Нұр-Сұлтанда «Тал бесіктен - Жер бесікке» атты жаңа форматта концерт өтті

Жаңалықтар
1657

Елорда көрермендеріне Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында «Тал бесіктен - Жер бесікке» атты жаңа форматтағы театрландырылған сахналық қойылымын тарту етті. Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Гүлмира Құттыбадамова.

Кештің мақсаты нәрестенің дүние есігін ашқан күннен бастап, қартайған шағына дейінгі сәттер әсем ән мен үйлесімді әрекет арқылы баяндалып, адамның бүкіл саналы ғұмырын театрландыру арқылы көрсетті. Рухани маңызды қойылымда, хор ұжымы ән айтып, өлең оқи жүріп, «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», «Сырға салу», «Сыңсу», «Жар-жар», «Той бастар» сияқты қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ерекше тарту болған тың дүние ел есінде біраз уақытқа дейін сақталатыны сөзсіз.  Кеште филармонияның Камералық хор ұжымымен қатар Сарыарқа ансамблі, Халық әні бөліміартистері өнер көрсетіп, көрерменге ерекше қойылыммен концерт ұсынды.

Хордың театрландырылған сахналық қойылымында «Бесік жыры», Халық әндері «Ахау, керім», «Балапан қаз», «Шилі өзен», Абай Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып», Біржан салдың «Теміртас», Сәкен Сейфулиннің «Тау ішінде», Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш», Бақытжан Байқадамовтың «Он алты қыз» сынды әндермен қатар, Құрманғазы мен Махамбеттің күйлері орындалды. Ерекше форматта жаңаша театрландырылған хор қойылымының берер тәрбиесі мен тағлымы орасан зор. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...