мезгілден, мекенден абстрактылы ауыспайтын «негіз» сияқты қабылданып, «киелі» бір «түптамыр» сияқты жаңылыс ұғымға душар болды. Түрік Әлемін сипаттағанда, «түркілік» түсінігінен мағына шығарсақ,  Бенедикт Андерсонның(Benedict Anderson) сөздерімен: «ұлттың тар және қысқа терісін императорлықтың үлкен денесін қамтитындай түрде керудің» нәтижесі себебінен «түркілік» түсінігінің мазмұнын емес пішініне маңыз беріліп мағынасы бұлыңғырланды.»

Бұдан соңғы бір жаңа тақырыбымызда кеңірек тоқталатын болғандықтан, бұл жерде қысқаша тоқталатынымыз «нәсіл» мәселесі. СССР кезінде жоғарғы нәсіл ретінде айтылған «Совет азаматы» мен «Түрік», «қазақ», «татар», «Алтай» нәсілдері арасында қабыса келе маңызын жоғалтқан Түрікшілдік, Түркістанда саяси және географиялық мазмұнның бүлінуіне әкеп соқты. Дәл осы жағдай Түркияда да Батыс, СССР, Азия нәсілдерінің «түрік» болмысына жасаған әсерінен кейін мағынасы тараюына себеп болды. СССР-дың ыдырауымен Түрік әлемін себеп салдар байланысы бойынша шығар жол табуды былай қойып, нәтиже ретінде шешілместен жалғасқан нәсілдік дағдарысын Түрік Әлеміне ықпал етіп, әрі Түркия, әрі Түрік әлеміндегі мынадай жағдайға әкеп соқты: Ұлтшыл материалист статус-кво.

Айрықша, Түрік ұлтшылдығының «түрік нәсілі» үстінен Түркістанға көзқарасындағы Түркияның кемістігі «Түркілік түсінігін» Османлы мұрасынан және дәстүрлерінен бөліп қарай алмауында. Яғни, «Османлы ұғымы» ұлттық ұғым емес, керісінше ұлттық түсінік талаптарын бастыруға бағытталған саяси ұғым ретінде қолданылып жүр. Міне, осы Түрік Ұлтшылдығы Османлы мирасынан және дәстүрінен бастау алып, «Түрік нәсілін» Түркістанға қарсы осылай қолданып, Тұрандық мемлекет формат құрып жатыр. Бұндай жоспардың басқа бір бағыты болса, Түрік ұлтшылдығының Түркияның ішіндегі әлеуметтік-психикалық, мәдени, этникалық және басқа да дағдарыстарды еңсеруінде, мемлекетпен арадағы потенциалды шиеленістердің психологиялық ықпалы Түркістан жағрапиясына манифест етіп жатыр.

Түрік әлемінің «түркіленмесі» социологиялық, тарихи, мәдени өзгеріс пен қалпына келу процесі ретінде қолға алынуы тиіс болса да, «идеологиялық» мәселе ретінде ғана қолға алынды. Осылай «түркілену» дәстүршіл, статус-квошы, эклектикалық пішімде Түркия-Түрік әлемі арасындағы түсінбеушіліктерді ортаға шығарды. Дәстүрші қоғамда мезгіл мен мекен бір тұтас құрылым ретінде қарастырылғандықтан орталық-төңірек арасындағы құшақтан құшаққа берілген барлық пікірлер қолдауға ие болып, Түрік әлемі «түрік» ретінде қабылдануда, бірақ түрік түсінігі орнына «әзер», «қазақ», «қырғыз» және басқа да нәсілдермен салыстырылғанда аналитикалық және диалектикалық шешімдер арасында орын таба алмай қалған рухани өгейсу және Түркістанды «түркілендірмеу» дағдарысы болып жатыр. СССР-дың ыдырауымен көп орталықты ақиқат және құндылықтармен бетпе-бет келген бір орталықты ойлауға бейім Түрік Ұлтшылдығы Ресейді, Түркістанды мойындай алмауының(мойындамауының) дағдарысын және «бір орталық, көп орталық» кемшілігін ғылыми әдістермен шешудің орынына, эмоциямен, прагматик өлшемдегі пайда-зиян қатынастарының интелектуалдық инфрақұрылымы ішінде шешуге жұмыс істеп жатыр. Бұның сылтауы ретінде «олар түркілікті қабыл етпейді», «қырым мәселесі күн тәртібінен түспей тұрып конференция жасау керек», т.б сөздермен бірге кейбір жергілікті түсініктерді ғылымиландырып, Түрік Әлемін зерттегендердің айтқандарымен симметриялы «эмоциялар» асимметриялы ғылым ішінде интелектуалдық әлемін қалыптастырды.

Жаңашыл, зайырлы философия, догма мен доктринашыл абсолютизммен лезде үкім қабылдағыш, албырт тәсілдерді «Орта Азия», «Түркі» сияқты империалист түсініктермен ұғындыруға ұмтылу шығыстанушылық болжалды танымдардың ассимиляцияшыл түпнұсқа нәсілдің мұрасына байланыстыруының қосымша кепілі ретінде ойластырылған.  

Сана ыдырауының орталық-төңірек арасындағы синкреттік қарым-қатынасы, жалданатын капитализм және «Советтенудің» қайшылығы «...изм» ретінде Түркия және Түрік әлеміне әсер етті, әрі, жерлік эпистемологиялық аяның және орталық құндылықтардың өкілі ретінде «Советтеніп кеткен» ұлтшыл материалист статус-кво» микро стратегиялардың пікірлері мен шешімдерінен мәселеге көз жүгірте бастады. Бұл көзқарас пен ой тарихтағы бірлікті қайта қалыптастырып, жаңғырған ойлар мен түйсіктер Түркияның, Түркістанның және Түрік Ұлтшылдығының дағдарысын ашықтан – ашық бір түрде көрсетіп жатыр.

