Жолтай Әлмашұлының «мұңмен алысқан адамының» премьерасы Ташкентте жалғасты

ТЕАТР
2103

Шығарма жазылғалы он жыл ішінде еліміздің талай жерлерін аралады, тіпті ағылшын тілінде де сөйлеп үлгерді!

Шығармада ХХ ғасырдың басындағы саяси жағдайларға байланысты атажұрттан алыстап Франция жеріне қоныс аударып, кейіннен өмірінің соңғы сәтінде Қазақстанға деген махаббатпен еліне асыққан Асан қарияның сағынышы, оның бұл арман-тілегін орындауға бекінген қызы Мақпалдың батыстық тәрбиеге беріліп кеткен ағасы Маратпен арпалыса жүріп әкесін туған топырағына әкелгені суреттеледі.

«Өзіміз елде жүрген соң байқамаймыз, шетелден қазақ жеріне асыққан қандас бауырларымызбен сөйлескенде олар тарихи отанына деген ерекше сағынышымызды, ыстық сезімімізді сөзбен айтып жеткізе алмайтындарын айтады» дейді. Мұны мен Ташкентте анық сезіндім. Өзбекстандағы қазақ ағайындардың елге деген сағынышы көздерінен байқалып тұрды.    Адам жасы ұлғайған сайын туған жердің қадірі мен қасиеті арта береді. Біз осы пьеса арқылы соны көрерменге ұғындыруға тырыстық», – деді  шығарма авторы бізбен сұхбатында.

egemen.kz

author

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

ҒАЛЫМ

Қоғам

Джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 мәрте әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жа...

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...