ДМИТРИЙ МЕНДЕЛЕЕВ – атақты орыс ғалымы, энциклопедист Анасы – МАРИЯ...
Сұраған Рахметұлы. Азиядағы жаңа геосаяси ахуал хақында
Бүгінгі ғаламдық тартыс пен арпалыстың шиеленісті жүйесі Азия Тынық мұхит аумағынан (АТА) асып төгіліп, Еуразияның кіндігіне ұялай бастаған әртүрлі саяси ахуалдарды ушықтыра түсуде. Орта Азияның шеңберіне қарай ентелей бастаған мүдделердің басындаға орынға АҚШ, Ресей, Қытай мемлекетері орнықты да Үндістан, Иран, Пәкстан, Израйл (Жөйіт) қатарлас елдер әріптестік жасаудың ұрымтал тұстарын аңдумен келеді. Геосаяси ойындардың тұспалды сырыр-сипаты осы заманға сәйкес өзін ірі санайтын бір шоғыр елдердің ішкі ауанынан айқын сезілетіндей.
Өткен ХҮІІІ, ХІХ, ХХ ғасырдағы барлық саяси қойылымдар салдарынан көптеген елдер «бірінің етін бірі жұлып жеді» деуге болады!
Геосаяси жеке дара қисынды һәм саяси жағрафиялық ұғымды кең дүниенің бір кілті ретінде аламзаттың құлықына әкелген ғұламалар: шведтік Рудольф Челлен (Rudolf Kjellen 1864-1922) мен неміс зердегері Фридрих Ратцель (Friedrich Ratzel 1844-1902),Хэлфорд Маккиндер (Halford John Mackinder 1861-1947) қатарлы көсемдер еді. Соңғы кезде бұл ғұламалардың ілімдері мен ұғымдары түбірімен өзерді.
Геосаясат, геоэкономика, геостратегия, геомәдени т с с. әрекеттердің ауқымы да ұлғайды.
Күштісі әлсізге экономикалық қысым жасау, өзіне тәуелді ету, ұсақтарды ірі акула базарына жұту, арзан жұмыс күшімен шырғалау түрлерімен көрініп жүр.
ЖІӨ-нің өсімі 18,3 пайыз жедел, жан басына шаққандағы үлесі 2936 американ долларына тең әрі әлемдік нарықтың 30 пайызына еге ҚХР солай геоәрекетке баратын болды...
Ал, жымысқы, жұмсақ күшімен үстемдікті жоспарлап, өзге елдерді іштей іріту, баяғыдан бері қара құлыпты сандығына сақтаған экспансиялық, агрессияшыл шабуылды күшейтіп, мүлдемге қауіпті жөлер сылтауларды құтыртып, құбылту, идеологиялық бопса тәсілдердің түгелін геосаяси ойынның ережесіне негіздеумен келе жатқан ел де осы Жунго.
Гитлердің Барбаросса жоспары оның жанында ештеңе емес,түкке тұрайтын оқиға болып қалуы да мүмкін. Мінеки енді ХХІ ғ. бұған кибершабуылды да қосты. Оның қаржысы да ұшан теңіз!
Мінеки алдына жан салмайтын Жапониямен бәсталаса экономикалық жағдайын сегіз жылда 2.3 есе өсіріп басып озған Қытай өзінің геоэкономиксы арқылы алтын аяқтан ас іше бастады.
Бүгінгі ғаламды алаңдатып отырған отты қару саудасы және оның қуаты туралы да көп әңгіме айтуға болады. Дүниенің күллі аумағында дүрліккен геосаяси сауда қызып тұр.
Бір ғана мысал; Орыстың құрлықаралық «Сармат» немесе «Сайтан-2» зымыраны 18 мың шақырымға жететін ұшқыр қару. Бір секунтта 7 шақырымға ұшады. АҚШ-ның «В-2», «В-3», «В-21» стратегиялық жойғыштарымен сұстанады. Супер жойғыштар шексіз кеңістікте ядролық моторлы, радарға ілінбейтін қанатты жарақтары қабағат көз ілеспес маневр жасай алады. Осы тұрғыда ғаламдық геосаяси ахуалдың беталысы өте күрделі.
Жуықта ғана АҚШ Орталық Барлау басқармасыың басшысы Уильям Бернстің мәлімдемесі жарияланды да Қытайдың қауіпінен сақтану үшін «China Mission Center» органын орнатты. Бұл ұйым Қытайдың ең қатерлі геосаяси қорғануды қамтамасыз етеді~міс. Ғаламдық әскери сарапшылар аталмыш құрлымнан кейін енді дүниежүзілік кезекті «қырғи қабақ соғыс»(1945-1990 жж) қайта басталды деп шу көтеруде.
Жон Байденнің таққа отырған сәттегі бір мәлімдемесінде: Қытай Азия-Тынық Мұхит аймағына қауіп төндіретінін ескерткен.
Бұған қарсы Қытай басшысы Си Жиньпин Синьхай төңкерісінің 110 жылдық тойында яғни 2021 жылы 9 қазанда жасаған мәлімдемесінде: Тайваньді бейбіт жолмен қосып аламыз деп мәлімдеме жасап үлгерді. Тіптен 2025 жылы Тайваньға қарай түбегейлі шабуыл жасау туралы да анық жоспары барын жасырмайды. Ендеше таяудағы 2045-2049 жылдары тағы қандай елдерге қандай құрық салатыны туралы да қатерлі межелері бар.