 

Архаизмге айналған Түркістанды глобалды инфекцияға тұтқын еткен Түрік Ұлтшылдығы

Көп өлшемді Түркістан идеясынан бір өлшемді Түркістан идеясына қарай бір процеске кірген Түрік Ұлтшылдығы - тарихи, Мәдени, діни және тіл бірлігі өлшемін аса алмаған бір Түрік Әлеміне өзін тұтқын етті. Сондықтан да, Түрік Ұлтшылдығының Түрік Әлемі ашылымы «сыртқы түріктер өлшемінде» қалып, толықтай Суық Соғыс идеологиясының көнерген ұғымдарының постмодерн және глобал пішіміне кірді. Бұл пішім мен қабыл ету «оппозициялық тұғырдың» қозғалыс және маневр қаблетін кеңейтуіне себеп болды, әрі, олардың айтар сөзі Түрік Ұлтшылдығы, Түрік Ұлтшылдары ішінде орын таба бастады. Бұның ең жақсы мысалы: «Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы Ауданы» атауы. Түрікші қозғалыстың сыни және ғылыми көзқарастан бұрын, көнерген эпостық атауларда ақ пен қара аймақтарда жасаған соққылары Түркістан идеясын басқалардың ықпалында қалтырды. Оларда баяғыдан бері «бөтенсіткен» Түркістанды өз мүдделері үшін ұсыныс-сұраныс өлшемінде төменсітіп, ішкі және сыртқы саясаттың құралы ретінде пайдаланды. Өкінішке орай, Түркістан идеясы «жырақтан оқылған жерлеу намаздар» мен күнделікті күйбеңмен шұғылданған күн тәртібіндегі Түрік Республикасы мәселесіне қарай идея жасау былай тұрсын, рухтарды қайта оралту құралына айналды. Түркістан идеясы біз тұрғысында(Түркия тұрғысынан. -ред) соңғы жаңалықтармен бірге тіпті де түсінілуі қиын бір өлшемде өзгеріп, тек қана мұнай құбырларының соңына жалғанған құралға айналды. «Мәдени, тіл, діни, тарихи ортақ мемлекеттер» тек қана мұнай саясатының шеңберінде қалды.

Осылардың нәтижесінде Түркістан тек қана ақ және қара өлшемімен көрініп жатқанда, сұр аймақтар көбейіп, талқыға түсуі мен шешімінің табылуы керек болса да, сұр аймақтар Түрік Ұлтшылдығының Түркістан идеясын елеске айналдырып, Түрік Ұлтшылдығының «оппозициялық тұғырын» көне оппозициялық көзқарастарға тұтқын етті. «Оппозициялық іргетастың» ұрандарына айналған және 1991 жылдың Түрік халықтары санасын шырмаған бұл эпостық ойлау Түрік Ұлтшылдығында әлі бар. Әрі, бұл ойлау тәрізі практикаға да әсер етіп жоспарсыз, ғылыми болмаған, тамыры терең емес және сұр аймақтардың талқысынан бойын ала қашқан Түркістан бейнесін ортаға шығарады. Түркістан – біреулердің жеке эголары үшін «азаттық жағрапиясы» болудан құтқарылып, «оппозициялық тұғыр» көкірек көзі соқыр немесе жамаған тариқат рухты сырттай жырақтан жерлеу намазы санасымен қарағандардың сөздерімен бағаланбауы керек. 1991 жылғы Түркістанмен қазіргі күндегі Түркістан арасында айырмашылықтар бар. Түркістан ұғымы бірталай бағытта серпілістер жасады. Енді Түркістанның тағдыры әлі 1991 жылының иі қанған қымыздай эпосшыл, аз болса да менікі болсын дейтін сасық пиғыл данысшпансымақ Түрікшілеріне қалмауға тиіс.

Геотарихи кеңістікке және тағдырға Түрік Ұлтшылдығының қосатын үлесі әдетте мына салаларда болуы керек:

Түркия мен Түркістанның өз динамикаларын қамтитын бір пішімде түсіндіретін және оны іске асыратын түсінік жүйесінің құрылуы;

Өзіне тән бір жағрапиясы, әлеуметтік-экономикалық құрылымы, мәдени Түркістан мен Түркияның геотарихи және геомәдени кеңістікте бөлінушілігін жоюға көмек беретін құралдар мен мақсаттары іске асыруға қолайлы,  бір «мен» билігінің қалыптасуында мекен танымы, тарих түсіністігі және сол сияқты болмысқа және түсініктерге өлшемдер беруге, әрі бұл саяда отарлаушылықтың шолушыларына қарсы тұрудың тарихи қалпына келуіне жол сілтеген, тағы біраз салада төңкерісші өлшемнің жетілдірілуі.  Бұл бағытта жұмыс істеп жатқан бірталай мекеме мен кеңселер бар.

Түрік Ұлтшылдығы(Түрік Ұлтшылдары) геосаяси, геотарихи кеңістік пен тағдыр жайында «ойланудан» былай, «ой қорытуды», «талпынудың» орнына, «талқылаудың» қажеттілігі әдетке айналуы керек. Геосаяси кеңістікке және жазмышқа әрдайым «ұлтшыл» көзілдірігімен қараудың орнына Түркия мен Түркістаннан да «Ұлтшылдыққа» қарауы керек. Айрықша, ұлтшылдықты идеологиялық тар өрістен құтқаруы, «ұлт» пен «мемлекетті» бір-біріне айдап салмауы керек.

