Қазақконцерт жаңа маусымын ашық деп жариялайды

Жаңалықтар
1087

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі Қазақконцерттің 61-концерттік маусымының ашылуына арналған салтанатты кешке шақырады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Концерт 24 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.

Бұл кеште өнер сүйер қауым классикалық музыканың үздік туындылары мен атақты опералардың арияларын тыңдай алады. Концерттік бағдарламаға «Абай», «Дон Паскуале», «Мадам Баттерфляй», «Дон Карлос» т.б. опералардан ариялар мен В.А.Моцарт, А.Вивальди, Дж.Пуччини, Ж.Массне, П.И.Чайковский, А.Жұбанов, Л.Хамиди, Т.Қажығалиев сынды белгілі композиторлардың шығармалары енген. 

Баршаға танымал бұл шығармаларды Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі және Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері орындайды. Олардың қатарында: Айгуль Ниязова, Айзада Капонова, Азат Малик, Бахытжан Жантурганов, Жібек Мусургалиева, Қалқаман Дюсембаев т.б. белгілі солистер бар. Концерттің дирижері – маэстро Айдар Торыбаев (Украина). 

Қазақконцерттің жаңа маусымашар концерті Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...