Сембіғали Смағұлов. Сырлыбектің сыры

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
3219

«Тәуелсіздік:Сөз бен Сурет» жобасы аясында «Мәдениет порталы» "Папирус" айдарын қазақ суретшілерінің арасында ұйымдастырып отыр. Әр аптаның сәрсенбісінде бір кескіндеме шеберінің жазғаны жарияланып, аптаның қалған күндері сол жарияланған суретке жасалған анализдер мен пікірлер оқырман назарына ұсынылатын болады. Осыған дейін аталмыш айдарда Дәуренбек Бекназаров пен Санжар Сырғабаевтың және Аршын Қабылбектің жазған картиналары жарияланған болса, келесі кезекте порталды Сырлыбек Бекботаевтың шығармаларымен толықтырып отырмыз. Пікір иесі – Сембіғали Смағұлов.

«Балбалдар» инсталляция 2х6х3 м, 2012.Қазақтан далада кездесіп жол сұрасаң түстік жерді – мына тұрған жер дейді екен. Олай деуінің сыры қазақтың жалғанды картадан көрсеткен сияқты жалпағынан көруі. Кинорежиссер Серік Апрымов осы мәселе жайындағы әңгімемізде, орыс режиссері Н.Михалковтың моңғол өмірі жайлы «Урга – махаббат алаңы» фильмінде көкжиекте ноқат болып көрінген салт аттыны даланың ұзақтығын көрсету үшін көз ұшынан саумалап, шақырым сайын түсірген европалық перспективалық кеңістік танымды айтып, қазақ режиссері түсірсе бірінші кадр ноқат болса, екінші кезекте жолаушының портреті болатынын, салыстырмалы және санасатын ерекшелік ретінде дәлелмен жеткізген еді.  Сырлыбектің  жұмыстарын бірінші көруім, әйтседе біраз бейнелеу өнерінде айтылмай жүрген мәселені қозғауға себеп болып отыр маған. Сырлыбек ақыл әлеуеті шеңберіндегі реалист суретші. Екі өлшемдегі кеңістігі, белдеудегі сызықтың екі жағы: асты жер, үсті аспан, Жерде тал, есек, адам, бірі оң жақта, бірі сол жақта, аспанда бұлт. Мәңгілік адами інжулік сарын. Станоктық байлам. Бірақ бұл кеңістік оған тар, тар екенін көрсетіп, амал іздеп сол реализмнің миын шығарып, артық қылсам дейді. Талды қиғашынан жонып спираль өзегін шығарады, есебі, бүйректен сирақ шығарған сюрреализм жасайды, бар шарасы! Сөз ортасында бір жағынан сюрреализмнің сырын, тууы мәнісін қысқа-нұсқа айтып өттім, білгенге маржан болсын. Инсталяциялары да сол сананың шеңберінде орындалған екенін оқу қиын емес. «Қырғыз асуында» ақ қалпақтар тектоникасы  жер қыртысын меңзейді. Гравитация қазығына байлану сезімінен арылу оңай шаруа емес реалист санаға. Гравитация Марк Шагалға да тар тұсау болған, ол да амал іздеп, әуелі қалыңдығын, соңыра сиырларын ұшыра бастады. Мақсаты екі өлшемдегі кеңістіктегі  полотносын қызықты игеру болды. Интернеттен Шагалды ашсаң мыңдаған жұмысы самсап тұрады пікір қалыптастыратын деймін ғой... десем де Сырлыбектің сырын бес-алты  жұмысынан байқағаным сол басқа өріске ынтықтығы.

 "Қырғыз асуы" 2012-2014.

Көп өнер адамдары алғаш ұстазының білім аясы ықпалынан шыға аламай жүруі әбден ықтимал, көргенін ұшқанда іліп. О сұбыхан! Осыны жазып отырғанымда үлкен көк шыбын кіріп, безек қағып кеңістікті шимайлап жүр ызыңдап. Бел сызықсыз шыбын шимайынан тағы бір сабақ алдым. Мен табиғатымнан символист адаммын, аз сөз бен кең информация айтатын, колонка толтыру үшін сөзін сулап созатын жорналист емеспін.

P.S. Бұқа, теке, есек, әтеш альфа еркек жануарларды  суретшілер бейнелегенде , өнер өнімінің атасы өздерінің ӨНДІРУШІ протатипі ретінде тереңінде сезінбеуі де неғайбыл.

madeniportal.kz

author

Сембіғали Смағұлов

СУРЕТШІ

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...