Қазақстандық фильмнің премьерасы Пусан кинофестивалінде өтеді

Жаңалықтар
1759

Режиссер Шарипа Уразбаеваның «Қызыл Анар» ("Красный гранат"/Red Pomegranate) атты жаңа фильмі 26 -шы Пусан кинофестивалінің (Оңтүстік Корея) басты байқау бағдарламасына енді, - деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

«Қызыл Анар» кинотуындысы New Currents номинациясында ұсынылған. Аталмыш фильмнен басқа Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнамнан тағы 10 фильм осы категорияда бас сынасады. Байқау ережесі бойынша қазылар алқасы екі жеңімпазды таңдайды және олардың әрқайсысы $ 30,000 көлемінде жүлдеге ие болады.

«Қызыл Анар» - зорлық -зомбылықтан аман қалып, әділдік іздеген әйелдің оқиғасы. Шарипа Уразбаеваның сөзімен айтсақ, «бұл кезекті әлеуметтік драма емес, шынайы оқиғалармен өрілген поэтикалық кино».

Түсірілім тобының айтуынша, фильм рекордтық уақытта, яғни 12 күнде таспаланып біткен. Негізгі орын ретінде Алматы облысы таңдалып, толық процесс 2020 жылдың тамызында аяқталған.

«Бұл біздің Шарипамен алғашқы бірлескен жобамыз. Мұнан бөлек бірлесіп жүзеге асыру үшін кем дегенде тағы бес жобаны жоспарлап отырмыз. Шарипа Уразбаева, меніңше, талантты және перспективалы кинорежиссер, - дейді фильмнің продюсері Думан Қожахметов.

Пусан халықаралық кинофестивалі - 1996 жылдан бері Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында жыл сайын өткізілетін Азиядағы ең ірі кинофестиваль. Кинофестиваль биыл 6-15 қазан аралығында өтеді.

Айта кетейік, "қызыл Анар" Шарипа Уразбаеваның толықметражды екінші туындысы. Режиссер алғашқы "Мәриям" атты толықметражды фильмі үшін Лондонда өткен 22-халықаралық «Rainbow Film Festival» кинофестивалінде «үздік режиссер әйел» атанған.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...