Тағы бір айта кететініміз, Пантүркизм(Тұраншылдық) түсінігінің(қалыптасқан пікірдің) тарихи құндылығын лайық болған ғылыми және философиялық негізге сыйдыратын жұмыстарға маңыз берілуі керек. Пантүркизм(Тұраншылдық) түсінігі жылдар бойынша модасы біткен, иммиграциядағы түріктердің түсінігі ретінде көрсетілген. Пантүркизм(Тұраншылдық) Ресей тарабынан, әрі, Еуропалықтар тарабынан отарлаушылықтың шолушыларында өз мақсаттарын жүзеге асыруындағы бір құрал ретінде қолданылған. Жалғасты «кегі» ретінде көрсетілген бұл түсінік Түркия мен Түркістанның қатынастарында кейде «алдыға бөгет қою», кейде  «кейінге бөгет ұру», кейде болса екі әдісті бірден қолданып, «ақпарат ластығы» жиынтығына айналуда және қатынастар өлшемі ылғи да біржақтылыққа қалып жатыр. Пантүркизм саяси және әлеуметтік дағдарыстарды кешеуілдету және тұралату орнына, дағдарыстарды құртатын идея табуды және сөйлемніңң гетерогендесуінің алдына шығып, саяси және әлеуметтік сананы өзгертуді қолдайды. Пантүркизм – эмоцияларға емес саяси ақиқатқа, және мақсатқа сәйкес негізінде ұзын уақыттық нысаналарды саясаттың нақты мөлшерлерінің жасалу мәжбүрліктерімен біріктірудің аты. Пантүркизм бағдарламасында экономикалық әлеуметтік тәртіп пен өмір философиясы назарға алынбай, әдет-ғұрыптың егемендігін тәмсіл еткен нәсіл мен мәдени таным жасалуы басымырақ. «Нәсіл» және «мәдениеттен» бастау алып, ізделген жауаптар Пантүркизм бағдарламасында құрылым өзгерістерінің болмауына итермелейді. Осылайша, бір «нәсіл» мен «мәдениет» өткеніне сүйенген бағдарлама жасаудың Оспан империясы дәуірі ой-санасындағы қайшылықтардың осы күнге жасаған ықпалы. Сондықтан да, Пантүркизм дерексіз және қайшылықты негіздерден бастау алып, негізсіз жасанды қайшылықтарға көзге көрінерлік шешім жолдары үстіне орналасуы керек. Әрине, «құр деректерден құралған» мәселелер Еуропа центрлі Пантүркизм көзқарасының алдыға шығуына себеп болған еді. Еуропа центрлі Пантүркизм Түркияның статус-квошы аймақтық күші болуын қалаған еді. Түрік геосаяси кеңістігіне бағытталған өзінің саяси, стратегиялық пайдасына сәйкес әрекет еткен бұл түсінік Түркия – Түркістан арасында Шығыстанушы бір байланыс құрып, тиісті тарихпен қатыссыз Пантүркизмді санаға сіңіріп жатыр. Әлбетте осындай бір Пантүркист бағдарламаның әлеуметтік негізі және пайдасыз, бос болып қалуы қалыпты жағдай. Олай болса, Пантүркизм бағдарламасында, эмоцияға емес, саяси ақиқатқа және мақсатқа сәйкес: ұлттық саясат пен дипломатияның сәтті байланысы және экономикалық саясат пен империалистік мұрасы арасындағы қатынас «өнімді мақсаттармен» біріктірілген уақытта ғана идеологиялық (өзгермес идеологиялық емес) және объективті факторлар интелектуалдық және геостратегиялық факторлармен ішкі, сыртқы динамикалардың мінсіз жұмыс істеуін жүзеге асырады.

Пантүркизм(Түрік бірлігі) геотарихи кеңістікте және тағдырда кеңею емес тереңдей түсу екенін жақсы білуге тиістіміз. Яғни, саланы жақтау емес саланы танып біліп тереңдету. Осындай Пантүркизмнің(Түрік бірлігі) геотарихи алаңы мен тағдыры Түркістанмен беттесуінің аты. Пантүркизм этникалық бір ирредентист пан қозғалысы емес. Ұлы аумақ философиясынан басталған, маневр, қозғалыс және іс-шаралар аумағын жетілдіріп, Түркия және Түркістанның қиылысу және бірлесу нүктесінің тарих-жағрапия байланысында нәсілден басталған мәдениет, тіл, дін экономика, саясат, политика, ішкі-сыртқы динамикалар мен парадигма ауысымымен өзгерулері эпистемологиялық және онтологиялық төңкерісші санада танылып білінуі қажет.

Түрік Ұлтшылдығында 1991 соңы көріне бастаған Түркістан инерциясы көзқарас тұрғысынан «ресмилікпен» шектеліп қалуға себеп болды. Бұл да Түрік Ұлтшылдығын ішкі саясатта және халыққа бағытталған ұрандарда «мылқау» күйіне келтірді. Бұл үшін Түрік Ұлтшылдығы ресми қалыптан «стратегиялық мазмұнды қалыпқа» көшуі тиіс әрі жылдар бойы Түрікшілік үшін киелі болған Түркістан идеясы басқалардың қолында «критика материалы» болып қалмауы керек. Киелілік демекші, Түрік ұлтшылдығы Түркістанды әсіре дәрежеде мифологиялық деңгейде қалыптастырып, киелі санап кетпеуі керек. Түрік Ұлтшылдығы қазіргі бастан өткізіп жатқан мәселелермен бірге жаңа қырымен ортаға шығуы да мүмкін. Егер, Түрік Ұлтшылдығы Түркияға және Түрік саясатына бағыт бермек және Түркістан киелі идеясын «ресми құжаттарға» тұтқын еткісі келмесе, түптамырына қайтып оралу қозғалысы іске асуы тиіс. Түркістанды басқа саяси қозғалыстардың «ұпай жинау құралы» етуіне жол берілмеуі керек және Түркия мемлекеті Түркістан саясатына жөн сілтеуші бір міндет арқалауы керек. Түрік Ұлтшылдығы басқа мәселелерде болғаны сияқты Түркістан тақырыбы да «саясиланудан» бұрын, «ұлтшыл» болуы қажет.

