Қазақ өнерпаздары дүниежүзілік фольклориадада өнер көрсетті

Жаңалықтар
861

Қазақ әндері Башқұртстан астанасы Уфа қаласында өтіп жатқан алтыншы дүниежүзілік фольклориадада өнер көрсетті, -деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

 

Халықаралық өнер форумы 4 жылда бір ұйымдастырылады. Алғаш рет Ресейде өтті. Оған әлемнің 37 елінен фольклор ансамбльдері келген. Қазақстан атынан Ұлттық гвардияның ән және би ансамблі өнер көрсетті. Кешелі бері олар Башқұртстан өңірлерін аралап, концерт қойды. Жалпы форумға келген әр ұжым өз ұлтының дәстүрлі өнері мен мәдениетін паш етеді. 

Биыл форум аясында екі әлемдік рекорд орнатылды. Яғни, 57 елдің және 71 ұлттың өкілінен құралған 2700 адам бірлесіп, хор айтты. Мәдени форум 9 шілдеде аяқталады. Жабылу салтанатында Ulytau тобы өнер көрсетеді деп жоспарланған.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...

Жаңалықтар

Көкшетаулық полиция жасырын есірткі салушының синтетиканы елордадан кофе пакеттерінде тасымалдағанын...