Қазақстандық фильм Қазан кинофестивалінде үздік атанды

КИНО
1466

Режиссер Фархат Шәріповтің "18 килогерц" фильмі ХVII Қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесін қанжығасына байлады. Картина үздік толықметражды ойын фильмі атанды. Мұнымен қоса, картина операторлық жұмысы үшін де марапатқа ие болды, - деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Еске салайық, "18 килогерц" фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавадағы Халықаралық кинофестивальде өткен болатын, онда картина сенсациялық түрде гран-при жеңіп алды. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды.

"18 килогерц" фильмі - 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалатын көше тарихы. Фильмдегі басты рольдерді дебютант актерлер сомдаған: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Кинокартина 2020 жылдың қазанында сенсациялық түрде 36-шы Варшава Халықаралық кинофестивалінің гран-приін жеңген болатын.

Одан бөлек, "18 килогерц" фильмі Азиядағы ең ірі кинофестивальде - Пусан халықаралық кинофестивалінің "Азия киносына терезе" атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді. Енді алдағы күндері Алматыда фильмнің ақтық түсірілімі өтеді.

XVII Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан республикасының астанасында 5-10 қыркүйек аралығында өтті. Биыл форумға 45 елдің кинематографистері өтінім берген.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...