Алаш арыстары жайлы кітаптар оқырманға жол тартты

РУХАНИЯТ
1360

Алаш арыстары – ұстаз, ақын, ғалым Біләл СҮЛЕЙҰЛЫ, ақын Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫР, ақын, ұстаз Мағжан ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ 130 жылдығына орай ерекше дизайн, көркем нұсқадағы кітаптардың тұсаукесері Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында өтті.

Бұл кітаптар – жас бүлдіршіндердің Алаш арыстарын танып білуіне, солардай болып ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ етуіне жәрдемін тигізер рухтылығымен ерекше. 

Тұлғалардың ғұмырындағы тарихи оқиғаларды, елеулі сәттерді тартымды, көркем жеткізген кітаптың бүгінгі қоғам үшін берері мол. 

Бұл кітаптың туындыгерлері бүгінгі Алаштанушы ғалымдар, руханиятқа еңбек етіп, зор үлесін қосып жүрген ұстаздарымыз: Елдос Тоқтарбай (Біләл Сүлейұлы –«Күрескер») , Заңғар Кәрімхан (Сұлтанмахмұт Торайғыр – «Өксік ғұмыр»), Ұшқын Сәйдірахманұлы (Мағжан Жұмабай – «Ұлт руханиятының алдаспаны») 

Бұндай форматтағы кітаптар Алаш қайраткерлерінің барлығына жазылып, «Qyr balasy» ҚҚ ұйымдастыруымен кешікпей оқырмандардың қолына жетеді.

Мәдениет порталы

Мемлекет басшысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Айтулы күнде мемлекет ба...

Жаңалықтар

Шымкентте асырап алған балаларына мал бақтырып, иттің етін жегізген ер адам сот алдында жауап береді...