Жеңіс Кәкенұлы. Тандем

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2965

Күні кеше елімізде тұңғыш рет ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігінде «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы жарияланған болатын. Осыған байланысты суретші Жеңіс Кәкенұлының байқау жайында пікірі мен шығармаларын ұсынамыз.

Жеңіс Кәкенұлы:

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен  «Мәдениет порталы» ғажап бір жобаны бастаған екен. «Тәуелсіздік: Сөз бен сурет» – біз жазып жүрген «Менің суретшілерім» сериясына дөп келді. Бұған дейін алыс-жақын, сан алуан әріптес cуретшілерім туралы жазып келсем енді мына бәйгеде оған ақындар үн қосатын болды. Бұл игі бастама арқылы қазақтың бейнелеу әлемі тереңдеп, биіктей һәм кеңи түседі екен. Сөз өнері де осы тандем арқылы жарқырай бермек. Іске сәт!

madeniportal.kz

author

Жеңіс Кәкенұлы

СУРЕТШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...