Биыл қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл. Бүгін Ор...
Әлібек Байбол. Сағыныштың исі
– Алғашқы рет сағынғаның есіңде ме? – деді ақ көйлекті ару.
– Иә! – дедім мен.
– Мен де... – деді ол, ентіге сөйлеп. – Исі ше? Исі? – деді ару сезімге ерекше ерік... ерік беріп.
Мен оған қарадым, ол да маған біртүрлі қарады, таңдана.
– Сағыныштың исі қандай еді? Есіңде ме? – деді ару екіленіп. – Бір сұрақ қояйыншы!
– Қоя ғой! – дедім мен.
– Ұлылық дегеніміз не?
Тосындау сауалға тосылып, абдырап қалғаным рас. Бұл – ең сұмырай сұрақ, әсілі. Сонымен қоймай, тәтті сұрақ. Менің үнсіз... үнсіз қалғанымды байқаған қыз былай деді:
– Ұлылықтың шеті де, шегі де жоқ. Қарапайым адам да ұлы бола алады. Тек сенім қажет. (Пауза) Сенім керек. Ұлылық қатерлі ісік секілді адамның ішінде болады. Жасуша секілді. Иә, иә, тура жасуша секілді. Оянса бітті, сонан соң оны тоқтату мүмкін емес. Мүмкін емес, түсінші! Мүмкін емес... мүмкін емес. Яғни, бұ сауалға жағымды дауыс иесінің де жауабы дайын, әзір. Жалпақ жамағат үнсіз қалды. Жағымды дауыс иесі:
– Рас па? – деді.
Бәрі жан-жақтан жамырай кетті:
– Рас!
– Дұрыс!
– Келісем!
– Келісеміз!
– Мен Құдайға сенбеймін, негізі. Бисмиллахир-рахманир-рахим. Ұлылықтың кеңесшісі – сұлулық, – деді ару.
– Сұлулық та ұсқынсыз болады. Сұлулықта көз жоқ. Сұлулық – соқыр. Соқыр кейуанадай. Алдамшы. Оған сенбе! – дедім мен, шыдай алмай.
– Нәжіске жиылған шыбын ұқсап нені талқылап отырсыңдар, ей? – деді бір кезде өте-өте өңді жігіт.
Ол оны сағынды. Иіскеді. Сөйтіп... сөйтіп... сөйтіп барып мауқын басты. Екеуі қолыстасқан қалпы қалбалақтап ұзай берді, ұзай берді... Жиылған жамағат ішінен біреу алға озып:
– Бұл кім болды екен, сонда? – деп ортаға сауал тастады.
Бәріміз – аң-таңбыз!..
Әлібек Байбол