Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні. Мереке мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015...
Запастағы офицерлер әскери қызметке барады
Фото: freepik.com
253
Қазақстанда 2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылатын болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қорғаныс министрлігі қаулы жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады.
"Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында іске асырылады",- делінген құжатта.