Консервативтік мәдени нәсіл құрылымының Советтен кейінгі Түрік жағрапиясындағы «нәсілдермен» тарих және жағрапия өлшемді «мәдени» анықтамалар қарсысында ықпалға ұшырауының шекаралары антологиялық шыншылдық дүниесінің текпісінің қандай көрініске оранатыны және ұлттық кластерлер қарсысында алатын көрінісі шешімін таба алмады. Түрік Ұлтшылдығының нормативті құндылық кодекстері саяси-этникалық шекаралар арасында азаматтық алаң анықтауда өз өмір саласында сыртқы күштердің әсеріне ашық есік ұстанып отыр. Ақпарат және құндылық жасау орнына жергілікті, актуальды болған нәрсеге қосылып, ақпарат пен құндылықтар өндіруші қарсы алдында аралық формасын қалыптастыруда.  Түрік Ұлтшылдығы Түрік Әлемінің түсінік дүниесін қамсыздандырып жатқанда, геополитикалық, геомәдени, геодіни, геоэкономикалық, философиялық және ғылыми тіректерден бастау алып үйреншікті ойлау форматын, қалыптасқан түсінікті,  жасанды көзқарастарды құртуы керек. Түркілік – динамикалық бір түсінік. Түрік Ұлтшылдығы қырғи қабақ соғыс мезгілімен бірге «нәсіл» түсінігінің тарих ішінде өзгеріс және бетбұрысқа ұшырайтынын, саяси және жағрафиялық мазмұнының өзегін назарға алмады. Сондықтан да, Түркілік белгісімен  қабыспаған Түрік ұлтшылдығы түрік әлемімен ортақ терминология қалыптастырмағаны үшін «тарихқа көмілу» мен  «тарихтан безу» арасындағы шиеленістің түкке тұрмас нәтижесін бастан кешіріп жатыр.

Саяси тарих анализімен немесе теория мөлшерімен талдаулар Түрік Әлемі болмысын «Түрік Бірлігімен» біріктіру жұмыстары Тарихи, Жағрафиялық, терминдік динамикалар ішінде парықты болудың аймаққа жайылуы психсоциял, психотарих, психомәдени потенциял активтерді төменгі мәдениетке байланыстырып, сандық процестерді басты маңызға ие етеді. Ауызекі ақпараттарды Түрік Әлемі бойынша жалпыламақ Түрік Ұлтшылдығының субъективті критерийлерилермен қалыпқа енуіне себеп берумен қоса, Түрік Әлемінің даму деңгейіне Еуропа центрлік көзқараспен қарауға бейімділік жалғасуда. Түрік Ұлтшылдығының Түрік әлеміне көзқарасындағы кемшілігі: аймақтың нәсілдік бөлінушілігін, мәдениет алаңдарының ішкі және сыртқы бөлінушіліктерін байқамауы немесе назарға алмауы.

«Ішкі ұлттық отан»  Севр  жеңілісі мен Лозанна жеңісінің ортаға шыққан шиеленісі аясында қорғау мен қуаттандырылғысы келгенде, «сыртқы ұлттық отан» болса Ресей, Қытай, Батыс үшбұрышында «тарихи дұшпандық» тар көзқарасы аясында жай қана «кеңею» қалауымен шектеулі қорғаушы түсінік қабылданды. Ол үшін, «Түрік Ұлтшылдығы үшін Түрік Әлемі Батысқа, Ресейге және Қытайға қарсы келуі және балама мәдени алаң қалыптастыруы ма?» сұрауына жауап беруі керек. Бұл сұраққа берілетін жауап: жоғарыда жазған сатыларда көрсеткен аманатшы менталитет және қарымта қайтарғыш көзқарастың барлық психоздардан арылуы және өз болмысымен жүздесуі тиіс. Түрік Ұлтшылдығының алдындағы бір басқа мәселе болса  «жолбасшыларымен» бетпе-бет келуі керек. Исмайл Гаспыралы, Юсуф Ақшораев, Аяз Ысқаки, Мүневвер Қари, Сұлтан Ғалиев, Тұрар Рысқұлов, Зия Гөкалып, Құсейін Нихал Атсыз, Алпарслан Түркеш, Ерол Гүнгөр, Галип Ердем, Дұрмұш Қожаоғлұ(İsmail Gaspıralı, Yusuf Akçura, Ayaz İshakî, Münevver Karî, Sultan Galiyev, Turar Rıskul, Ziya Gökalp, Hüseyin Nihal Atsız, Alparslan Türkeş, Erol Güngör, Galip Erdem, Durmuş Hocaoğlu) және басқалары жүйелі түрде мәселесі мен қиыншылығы болған системаны тұжырымдап, балама табуды былай қойғанда, тиісті формат ішінде, тиісті қалыпқа сай келмей ағымдағы системаны өзгерткісі келген төңкерісші жолбасылар болатын. Алайда, Түрік Ұлтшылдығы, Түрік Ұлтшылдары бұл көсемдерді статус-квошы, системаны тұжырымдаған, жүйенің көнерген бағыттарына алтернативтер туғызған консервативтер сияқты тұжырымдап, түсінбеді.

Мәдени детерминизмді қамтыған Гердерист романтикалық ұлтшылдық Чарльз Тиллидың (Charles Tilly) түсіндірмесінде: «ұлттық мемлекет»-«ұлтшыл мемлекет» айырмашылығымен бірлестіріп формат ыңғайлылығынан пайда болған бір ұғым түрікшілікке әмірші болуда. Сондықтан, жалқылама Түркияда, жалпылама Түркістанда саяси қоғам мен азаматтық қоғам шиеленісінің үстіне қабаттасқан «ұлтшылдық», «түркілік», «түрік бірлігі» түсініктері мемлекет-қоғам шиеленісін туғызып отыр. Бұл да Адам Смиттің «аңыздар соқтығысумен бетпе-бет қалу» деп атаған процестің дамуына мүмкіндік беріп келеді. Эрик Хобсбаумша ойлайтын болсақ, «әрі өзіне, әрі Түрік Әлеміне бағытталған «дәстүрдің туындысына» сілтеме жасай, ортаға шыққан дәстүрді «этникалық тірек» нүктесіне сыйғызып төңкерісші және жөндеуші біліктіліктің мағынасын тауысып және мекен мета түсінік болып массалық табиғатта саяси-мәдени сезім әлемі егемен болып жатыр. Бұл да тәнді рухсыздандырып түсінік әлемінің маңызын жоғалтуына себеп боп жатыр.

Османлы әулеттік түсінігінің, қызғаныш пен элиталық көзқарасы саяси ұрандарына тиек еткен консервативті және тарихи миопиясын ортаға қойған Түрік Ұлтшылдығы алдында тұрған және жауап берілуі керек болған мына сұрақты көрмей келді немесе көре алмады: Түркілік мекен бірлігі ме? Тек(Ататек) бірлігі ме? Міне осы миопиялық Түрік мәдениетінің, дәстүрінің, тілінің және басқа байлықтарының социоәлеуметтік, социоэкономикалық, психоәлеуметтік өлшемдері қысырлық ішінде жойылып жатқанда бөлінушіліктің топонимиясы шолақ және дәстүршіл құшақтарға Түрік Ұлтшылдығын және Түрік Дүниесін табыстады. Осындай бір структура саяси биліктің сызған шекарасы шегінде Тұраншыл көзқарастағы және мемлекетке бағынышты бір структураны ортаға шығарады.