Алайда Тайвань президенті Цай Инвэнь Қытаймен тең дәрежеде халықаралық құқық, БҰҰ-ның резолюциясындағы лаңкестікке қарсы бұлтарыссыз шешімдерге жүгініп, заң жүзінде сөйлескісі келеді. Цай Инвэнь Лондонда білім алған текті тегеуірінді темір ұрғашы. Қорғаныс министрі Чиу Куо Чэн елінің шекара шебін қорғау үшін сүйенгені де күшті, ештеңеден тайсалмайтын ержүрек баһадүр. Сыртқы Істер министрі Жозеф Вудің (Jozeph Wu) мәлімдемелері салмақты,әрі сенімді. Сенімді болатын себебі, ғаламдық мәмлегерлік ілімді Огайо штатында игеріп, дүниежүзілік санатта оқыған американшыл зиялы.
Ал, осылар арқыры азулы АҚШ-тың көздегені Азия-Тынық мұхитты басқару. Осы жолда Тайваньнің солтүстік шығысындағы Сенкаку аралы (Дяоюйдао) айлағына қатты назар салатыны белгілі. Сол тұрғыда Шығыс Қытай теңізіне қарай дүркін-дүркін жосып келтіріліп жатқан әскери кемелеріне тиелген зымыранға қарсы қорғаныс қондырғыларын құруға мүдделі. Бұл ретте «Der Spiegel» апталығы Жапония мен Қытайдың даулы аралдары ғаламдық геосаяси жағдайдың ушығуына түрткі болуын әшкере етті. Бұл туралы Дүниежүзіндегі ақпарат әлемі осы жағдаят бойынша Тайвань айналасындағы өрбіген геосаясаттарды төңіректеп жазады.
Жуықтан бері Жапонияның жаңадан сайланған үкіметбасшысы Кишида Фумио Ресейден өз аралдарын қайтаруды талап ете бастады! Оның үстіне «құланның қасынуына, шүріппенің басылуы» сәйкесіп АҚШ-тың кемесі (USS Connekticut), Ұлы Британияның «Queen Elizabeth», АҚШ, Австралия, Жапония, Канада, Голандиянің «Carrier Strike Group 21» теңіз әскери флоты Тайвань аралдарын бақылап жүрген жерінде АҚШ-тың бір ядро теңдеген кемесі оқыстан бір шырғалаң жағдайға душар болды да тағы да дау көтерілді.
Гуам аралындағы әскери базаға жеткен кеменің соңында Филиппин, Бруней, Малайзия, Тайвань, Вьетнам қатарлы елдер жарыса Қытайдың геоәрекетін жазғыра бастады. Не десек те Қытайдың қыр көрсетуіне қыңбайты, қыңыратқы күш Америкада тұр. Қытайдың геосаясаты аумалы төкпелі күйде. Маңайлас құрлықтас елдердің бәрімен жұлысып келеді.
Баяғы 1975 жылы Вьетнаммен қақтығысы тарихта аса жағымсыз оқиға ретінде қалды.
Жан саны мен әлеуеті жағынан паралас Үндістан мен Қытай арасы да оңып тұрған жоқ.
Үндістан мен Қытай қақтығысы өткен жылдан бері он шақты рет орын алып жүзге жуық шеріктердің қазасымен сәл доғарылса да содырлық үлгідегі әрекеттері әлі де толық мәмілемен көзделген шептен шектетілмей келеді!? Жуықта тағы да Қытай әскері Үндістан шебіндегі талас аумаққа басып кіруінен төбелес соңы атыспен тынды. Осы сұмдықтың түбі Азия-Тынық мұхит аумағын түгелдей қамтыған геосаяси апатқа сүйреп қанды қақтығыстарға тақап келеді. Ғаламдық жаңа қарудың жаңа сынағы көрінеді.
Бұрынғыдан өзгеше технологиялық жарақ немесе «U-2 R/TR Dragon Lady» аталатын жасанды интеллектілік алгоритімі қарқынды, ішінде кісісіз танклері сақадай сай т с с.
Тайваньда тұтануы мүмкін майданға арнайы жабдықтаулы жалпы құны 1.8 млрдқа тең басқа елдерде болмаған тың қару-жарақтар түзімі таңғаларлық деп те жазылады...
Оның үстіне солтүстік Корея КХДР өте қуатты алып сүңгуір кемесін іске жеккені туралы Американың Барлау қызметі жариялады. “The Diplomat” Gorae/Sinpo түріндегі “Sinpo-C” су жаңа кеменің ені 11 м, салмағы 2000 тонн, дизель-электр моторлы,әлденеше баллистик зымыран тасымалдайтын күші бар дейді. Осы жағдайдан кейін де АҚШ сескеніп қалған секілді.
АҚШ ендігі кезекте өз әскери контингентін Қазақ елінің аумағына қарай қарататын сыңайы байқалады. Қазақстан Орта Азияның ең ықпалды,қазба байлықтары мол мемлекет болғандықтан алпауыт күшті жетінің де назарын қатты тартады.
Мінеки, Қазақ Елі енді Италиямен әскери ынтымақтастыққа жол тартты. Қазақстанның сыртқы геосаясатының аса маңызды бөлігі ~ Азия-Тынық мұхит аумағы елдерімен әр салада тығыз байланыста болуы өте түсінікті жай.
Осы тұрғыда да Шанхай Ынтымақтасу Ұжымы (ШЫҰ) (1997) жылдан бастап аса белсенді әрекеттер жүргізе бастағанымен өзге елдердің түрлі егестіктерінің екі жақ жүзін өрескел өткірлей түсуінде айрықша мән бар.
Жуықтан бері АҚШ өз антитеррористік күштерін Өзбекстанға орналастыру жағына да мән беріп келіссөздер өткізе бастауы да тегіннен тегін емес.