Димаш Құдайберген Жапонияның NHK арнасына қазақша сұхбат берді

Жаңалықтар
3661

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Жапонияның NHK ұлттық арнасына сұхбат берді. Бұл туралы әншінің өзі Іnstagram парақшасына жазды.

«Тарихи терең осынау елге алғаш рет қонақ болып келгеніме өте қуаныштымын», - деді Димаш. Ол әр елде өнер көрсетіп, осы деңгейге жетіп отырғаны ең алдымен ұстаздарының арқасы екенін айтты. 

«Қазақстанда туып, дүниеге есіп ашқаныма ерекше қуанамын, мақтан етемін. Әлемнің қай түкпіріне барсам да, қазақтың өнерін көріп өскен, қазақтың суын ішіп, балын жеген бала екендігімді ерекше мақтан тұтамын», - деді Димаш. Жапон журналистері қазақтың домбырасына деген таңғалысын жасыра алмай, Димаштан домбыраның сиқыры неде екенін сұрады. «Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың рухы. Ол жай аспаптан да үлкен дүние», - деді Димаш. Әрі реті келсе, Жапонияда үлкен концертін өткізіп, домбыра үнінен сусындатуға уәде берді.

author

Димаш Құдайберген

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сот бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды madenip...

Мемлекет басшысы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай елімізді...