Гегелше «мемлекет құру» мен Иоганн Гердерше «ұлт жасау» шиеленісін микро ұлтшыл фанатизммен бастыруға тырысу мемлекетшілікпен ауырған түсініктің халыққа және Түркістанға әсері механикалық сәйкеспеушілікті ортаға шығарды. Осының барлығы ауытқушылықпен атап отырған процесті жылдамдатты.

Түрік ұлтшылдығы «мемлекет құру» мен «ұлт құру» процестеріне бағынышты-бағынышысыз ауыспалы рольдерді кейде біріншісіне, кейде болса екіншісіне бере «ауытқулар арасындағы тоқырауды» басынан өткерді. Түрік Ұлтшылдығы Түркияны және Түркістанды ретроспективті оқуларында тұжырымдағанда, шешім шығарғанда анахронизмнен құтқара алмай келеді. Осының нәтижесінде «Түрік геополитикасына» бағыталған проспектив мектептері прохроникалық деңгейде қалғанда, Батысқа, Ресейге, Қытайға, Иранға және басқа аумақтарға бағытталған проспектив мектептері метахронизмге тұралап қалды. Бұндай мектептер, утопия-антиутопия арасында қалған бір «ақпараттық ағынмен» қарама қарсы қалуына себеп болды. Латын мақалының «тұжырым жасау қауіпті» дейтіні сияқты Түрік әлемін сипаттап дерексіздендіру мен қарапайымдандырып айтарлықтай сапасыздандыру және кейбіреуінің алдына шығару Түрік Әлемін категориялық жағдайға келтірді. Бұл санатқа бөлу процесі тек қана «тұжырымдаманы» алдыға қойып, теориялық ұранның көндіруші күші формалдық өлшемде қалып, күшін «коллектив фантазиялардың» табан тірегіне жұмсап жатыр.

Түркия мен Түрік әлемінің табиғатымен табысуын жүзеге асыру үшін, «санаға сіңіп қалған»  «үйреншіктіліктен» құтқарылуы керек. Осылайша ойлау жүйесі мен шешімдерін белгілеген тарихи ретсіздіктер және құндылықтармен «объективтілік алаңы» және «шынайы ортақтық аумағы» қалыптасуы мүмкін. Яғни, саясаттанушы Мұстафа Чалыктың сөзімен айтсақ: «Орталықта өзгермес, шетте шешімі табылған... Яғни, құндылықтарды өзімсіну мен өмір салтында табанды және сипаттамасыз; Алайда, сыртқа көрсеткенде қарапайым, басқаларды тыңдағанда толерантты, реакциясында байсалды» болған кезде объективті шындық және субъективті шындықты дұрыс топшылай алмауға түсуден айыра білуге болады. Дұрыс тұжырымдама мен ұқыпты терминология ұжымдық сана жетілуі және дамуына үлкен үлес қосады. Дұрыс тұжырымдама, ұқыпты терминология ұжымдық сана жетілуінің қамтамасыз етілуінде және Түрік бірлігі түсінігінің мықты негізде жасалуына баста назарға алуы керек мәселені саясаттанушы Ерол Жиһангер былай деп жазады: «Ғылыми жұмыс ретінде жасалған бұл жұмыстар өкінішке орай, бір жағында бөтен, тіпті қарсылас бір дүниеге тегіннен материал дайындап жатқанында, басқа бір тарабынан орасан бір ақыл күшін де қажетіне жаратады. Әсілі, бұл жолда материал жинау қалайда құрметті бір жұмыс болса да, бұл материалды негіз етіп, талқылау, қортынды жасау мүлде басқа бір жұмыс. Бұл ұғымда бір тарихшы, жағрапияшы, социолог, не болмаса әдебиетші; Жинаған материал, тапқан құжаты немесе жасаған зерттеулерімен емес, бұл материалды тәпсір ететін қабілеті бар тарихшы, жағрапияшы немесе социолог болуы керек. Егер олай болмаса, таза материалдың құрастырылуы, құжаттардың табылып оқылуы, сондай-ақ ізашарлардың сөйлегендерінің мирасқорлар тарапынан қайталануы «мамандық тарихшылығы сыртында іс жүзінде бар өтелімі жоқ» іс болмақ. Осылардың барлығы Түрік Ұлтшылдығын саяси және экономикалық қатты және ауыспайтын догмалардың кезекке қойған схоластикалық және статус-квошы түсіктен құтқарады.

Түрік ұлтшылдығының басты мәселелері болған ортақ ой өрісі, тарихтың жазылуы, тобырдың енжарлығы және басқалары құрылымдауға әрекет етілген мен тобырларды қатысуға ынталандыратын  татуласуға қол жеткізе алмауы. Ішкі динамикалардың байланысынан ажырап ішкі және сыртқы динамикаларды ассимиляцияға көндіріп, Андерсонша айтқанда «армандағы жамағаттың» символдарымен «бірлігі» туралы айтылып жатыр. Вектор қуаты ретінде бірлік, мемлекет дәстүрі, өз сенім, өздік құрмет, этникалық мұра, даналық сияқты ізгі қасиеттер парадигмалық кеңеюге жол бастар жерде ортақ нүктелер түбірден өзгешелене шыңырау қалыптасуына себеп болды. Осылайша саясиланған түсініктер, терминологиялар және парадигмалар қалдығы қалған ұрандарға айналады.

Қорытынды орынына:  Өзгесіз геополитикалық түйіннің салыстырмалы тарихи зерттеулері

21 ғасырда “нәсілдер тексізденіп барады» коллектив тұлғалықтар виртуалданып «нәсілдік мекендерден» тұтыну мәдениетінің гедонист «гетто отандары» пайда болып жатыр. Физерстоунның(Mike Featherstone) жазғаны сияқты: «адамдар армандарды, суреттерді, ләззаттарды жалған құндылықтарды және нәсілдерді де тауысып жатыр. Бұл болса байланыстарды жасанды қарапайымдылықтарға түрлендіргені сияқты, ол байланыстардың жүзеге асырушыларын да ұсақталып, арбауға шырмалған бір тобырдың бөлшегі етіп жатыр.» Гомогенизация мен гетерогенизация процестерінің тарихқа және географияға ықпал етуі глобал мен төменгі глобал мәдениеттің қайшылықтары әлбетте Түрік Ұлтшылдығына да әсер етті. Сондықтан да, Түрік Ұлтшылдығы(Түрік Ұлтшылдары) Андерсонның «армандағы жамағаттың» капиталист баспасынан «қотарушы тарих тұжырымдамасы» мен саясаттанушы Мұстафа Жігіттің айтқаны сиқты «чемпиондар лигасы ұлтшылдығымен» зейін, білім, идея тудырмау қысырлықтарын бастыруға талпынып жатыр. Әрі, интегризмнің пуритан терезесінен Түркияға, Орталық Азияға көз салуда. Құмарлықты бір өткен өрекпудің жасаған «өткенді аңсаған терең ностальгия» «тарихи тұрақтылық» ретінде қолға алу Гердердің «ностальгия барлық қайғының ең асылы» сөзімен бекіту Түрік Геосаясатын тарихтың қайталануынан құтқара алмас. Тарихтан алынған дәлелдер, алыпсатарлық даудың элементтері ретінде төменсітілгені үшін өмір түсініктерінің жаратқан мағына карталарын ортаға шығарудан сырт,  идеологиялық емес, идеологияны өздігінен этнос еткен өзі үшін этносқа өтудің жаңадан қалыптасуы үшін «үндеп» жатыр. Прогрессив Тұраншы утопиялық мінездемені және код жүйесімен Түрік Мемлекеттеріндегі материалды мәдениет, рухани мәдениет, экономикалық құрылым, саяси және социал сана мен фольклор әсерлері қабыспай жатыр. Дауласудан ығыр болған тақырыптардан аулақтап, феномендерді дөрекі тұжырымдап дерексіз терминдер маңында сабылып атүсті ұғымдарда, үкім шығарғыш ойлау жүйесінен құтылмайтын болса Түркістан идеясы «жаңылыс түсініктен» құтыла алмайды. 21 ғасырда Түрік Ұлтшылдығы ғасырлық зерттеу мен өз кеңістігін тұжырымдауға мәжбүр.

«Жоғары ұлтшылдық» пен «төменгі ұлтшылдық» арасында қалған «ұлттық мемлекет», «Түркия», «Түркістан» ішкі көп түрлілік дереккөзін жоғалтып, жаңа адрес пен формат қалыптастыруда қажетке жарату үшін эклектикалық пайдашыл адам білікті адамға түрлендіріліп, мемлекет мекемелері мен университеттер «табыс көзі» жағдайына ауысып, мәдени көзқарастан консервативті жеке, жергілікті алаңдар мен қоғамдық ұлттық кеңістіктер консервативті пайдакерліктің люмпен, буржуаз, нәсілшіл, ұлтшыл ұрандарын алдын алған форматта теңестіріліп жатыр.

Терминдер мен сөздерге жасалған шиеленістер қабылданған құндылық кодекстерін, мінез-құлықтарын, доктриналық интелектуал көзқарастары және жергілікті идея кодекстерін «нормаль» терминінің қамтуы ішіне алып, табу тиымдар жасалуда және есебі сұралмай жатыр. Осыдан басталған, Түрік ұлтшылдығы(Түрік Ұлтшылдары) эпистемологиялық қол үзудің берген антологиялық сенімсіздіктен мазмұнды және белсенді пікірлер тудыра алмай, эклектикалық пайдакерлік пен консервативті пайдакерлік арасында асылы пішіні мен символына мән беруі себебінен мезеттік оқуларға қамалып дисморфозалық тарихқа байланады.

Түрік әлемін символдарға тұтқын еткен сана өз ақиқаты сыртында еш бір шындықты қабыл етпей, түсінік кеңістіктерін тарылтқаны немесе кеңейткені символдардың тайпалық қисынында ғұмыр кешіп жатыр. Түрік Әлемімен араға сызылған бұл шекара тұралаған ұғым мен шынайы деректі түсіндіргендерінде, жазғандарында, айтқандарында сыртқа тебуімен аяқталып келеді.

Қалыптан шығудан мезі болған «Түрік Әлемін» түркілендірушілер дерексіз орталық пен дерексіз төңірек арасында дерексіз сөйлемдерді бір-біріне байланыстырып, «анахроникалық» қағидаларды мақұлдап жатыр. Анахроникалық қағидаларын мақұлдаған бұл топ идеялық және саналық статус-квоның таяздығы, жалғандығы және тек өлшемділігімен шектелген, «стилі тозған», өз ішінде логикалық тұрақсыздығы мен теория әсерліліктерін «арбау сөздері» бірлестігінде арзан арандатудан басқаға бара алмайды. Аз сөзбен жеткізіп, аз терминмен «ойланған» бұл Түрік-Ислам синтезшілер және параноик оппозиция жаңашыл Түрікшілері саналық шөлдеулерін керемет өздерінен жылжымалы «теминологиялары» және «ұрандарымен» этносаяси феодал және басқыншы фанатик,  қатігез «егемен коллектив нәсіл» олигархияның бюрократиялық орталықты тарих және жағрапия тереңдігі болмаған Түрік Ұлтшылдығы мен Түрік бірлігі идеялары бос және мағынасыз қазына іспеттес. Ұлтшылдық атына сөйленгендерді(жазылғандарды) субъективті қабылдаудың субъективті алаңдары негізгі объективті критерий жағдайына жеткізіп, Түрік Ұлтшылдығына жапсыру ойымен қалыптасқан тарихи-социологиялық біріктірулердің бір көрінісі. Идеялық құрылымның мазмұнын түсіну орнына ықпал етуші мифтік қалыптан шығып, социал тұғыр мен саяси тұғырды қалыптастыра алмаған сенім мен фольклорлы дәстүр арасында қыстырылған бұл жамаулы «идея иелерінің» философиялары «батпақта ат ізі қалсын» білімдері болса, ақпарат, терминология, термин кем-кетігі себебінен аумақтық фанатизммен қалыптасқан жергілікті нәсілді орталыққа біріктіруге әуреленген және жергілікті-ұлттық алаң арасында люмпен буржуаз бір байланыс құра, жергілікті нәсілден ұлттық нәсіл форматтарын жасауға тырысқан көзқарас емес ой тұрғысынан жамаулы «идея иелерімен» не ұлтшылдық, не Түрік Ұлтшылдығы талқылануы қиын.

