Алмас Нұрғожаев. Жаңа заман бейнелеу өнерінің шоқтығы биік жұлдызы, келешегінен көп үміт күттіретін қаламгері

ӘДЕБИЕТ
164

Осыған дейін ақындар арасында «Папирус» айдарын жүргізгеніміз ел назарында. «Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында сол тағылымды дүниені қайта қолға алмақпыз. Осы жолы әрине суретшілер арасында. «Мәдениет порталы» аталмыш айдарды жүргізе отырып, қазақ суретшілерінің шығармасын қалың жұртшылық арасына кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр. "Папирус" айдарында әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Назарларыңызға «Папирус» айдарында шығармасы жарияланған Дәуренбек Бекназаровтың картиналарына деген суретші Нұрғожаев Алмас Төлегенұлының пікірін ұсынамыз.

Дауренбек Бекназаров мырзамен акдемия қабырғасынан бері таныспын. Сол кездің өзінде ол жастығына қарамастан ерекшелігімен көзге түскен суретші еді. Дәуреннің жұмыстарына іштей қызыға қарайсың. Салған суреттері таң-тамаша етеді. Жұмыстарының орындалу шеберлігі мен композициялық шешімдері күрделі әр алуан түрлі  болатын. Суретегі майда детальдар мен әрі түрлі фактураларды сұмдық орындайды. Керемет ойнатады. Қазір де Дәурен Академия қабырғасында өзі де білім беріп, ұстаздық қызметін атқарып, өнер алдындағы азаматтық парызын атқарып келеді. Көрмелер мен түрлі шығармашылық жобаларға жиі қатысады. Жаңа заман бейнелеу өнерінің  шоқтығы биік жұлдызы, келешегінен көп үміт күттіретін қаламгері деп айтсақ артық болмас. Ол Солтүстік Кипр елінде өткен шығармашылық сипозиюмға қатысып "күміс кілт" иегенрі атағын алды. Дәурен сынды талантты азаматтардың ықпалымен Қазақстан елі симпозиюмның шуақты нұрына айналып, үздік туындыларымен көзге түсті һәм еліміздің абыройын үстем етті. Дәурендей азаматтар көп болса екен деп ойлаймыз.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...