«Рухани жаңғыру» аясында жеті мыңға жуық әлеуметтік нысан бой көтерді

РУХАНИЯТ
1510

Қазақстандық мектептер 2023 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді жоспарлап отыр. Алайда оған жан-жақты сараланған жұмыс атқарылуы қажет. Ең алдымен қазақ тілінің барлық тілдік ішкі заңдылықтарын сақтап қазақ тіліне негізделген латын графикасын түзу жүйелі жұмысты талап етеді. Соның негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында әліпбиді латын қарпіне көшіру жұмыстарына қатысты нақты қадамдар жасалды. 

Ең алдымен, Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобының отырыстарында лингвистерден, ғалымдардан, ел азаматтарынан келіп түскен әліпбидің 40-тан астам нұсқасы қаралды. Соған байланысты ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар арнайы сауалнама жүргізіліп, латын әліпбиін жетілдіру мақсатында таңбаның жазылуы мен оқылуы бойынша оқушы, мұғалім, студенттер арасында нақты сұрақтар қойылды. 

Жаңа әліпбиді мамандар ғылыми-практикалық, әдістемелік тұрғыдан зерттеп, зерделеді. Нәтижесінде жетілдірілген әліпби нұсқасы диакритикалық таңбалар халықаралық тәжірибедегі әліпби түзу принциптері бойынша тағы бір рет қаралды. Бұл жұмысқа тек қазақстандық ғалымдар ғана емес, өзге де түркі тілдес халықтардың ғалым мамандары атсалысты. Латын графикасына көшу, атқарылып жатқан жұмыстар Qazlatyn.kz, Tilalemi.kz секілді сайттарға орналастырылды. Қазір қоғамның, сала бойынша мамандардың тың пікірі ескеріліп, бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Барлығы 4 жыл ішінде өңірлерде 5 миллионна астам адамды қамтитын 25 858 іс-шара өткізілді. 2021 жылдың 28 қаңтарында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысына латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды. Жетілдірілген әліпби қазақ тілінің 28 дыбысын толық қамтитын латын әліпбиінің базалық жүйесінің 31 символын қамтиды.

Мектепке қатысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істердің тағы бір бөлігіне шолу жасасақ, «Туған жер» арнайы жобасы қабылданды. Оның ішінде Өлкетану блогы жас ұрпақтың қоршаған ортаны танып-білуіне септігін тигізіп жатыр. Қазірдің өзінде республика бойынша 2 357 мектептің өз музейі бар. Ресми ақпаратқа сәйкес, турист-өлкетанушылардың 40 станциясы мен орталығы, 2050 туристік-өлкетанушылық мектеп үйірмесі жұмыс істеп тұр. Бұл арнайы жобада 90 мыңнан астам бала қамтылды, олардың барлығы 7 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер.

«Рухани жаңғыру» туған жеріне деген ыстық ықыласын білдіргісі келетіндер үшін де үлкен мүмкіндікке жол ашты. Ресми ақпаратқа сәйкес, жоба жүзеге асып жатқан төрт жылға жуық уақыт ішінде 280 миллиард теңгеге жуық қаражат демеушілік қаржы есебінен тартылған. Ол қаржыға мектеп, аурухана, балабақша, тұрғын үй, мәдениет және спорт сарайы және өзге де нысандар бой көтерді. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Абайдың 175 жылдық мерейтойымен сәйкес келді. Бағдарлама негізінде Абай Құнанбайұлының кітаптары ағылшын, армян, араб, вьетнам, грузин, жапон, индонезиялық, испан, итальян, корей, қырғыз, малай, монғол, нидерланд, өзбек, португал, серб, түрік, украин, урду тілдеріне, ивритке және хиндиге аударылды. Олар 22 кітап болып басылды. 

Бұл жоба негізінде 4 жыл ішінде өңірлерде 2,8 миллион астам адамды қамтитын 10 147 іс-шара өткізілген.. 2017 жылғы қазанда Париждегі UNESCO Штаб-пәтерінде бағдарламаның тұсаукесері ұйымдастырылды, оның шеңберінде қазақстандық және шетелдік саяси және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция, картиналар мен фотожұмыстар көрмесі, Қазақстанның өнер шеберлерінің концерттері өтті. Сондай-ақ, жыл бойы бағдарлама шеңберінде республикалық театрлар мен концерттік ұйымдар әлемнің 11 еліне (Италия, Венгрия, Франция, Румыния, Бельгия, Ресей, Өзбекстан, Нидерланды, Германия, Әзірбайжан, Жапония) гастрольдер өткізді. Шетелдерде «Анаға апарар жол», «Қазақ елі», «Алмас қылыш», «Жаңғақ ағашы», «Оралман» секілді фильмдер көрсетіліп, қазақстандық киноның мәдениет күндері өтті.

Абай мен әл-Фарабиге арналған 60-қа жуық мақала шетелдік басылым беттерінде жарияланды. Жобаның маңызды оқиғаларының бірі 2018 жылы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының Италияға гастрольдік сапары болды, ол көпшілікке А.Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" операсын, сондай-ақ Бетховеннің 9 симфониясын ұсынды. Сондай-ақ, театр ұжымы өз өнерін Валенсия және Новосибирск қалаларында көрсетті. Сол жылдың қарашасында "Indigo at the O2" залында Димаш Құдайбергеннің Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында шығармашылық концерті өтті. 

Отандық бейнелеу өнерінің үздік үлгілері, соның ішінде Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайының қорынан Италия, Ресей, сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өткен халықаралық көшпелі көрмелерде ұсынылды.

Заман Төлеуов,

"Мәдениет порталы"

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...