Әсем қаланың төріндегі Алматы музейінде қазақтың көрнекті мүсіншісі Бақытжан Әбішевтің «...
Канттың философиялық жүйесі
Иммануил Кант (1724 -1804) неміс классикалық философиясының негізін жасаушы, ол логика, теология, философиямен қатар математика мен жаратылыстануды да терең зерттеді. Кант философиясының дамуын әдетте екі дәуірге бөледі: бірінші — «сыншылдыққа» дейінгі 70-ші жылдарды атайды, екінші — «сындық кезең», негізгі туындылары да сол арада философты дүниежүзілік даңққа жеткізген: «Таза ақыл-парасат сыны» — таным теориясына арналған ең негізгі шығармасы болып табылады; «Тәжірибелік ойлыақыл сыны» — этикалық ілімді баяндайды; «Пікірдің қабілеттілік сыны» — эстетика, табиғаттағы мақсаттылық туралы ілім.
Философ, табиғаттың шексіз құнарлылығына меңзей отырып, күн сайын сансыз жойылып отырылатын жануарлар мен өсімдіктердің орнына басқа жерлерде олардан кем түспей өндіріліп отырылатындығының арасындағы ұқсастықтарын жасады. Дәл осылай әлемдер және әлемдердің жүйелері мәңгілік тұңғиықпен сіңісіп кетеді, аспанның басқа жерлерінде жаңа құрылымдармен кемушілік, молдықпен толықтырылады. Жаратылыстануға Канттың тарихи, диалектикалық тұрғыдан шығуы сол уақытта үстемдік етуші метафизикалық дүниетануына маңызды соққы болды.
«Сыншылдыққа дейінгі кезеңнің» өзінде Кант, таным шекаралары туралы айтты. Егер, Әлемнің хаостан пайда болуының таза табиғи, механикалық түсінігін беруге болса, ал мұны қарапайым тірі организмдерге жасауға болмайды. Бұл жерде, — деп ойлайды философ — құдайлық ерікке негізделген мақсаттылық принциптердің технологиясы үстем болады.
Біздің барлық біліміміз тәжірибеден, сезім органдарының жұмысынан басталады. Оларға адамнан тыс сыртқы әлем заттары немесе Канттың айтуы бойынша «өзіндік заттар» әсер етеді. Сезімдегі өзіндік заттардың әрекеттерінен болатын түйсіктер, Канттың пікірі бойынша, ештеңесімен түпнұсқаға ұқсас емес. Олар тек қана субъективті сезімдердің қасиеттеріне жатады, олардың модифика-циялары болып келеді және объекті туралы білім бермейді. Мысалы, шараптың жағымды дәмі оны рахаттана ішіп отырған субъекті сезімдері, оның объективті қасиеттеріне жатпайды. Түстер де денелердің қасиеттері емес, олар тек қана жарықтардан белгілі бір өзгерістерге ұшырайтын көру сезімдерінің модификациясы ғана. Демек, түйсіктер «өзіндік заттардың» әсерінен адамдық сезімде болғанмен олардың бұл заттармен еш байланысы жоқ. Түйсіктер -бейнелер емес, ол заттардың символдары.
Бірақ біздің біліміміз тәжірибеден басталғанмен, бұдан, олар тұтас күйінде тәжірибеде болады деуге болмайды. Білім, Кант бойынша екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімді философ «материяның» білімі деп атайды. Бұл түйсіктердің селі, немесе a posteriori беретін білім, эмпирикалық білім, яғни тәжірибе жолымен. Екінші бөлім — форма — тұтастай дайын субъектіде, рухта болатын тәжірибеге дейін берілген, а ргіогі.
Априоризм (кез-келген тәжірибеге дейін бар, туа біткен) ұғымы арқылы Кант ең анық білімге жетудің мүмкіндігін негіздеді. Кант жалпыға бірдей және қажетті білімге жету барысындағы түйсіктік танымның рөлін, тәжірибенің рөлін жете бағаламаған рацоналшылдардың жалпы нанымдарын бөлісті. Сонымен қатар ол математикалық білімді сөзсіз қажетті деп есептеді. Бұл қиыншылықтан шығуды ол априорлықтың көмегі арқылы шығуға тырысты: тек априорлық пікір жалпылық сипатқа ие, ең анық және объективті. Кант үшін «априорлық», «қажеттілік», «жалпылық», «объективтілік» сияқты ұғымдар бір-бірімен тең сияқты қолданылады. Сонымен қатар ол априорлық білімдердің туа біткендігін мақұлдамады.
Егер «материя» тәжірибедегі білімдер қатарында болса, Канттың ойынша, онда ол апостериорлық сипатта, ал түйсіктік таным түрлері тәжірибеден тыс, априорлы. Тәжірибедегі танымда заттарды қабылдауға дейін, бізде эмпирикалықтан азат «таза» форма яғни кезкелген тәжірибе жағдайының көрнекті үлгісі болу керек. Мұндай «таза формалар», априорлық көрнекі үлгілер ретінде кеңістік және уақыт болып табылады. Философтың пікірі бойынша, кеңістік және уақыт — ұғымға, елестетуге, ақылға жатпайды, ол сезімділіктің нақ формасы. Кант мұны былайша дәлелдейді: ұғым дискурсивті және өзіне әралуан түрлер қосады, мысалы, «адам» ұғымы өзіне әртүрлі адамдарды қосады. Бірақ мұны кеңістік пен уақытқа қатысты айтуға болмайды. Кант, жалғыз — бір ғана уақыт және жалғыз — бір ғана кеңістік бар болады деп ойлады. Демек, кеңістік және уақыт — интуициялық сипаттағы жеке нобайлар. Кеңістік ешқандай да өзіндік затгардың қасиеті болып саналмайды, уақыт та өзіндік заттарға тән емес, қасиеті де бола алмайды, олардың субстанциясы да емес. Кант, кеңістік пен уақытты субъектінің ерекше қасиеттеріне айналдырады.
Канттың ойынша, таным процесі үш кезең, үш сатыдан тұрады: сезімдік таным, ақылды таным, ойлыақылды таным. Танымнын бірінші сатысы — жоғарыда айтып еткендей, сезімділік өрісі, адамның түрлі субъективті кеңістік пен уақытты аңғару арқылы ұйқы-тұйқы түйсіктерді реттеу қабілеттілігімен сипатталады. Канттың ойынша осындай жолмен; сезімдіктің заты немесе құбылыстардың әлемі құрылады.
Келесі саты — ақылдың өрісі. Тәжірибе қарекеттіліктің өнімі, бір жағынан — сезімділіктің, келесі жағынан — ақылдың. Сезімділіксіз бізге бірде-бір зат берілген болмас еді, ал ақылсыз бірде-бір зат туралы ойлай алмас едік. Мазмұнсыз ой — бос қуыс, ал көрнекі түсініктер ұғымдарсыз соқыр. Білім, сонымен екі шарттан тұрады: сезімділік және ақыл. Сезімділіктің негізінде қабылданған пікірлер, тек субъективтік мағынаға ие — қарапайым байланысты қабылдау. Қабылданған пікір «объективті» мағынаға ие болу керек, яғни жалпылық және қажеттілік сипатта болып және осы арқылы «тәжірибелік» пікір болу керек. Ол, Канттың ойынша, қабылданған пікірді ақылдың априорлық категориясының астарына әкелу керек. Кант мынандай мысал келтіреді: «Тасқа күн сәулесін түсіргенде, ол жылиды». Канттың сездері бойынша, біз бұл жерде күннің жылуы мен тастың қызуының арасындағы себеп — салдар байланысы айқындалмаған, пікірді қабылдаудың қарапайым түрін көреміз. Ал егер біз: «Тасты күн жылытады» десек, онда бұл жерде пікірді қабылдауда ақылды ұғым қосылады, немесе себеп категориясы бұл пікірді тәжірибелікке айналдырады.