Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай мемориалд...
Иорданияда Қазақстанның кино күндері өтті
Иордания Хашимит Корольдігінің астанасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстандық кино күндері өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Иорданияның кинематография бойынша Корольдік комиссиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Иорданиядағы елшілігі ұйымдастырды.
Кинокөрсетілім Амман қаласының ең көне аудандарының бірінде орналасқан «Кино үйінде» өтті. Қазақстан елшісі Айдарбек Туматов қазақстандық кинематографияға танытқан қызығушылығы үшін алғысын білдірді.
Шара режиссер Нұргелді Садықұловтың «Балуан Шолақ» көркем фильмінен басталды. Кинокартина көрерменнің жоғары бағасын алды. Келесі көрсетілген фильм – режиссер Ақан Сатаевтің «Жаужүрек мың бала» кинокартинасы.
Фильмдер түпнұсқа үлгісінде, ағылшын тіліндегі субтитрлерімен көрсетілген. Шараға дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Иордания астанасының қоғам қайраткерлері мен тұрғындары қатысты.