«Нұр-Отан» мен ҚХА жиындарын осы жолы бастан аяқ көріп, тыңдадым. Қазақша сөйлесе, еркін...
Тәліптер Ауғанстандағы 20 жылдық соғыс аяқталды деп жариялады
«Талибандардың» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) Ауғанстандағы 20 жылға созылған соғыстың аяқталғаны туралы хабарлады. Тәліптердің ресми өкілі Мухаммед Наим елдегі әлі биліктің қандай түрі болатыны белгісіз, бірақ ол жақын арада жарияланады деп жазады РИА Новости.
Сондай-ақ тәліптер Ауғанстан халқы мен шетелдік дипломаттарға қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз деп уәде беріп отыр.
Сонымен қатар олар барлық ауғандық қайраткерлерге қорған болуға кепілдік берді, тәліптер олармен келіссөзге шығуға дайын.
Ауғанстанда америкалық әскер елден шығарылған соң жағдай бірден ушығып кеткен болатын. «Талибан» қозғалысының әскерлері ашық шабуылды бастап, қысқа мерзім ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды. Кейбір провинциялар мен қалалар ұйымның күштеріне ұрыссыз берілді. Осылайша, тәліптер «Ауған жапырағы» дірілдете бастады.
Кеше тәліптер Ауғанстан астанасы – Кабул қаласына кірді. Алайда шабуыл жасаған жоқ. Билікті беру туралы келіссөздер басталды. Ауғанстан президенті Ашраф Гани отставкаға кетті. Ал бүгін Қазақстанда Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді.