Режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмі көрерменге жол тартты

КИНО
2510

Алматыда Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің ресми тұсаукесері өтті.

Фильмді қоюшы режиссер – Ақан Сатаев, сценарий авторы – Бекболат Шекеров, екінші режиссер – Жайна Әбдиева, грим бойынша суретшілер – Лидия Ордынская, Ботагөз Әбдібаева, костюм бойынша суретші – Дина Буксикова, кастинг-директор – Майра Әбдиева. Актерлік құрамнан Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрлан Әлімжанов, Айдос Әбдіқадыров, сондай-ақ тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев және тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Тәттігүл Қаратаева және басқалар қатысты.

«Фильм бір жылдан астам уақыт iшінде түсірілді. Сонымен қатар монтаждау жұмыстары қатар жүріп отырды. Біздің түсірілім тобымыз 2500 адамнан құралды. Әркім өзіне міндеттелген жұмысты бар абыроймен атқарды. Осыған байланысты мен бүкіл топқа үлкен алғысымды білдіремін», - деді Ақан Сатаев фильмнің премьерасында.

Сондай-ақ, режиссер фильм бойынша жұмыста шынайы, тарихи фактілерге көп көңіл бөлінгенін, өйткені XIV-XV ғасырлар қазақ тарихындағы іргелі уақыт болып табылатындығын, осы кезеңде қазақ мемлекеттілігі пайда болғанын атап өтті.

«Бұл менің кинодағы алғашқы тәжірибем, бұған дейін фильмдердің қалай түсірілетінін білмедім. Түсірілім барысындағы қиындықтарды көріп режиссерге келесі ретте тек көрермен болатынымды айттым. Біз сценарийшілермен әр эпизодта, әр тарихи оқиғада тығыз жұмыс жасадық. Сценаристер жұмысқа шығармашылық жағынан келді, ал біз тарихи тұрғыдан келдік», - деді профессор Берекет Кәрібаев.

Киносүйер қауым аталмыш туындыны кинотеатрлардан тамашалай алады. 

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Алматылық блогер Дархан Жолшыбеков оқырманына зәулім үйін сыйға тартады, деп хабарлады madeniportal....

Жаңалықтар

24 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды, деп хабарлады madeniportal.kz. Ұлттық банктің дерегі...