Ағымдағы көзқарас ішінде дәстүршіл қалыптармен біріктірілген, сұрауға алынбастан, бетпе-бет келместен, қарсы тарапты тыңдамастан, есептелместен ақпараттық сыбысқа, аңызға ашық және өте мақұлдаушы ретінде бұрмалауға бейім. Геосаяси немесе саяси ұран суық және ресми диссимиляшыл элиталық нәсілдің оксиденталист(oksidentalist) ой жоспарын «өмір майданында» ұлттық мүддеге тұтқын етеді. Әрі, өз мүддесін құрылыс және өміршеңдігі саясында саяси және идеологиялық маневр алаңын кеңейтіп жатыр. Популистік сілтемелерімен эпос деңгейінде және ресми сөйлемнің түсініктемелеріне назар аударған астыртын сана көкжиегін ие болған идеологиялық құрылымда әлбетте астыртын менталитет үстем және бұл блоктан бағыт алған бір орталықты ақыл-айла торының қалыптастырған параноик рамада әр мәселені, жағдайды, болған мәселені, терминді ойлап табады. Сандық деңгейде Түрік Ұлтшылдығы, Ұлтшылдық, Түркия, Түркістан ақпараты аумағында мәңгілік ұлттық капитал шұғылалы ұлттық тарих түсінігі себебімен ақпарат бірігуі қоспасыз, парадигмалық өзгеріс пен қалпына келуінде дәстүршіл шек пен динамикалық шек арасындағы сәйкеспеушлікті жоқ қылу қиыншылықтарын бастан өткеріп, зияткерлік амнезия себебімен симбиоз ортаға шықты  және Түрік Ұлтшылдығы «қалың бір тіл, орасан бір сөздіктің»  микро және макро өлшемінде ортаға қойған «этникші, нацизм сана форматының» және астыртын сананың популиярласуы байланысынан бағымсыз хабарлар шығарып байланыстан бағымсыз пішімде қолданыла бастаған қозғалыс өз символы үшін түрлендіруді жасатпауға зорлап, алдын тығындаған. Бұл тосқауылды ашудың жолы деп, жалғандар жасап, басқа өтіріктерді жабу жолының оңайлығына бой үйретілді. Бөліске салынған жалпы ортақ пішімінің орынын сыртқы көрініс, атүсті тұжырым, преюдициялық көзқарастар алып, Якобин(Jaconin) менталитетін қалыптастырған жад пен ұмытшақтық  басым параметрлі көзқарас толтырды.

Түркия мен Түркістан арасында жүзеге асырылуы тиіс болғандар мен ақиқаттардың шек қойған пішімі арасында туындаған қақтығыс массалары үнсіз ортақ және қолдан жасалған ретінде жинақтағанда ескі терминдер мен түсініктер арқылы сызылған «ұлттық шекаралар» мен «саяси шекаралар» бір-бірімен конфликтке келуде және Түрік геосаясаты бір гомологацияға түсінік берудің өзіне де қиналады. Гомологацияның түсіндіріле алуы, «ұлттық шекаралар» мен «саяси шекаралардың» бір бірімен конфликт жасалмауы үшін өз динамикаларға мән берілуі керек. Түрік геосаяси кеңістігінің және жазмышының зерттелуінде, қортындылар жасалуында және шешім табуында Фернар Бродель айтқандай: «аймақ, зерттеудің сферасы емес. Зерттеудің қамту аясы - проблема» сөзі негізге алынуы керек. Осылайша ескі саяси, политикалық, социал пікірлердің ықпалы жойылуы керек.

Түрік геосаясатында заңды көрілген социал тәртіп, доктриналы интелектуал қадамдар, ұлтшыл имиджлер, тарих жазылуы, этнография аясынан аса алмаған халықшылдық, ресми ұранда және ұлттық танымда жаншылған сана зерттелмеген жағдайда «Түрік бірлігі» дерексіз геомәдени, геосаяси және геостратегиялық «төңірек» ретінде «центрден» ұзақ қалудан басқа жолы жоқ.

Өрісі тар геосаясат түсініктерінің салыстырмалы тарихи коннотациялардан ұзаққа бара алмаған Түрік Ұлтшылдығының жауап күткен сұрақтарынан бірін сұрап, іске соңғы нүктені қою үшін нәтиженің себептермен тізбектелуіне тәсірін кіріспедегі сөз еткен қорытындыға  тастайық. Түрік бірлігі дегеніміз тарихқа сүйеніп жағрапияны өзгерту идеясы ма, жағрапияға сүйеніп тарихты өзгерту идеясы ма?


