Кеше біз «Шаңырақ» орталығының ұйымдастырумен, «Алаштан қалған аманат» тақыр...
«Рухани жаңғыру» аясында ішкі туризм қарқыны артты
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске қосылған төрт жыл ішінде 120 мыңнан астам іс-шара өтті. Оның барлығы алты бағыт бойынша жұмыс істейді. Қазір бағдарлама аясында 18 арнайы жоба іске асып жатыр. Соның арқасында өңірлерде жоабалу кеңселері ашылды, олардың жұмысы жанданып, қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметі жолға қойылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қай жобасын алса да, негізгі үш бағытты қамтиды. Алдымен – адамның жеке дамуы, екінші – ұлттық бірегейлікті сақтау, сондай-ақ халықаралық мәртебені арттыру. Үшінші – мемлекетті, азаматтық қоғамды және жергілікті қоғамдастықты дамыту.
Алғашқы бағыт бойынша әр азамат бағдарлама аясында аударылған 100 кітаппен танысып, «100 жаңа есім» жобасына да атсалыса алады. Өзінің икемі бар қырынан көрініп, даму жолында мүмкіндіктер жолға қойылған. Ал ұлттық бірегейлік мәселесі ауылдан бастау алып, туған жердің қасиетті, киелі жерлерімен жалғасады. Оны мектеп қабырғасынан бастап дәріптейді. Аталған бағытта «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қолға алынған.
"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында жалпыұлттық маңызы бар танымал орындар мен нысандар тізімі кеңейтілді. «Алтын адам», «Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі кесенелері» фильмдері түсірілді. Бұл фильмдер әлемнің алты тіліне аударылып, сапалы субтитрмен 700 миллионнан астам көрермені бар BBC World News, Discovery, Viasat history, National Geographic телеарналарында көрсетілді.
Сондай-ақ халықаралық қоғамдастықпен байланысты нығайту мақсатында Қытай, АҚШ, Түркия, Ресей, Финляндия, Корея, Малайзия, Венгрия, Швеция және басқа да елдердің ұлттық кітапханаларында 34 қазақстандық әдебиет және мәдениет орталығы ашылды.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы 2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Оның аясында 2 жыл ішінде өңірлерде 700 мыңнан астам адамды қамтитын 3 398 іс-шара өткізілген. 2019-2020 жылдары 411 ауылдық елді мекенде сапалы сумен жабдықтау мәселесі шешілді, 3 002 км жол, 874 білім беру объектісі және 267 денсаулық сақтау объектісі жөнделді.
1069 ауылдық елді мекенде кең жолақты интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді. Көрсетілген кезеңде қабылданған шаралар ауылдық жерлердегі халық санын 231,4 мың адамға 2019 жылғы 6 621,3 мың адамнан 2020 жылы 6 852,7 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 15 652 жаңа жұмыс орны құрылды, 158 әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектісі салынды және жөнделді, 1 347 әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектісі бюджетке салық төлемдері түрінде 12,5 миллиард теңге түсті.
«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы төрт жыл бұрын қабылданды. Соның аясында 4 миллионнан астам адамды қамтитын 14 802 іс-шара өткізілді. Жалпыұлттық маңызы бар 781 киелі орынның тізімі қалыптастырылды, Қазақстанның киелі жерлерінің интерактивті картасы әзірленіп, іске қосылды.
Қасиетті нысандарды толық визуализациялау виртуалды qazmaps.kz карта платформасында қол жетімді болды. Бүгінгі күні жалпыұлттық және жергілікті объектілер бойынша киелі нысандардың қалыптастырылған тізімі негізінде 253 туристік маршрут және қажылық турлары, сондай-ақ Қазақстанның киелі объектілері бойынша 128 археологиялық экспедиция әзірленді.
Бұл шаралар ішкі және сыртқы туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Республикалық маңызы бар 71 тарих және мәдениет ескерткішіне (Қожа Ахмет Яссауи кесенелері, Шоқай датқа, Бекет-ата жерасты мешіті, Сисем-ата қорымының объектілері, ортағасырлық Сарайшық қалашықтары, Ежелгі Тараз, ежелгі Түркістан, Отырар, Сауран, Ақыртас сәулет-археологиялық кешені, Абай Құнанбаевтың мемориалдық кешені және басқалары) ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Қазақстанның киелі нысандарын насихаттау мақсатында 2GIS электрондық картасына 64 киелі нысан енгізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары бір-бірімен тығыз байланысқан. Мысалы, мектеп бағдарламасына қосылған «Өлкетану» оқулығы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» ұлттық бірегейлікті сақтауға құрылған жоба туған жердің тарихы мен құпиясын ашуға, оны насихаттауға бағытталған. Ал Қазақстан бойынша «Өлкетануға» қатысты он мыңнан астам қосымша үйірмелер ашылған. Соның арқасында оқушылар өз жеріндегі киелі жерлерге барып таныса алады.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы басталған кезде республиканың киелі жерлеріне деген қызығушылық тек жергілікті тұрғындар арасында ғана емес, шетелдік қонақтар мен телеарналардың қызығушылығын тудырды. Төрт жыл өтсе де бұл қызығушылық, бұл жоба мәнін жоғалтпады. 200-ден астам киелі жер республиканың киелі жерлері тізіміне енсе, оның ішінде онға жуық жер халықаралық деңгейде ЮНЕСКО құрамына кіреді.
Заман Төлеуов,