Әлемуметтік көмектің аясы кеңеюде

РУХАНИЯТ
2838

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа нысандағы «Атаулы әлеуметтік көмек» қолданысқа енгізілді. Атаулы әлеуметтік көмек отбасылық табыс мөлшері әр жанға шаққанда 14 мың теңгеден аспайтын отбасыларына берілетін болды. 



Аталған демеу əсіресе, жалғыз басты аналарға біраз қолдау екені белгілі. Жұмыспен қамту орталықтары - бұл көмектің түрі шалғайдағы шағын елдімекендердегі тұрғындарға айтарлықтар пайда деп атады. Тұрмысы төмен отбасыларға қалай болған күнде де әжептəуір талғажау. Сонымен қатар осы Көмек аясында жəрдемақымен бірге тұрақты табыс көзі ретінде жұмыс орны да аталады. 

Көмек екі түрде көрсетіледі: шартты жəне шартсыз. Көмекке зәру əлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүгедектер мен көпбалалы отбасылар өтінім жасауы тиіс. Шартсыз əлеуметтік көмек – ай сайын жалғыз басты аналарға, зейнеткерлерге, бірінші жəне екінші топтағы мүгедектерге төленетін төлем. Ал шартты көмек дегеніміз жұмысқа орналастыру, жəрдемдесу жəне қажет болған жағдайда əлеуметтік бейімдеуге араласуға ыңғайлаған іс-шара. 

Осы көмек түрлері 3-6 ай мерзіміне белгіленеді. Қажеттік туындап жатса мерзімді созуға да болады. 

Атаулы əлеуметтік көмектің арқасында тұрмыс тауқыметін тартқан талай отбасының жағдайы түзеліп, беттеріне шыр жүгірді. 


З. Самалбекұлы 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...