Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов қасиетті Қадір түніне орай 321 сотталушыға рақымшылық...
"Ұлтаралық араздық қоздырды" деген айыппен сотталған жүкті әйелдің інісі қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: ашық дереккөзден
Солтүстік Қазақстан облысында сот 35 жастағы әйелді “ауыр экстремистік қылмыс жасады” деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Жүкті Жансұлу Дархамбаеваға TikTok-та жариялаған жазбалары үшін “ұлтаралық араздық қоздырды” деген айып тағылған. Сараптама оның видеолары “орыс ұлты өкілдерін қорлады” деп тапқан.
TikTok желісінде Zhansuluenergy деген лақап атпен тіркелген әйел Путинге үндеу жасайды. Ол 2025 жылы Ресейдің Қазақстаннан алған жерді пайдалану мерзімі аяқталатынын айтып, шекара маңындағы бірнеше аймақты “қайтаруды” талап етеді.
Бірнеше ай өткен соң әйел сот алдында жауап берді. Солтүстік Қазақстан облысы Новоишимское ауылының тұрғыны Жансұлу Дархамбаева видеоларының бірінде қазақ халқының тарихтағы қасіреті мен ашаршылық жайлы да айтып, кейінірек орыс халқына қатысты қорлайтын пікірлерге ауысады.
Бұл жазбаларда сараптама “адамдардың ұлттық тегіне қарай олардың артықшылығы мен төмендігін дәлелдеуге тырысу, орыс ұлты өкілдерінің ұлттық абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын (кемсітетін) тілдік белгілер бар” деп тапқан.
Сот үкімінен кейін әйелдің інісі әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады. Ол өз әпкесіне шыққан үкімді әділетті деп есептемейді.
– Сот үкімі шыққан кезде ол жүктіліктің 37-аптасында болған. Соған қарамастан, оның жазасы жеңілдетілген жоқ. Оны бірден сот залынан алып кетті. Біз мұны заң алдындағы адамгершілік пен әділдік қағидаттарының өте өрескел бұзылуы деп есептейміз, – деді ол.