Дереккөз:

A.Baran Dural, Milliyetçiliğin Yakın Tarihi, Cumartezleri Yayınları, 2014, İstanbul

A.Ahat Andican, Osmanlı’dan Günümüze Türkiye ve Orta Asya, Doğan Kitap, 2009, İstanbul

Abdullah Gündoğdu, Türk Jeopolitiği, IQ Kültür Sanat Yayıncılık, 2009, İstanbul

Avrasya’da Yeniden Çizilen Sınırlar İnşa Edilen Kimlikler (Dört Cilt), Atatürk Kültür Merkezi Yayınları, Ankara, 2012

Avrasya Paradoksu Beklentiler Ve Endişeler, Editör: Reha Yılmaz, Nobel Yayın Dağıtım, 2013, İstanbul

Baran Dural, Pratikten Teoriye Milliyetçi Hareket, Bilge Karınca Yayınları, 2011, İstanbul

Beş Deniz Havzasında Türkiye, Editörler: Mustafa Aydın-Çağrı Erhan, Siyasal Kitabevi, 2006, Ankara

Doğu Batı Dergisi, Milliyetçilik I-II, Sayı: 38–39, 2006–2007

Durmuş Hocaoğlu, “Düşük Şiddetli Devrim”, Doğu Batı Dergisi, Sayı: 1, Kasım 1997

Durmuş Hocaoğlu, “Türk Milliyetçiliği’nin En Mühim İhtiyacı: Öz-eleştiri”, Türk Yurdu, Sayı: 139–140–141,Mart-Nisan-Mayıs 1999

Durmuş Hocaoğlu, “Milliyetçiliği Sorgulamak”, Muhalif, Sayı: 12, 2000

Durmuş Hocaoğlu, Bir Milliyetçilik Analizi, Yeniçağ, 2004, İstanbul

Erol Cihangir, “Doğumunun 120. Yılında Sultan Galiyev Üzerine Kültür-Politik Bir Deneme”, Turán Dergisi, Sayı: 16, 2012

Erol Cihangir, “Turan’ın Siyâsi Ve Sosyolojik İmkânlarında Paradigma Kurmanın Zorunluluğu”, Turán Dergisi, Sayı: 19, 2013

Erol Cihangir, “Türk-Macar Münasebetleri Bağlamında Jeopolitik Bir Tez Olarak Turancılık”, Turán Dergisi, Sayı: 20, 2013

François Georgeron, Türk Milliyetçiliğinin Kökenleri / Yusuf Akçura (1876- 1935), Çeviren: Alev Er, Tarih Vakfı Yurt Yayınları, 2005, İstanbul

Güldeniz Katırcı, “İdeolojik Kriz İçinde Ve Bir Kısır Döngünün Eşiğinde: Milliyetçi Hareket Partisi”, Türkiye Günlüğü, Sayı: 88 Bahar 2007

İsmail Gaspıralı Seçilmiş Eserleri (Üç Cilt), Yayına Hazırlayan: Yavuz Akpınar, Ötüken Neşriyat, İstanbul, 2005

Rusya’nın Doğu Politikası, Editör: Sezgin Kaya, Ekin Kitabevi Yayınları, 2013, Ankara

Türk Yurdu Dergisi, XXI. Yüzyıla Doğru Türk Milliyetçiliği Özel Sayısı, Sayı: 139–141, Mart-Mayıs 1999

Türk Yurdu Dergisi, Türk Milliyetçiliği Özel Sayısı, Sayı: 295, Mart 2012

Türkiye Cumhuriyeti-Rusya Federasyonu İlişkileri, Editörler: Haydar Çakmak-Mehmet Seyfettin Erol, Barış Kitap Basım Yayın, 2012, Ankara

Türkiye-Türk Cumhuriyetleri İlişkileri, Editörler: Haydar Çakmak-Mehmet Seyfettin Erol, Barış Kitap Basım Yayın, 2012, Ankara

Türkiye Günlüğü Dergisi, Milliyetçilik "Telaffuzu Kolay, Grameri Zor Bir Dil" , Sayı: 50 Mart-Nisan, 1998

Utku Yapıcı, Sovyet Sonrası Coğrafyada Devlet ve Milliyetçilik, Tan Yayınları, 2012, Ankara

Yusuf Akçura, Üç Tarz-ı Siyaset, Türk Tarih Kurumu Yayınları, 2007, Ankara

Yusuf Akçura, Muasır Avrupa'da Siyasi ve İçtimai Fikirler ve Fikri Cereyanlar, Yeni Zamanlar Yayınları, 2004, İstanbul

Yusuf Akçura, Siyaset ve İktisat, Sinemis Yayınları, 2006, Ankara

Yusuf Akçura, Aydınlara Düşen Vazife Birkaç Hitabe ve Makale, Kaynak Yayınları, 2012, İstanbul


Кейбір терминдерге түсініктер:

Коннотация (лат. connotatio, connoto - қосымша мағынасы бар) — тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды немесе стилистикапық рең білдіруі. Кең мағынасында: тіл бірлігінің грамматика және заттық-ұғымдық мағынасын толықтырып, оған эксперссивті сапа беретін бөлігі. Коннотация - сөйлеушінің тәжірбиелік, тарихи, мәдени, танымдық біліміне, олардың мәз болып отырған нәрсені ұнатуы не ұнатпауына, бағалауына, стильдік деңгейге, тіл қызметінің саласына, олардың әлеум. қатынасына және т. б. байланысты болатын құбылыс.

Эпистемология (көне грекше: ἐπιστήμη — «ғылым»[1] және көне грекше: λόγος — «сөз»[1]) немесе гносеология (көне грекше: γνῶσις — «білім»[1] және λόγος — «слово», «речь») немесе таным теориясы— философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.[2]. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім.

Статус-кво(лат. status quo — «жағдай, осындай жағдай») сақтау не қалпына келтіру туралы әңгіме қозғалып отырған қолданыстағы не белгілі бір мезетте қолданылған саяси, құқықтық немесе өзгедей жағдай.

Люмпендер, люмпен-пролетариат (нем. lumpen - жалба- жұлба) — өз жағдайларын өзгертуге құлшынбайтын, тағдырға мойынсынған қоғамның ең төменгі жігі болып табылатын жұмысшылардың тапсызданған, ардан безген, өнегесіз бөлігі (қайыршылар, қаңғыбастар, тұрақты мекені жоқтар, қылмыскерлер және басқалар)

Люмпендер, люмпен-пролетариат (нем. lumpen - жалба- жұлба) — өз жағдайларын өзгертуге құлшынбайтын, тағдырға мойынсынған қоғамның ең төменгі жігі болып табылатын жұмысшылардың тапсызданған, ардан безген, өнегесіз бөлігі (қайыршылар, қаңғыбастар, тұрақты мекені жоқтар, қылмыскерлер және басқалар)

Құсейін Билгиш

Қазақшалаған Нұрғали Нұртай.

Кония қаласы, Түркия

Abai.kz

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...