Олимпиадада спортшыларымыз «қирап» жатыр

Жаңалықтар
3587

Шыны керек, Олимпиадада спортшыларымыз «қирап» жатыр. Әр жарты сағат сайын «жеңіліп қалды», «өнер көрсетуден бас тартты» дегенді оқи беріп, көңіліміз құлазып кетті. Бір сөзбен айтқанда, отандық спортта дағдарыс.

Себеп неде? Маман емеспін. Жанкүйер ретінде ойымыз.
Пекин Олимпиадасына дейін Кеңес спорт мектебінің лебімен, соңғы тұяқ жаттықтырушыларымен әупірімдедік. Кейін Лондонға шеттен легионер әкеліп, жылдам нәтиже көрсетуге тырысты. Өйткені сондай елміз, бізге жүйе, стратегия, процесс маңызды емес. Тек нәтиже керек. Ұзақ шыдай алмаймыз…. Большевиктерден қалған әдет-ау….
Бұл аздай, бар ақша футболға жұмсалады. Облыстарда спорт саласына бөлінетін қаржының 80-90 пайызы жергілікті клубқа кетеді. Одан көгерген футболды көрмедік. Қалған 10-20 пайызды басқа облыстық федерациялар бөліп алып, жаттығып, нәтиже көрсету керек. Жетпесе, өздерінің проблемасы…
Бұдан бөлек, спорттың қаржыландырылуы респ.федерация басшысының ықпалы, қалтасының қалдыңдығы, саяси салмағына байланысты болып қалды.
Спорт – Қазақстанның бір бөлігі ғой. Жемқорлық, серая бухгалтерия, екі түрлі контракт, матчты сатып алу, келісіп алу, шетелде жаттықты деп жалған құжат жасау, таныс арқылы ұлттық құрамаға қосу – қалыпты жағдай. Көбі біледі. Бірақ көнеді. Жазылмаған заңдылық.
Одан қалса, спорт элиталы санаттағы өнерге айналып кеткендей. Бәрі ақылы, бірақ тек үздіктерге ғана көлік пен пәтер беріледі. Ал қалғанына дым жоқ. Шынайы жағдай мұндай болмаса да, сырттай картина осыған ұқсап кетті.
Тағы бір себеп – спорттың ешбір түрі 30 жылда өзін-өзі асырайтын, көрерменге билет, телеарналарға трансляция құқығын сатып, күн көретін бөлек индустрияға айналмады. Бәрі бюджет ақшасына тәуелді.
Қалай десек те, аймақтарда бұқаралық спортты дамытпасақ, қазіргі жағдай өзгермейді. Бұқаралық спорт дамыса, нәтиже 2024ж емес, 2028ж Олимпиадада көрінуі мүмкін. Бірақ өз еліміздің спортшылары.
Токиода қазір 17-18 жасар қыз-жігіттер алтын алып, рекорд жаңартып жатыр. Яғни, ол елдерде балалар спорты, бұқаралық спорт жүйеге қойылған.

P.S. Қытай 1990жж шетелдерден жаттықтырушыларды жаппай шақыруы, Британияның 2003ж бастап велоспортты дамытқан тәжірибесі – ескеретін жағдайлар.

«Айқын» газетінің Бас редакторы, саясаттанушы Нұрмұхаммед БАЙҒАРАНЫҢ әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...