Жапон жазушысы Рюноскэ Акутагаваның «Шабылған бас» хикаясындағы майор Кимура мен инженер...
Гёте. Өткен оқиғалар туралы. Венеция 1790
Кәне, ақындар – өздерің қараңдаршы!
Шашылуда қаржылар, шашылуда көп күндер.
І
Өмір безендірген сенің табытыңды, мекеніңді, табынатын жайыңды: Құдіреттім құдайым, күштер, құдайлар билеп айналаңды, артынан алақұла шұбарлана билеп айналаңды ретімен бірлесіп ән салады, сырнайшы қалың қабағын ауаға толтыра, мүйізді сырнайын үдете үріп, қарлықтыра дауысты үнге қосады.
Даңғарақтар, дабылдар даңғыр қағады: біздер гауһар тастарды есітіп те, көріп те жүрміз. Алған құстар, сені де ағып тұрған жемістерге кел деп шақырады! У-шу, азан-қазан сені қорқыта алмас; Амурдан да ол қорқып қашпас: Алау шырағы мейір қанғанша көңілді көтеріп ала-құла шұбар киімдіні тәңір берген.
Өмірге деген құштарлық биік тұрып өлімнен – және де күдіктенеді: Оған қатысы болған, мазарда тыныш ұйықтап жатқан мәйіт те.
Достары енді осы сәнді тоқымамен ақынның мүрдесін орап қойсын: Ақын өмірімен өлеңдерін бағалы зерделеп, өрнектеп қойған.
8
Бұл қайықты, төмендетіп жапсырылған табытқа ұқсап қалған, теңестірем бірқалыпты тербетілген бесікке. Дәл сондай! Үлкен арна-өзек бойымен аспа бесіктен табытқа дейін біздер уайым-қайғысыз, бірқалыпты тербетіліп, жылжып, өмірден өтіп барамыз.
11
Ох, қалайша шіркеу қызметкерлері дабыл қағад! Сөйтіп олардың қоңырауларына бірі де қалмастан жетіп келіп жиналады, сондағысы кешегідей бүгін де өткен-кеткендерден өсек айту.
Жо-жоқ, шіркеу қызметкерлерін сөкпеңдер: адамдарға не қажет екенін олар жақсы біледі. Бүгінгі күні келістіре сөйлегендей, ертеңгі күні де келістіре сөйлей алсаң, бақытты жан боларсың.
18
Көктемнің жұмсақ көк шөбін жалаң аяқ басып жүрген, сондай-ақ жас қозыны нәзік қолмен толқындата сипаған қандай рахат.
Бұталардағы жайқала өскен жаңа гүлдерді көру – ғажап.
Сабырлықпен – мұңлы көзқарасты көк-жасыл жапырақтар жұбатар.
Бақташының гүл шоқтарға толып қойны, өбіп тұрған, – қандай тәтті – дегенмен де маған мұншама мамырай қуанышты мүлдем бермес.
34-6
Турасын айтсам, немістің бек-сұлтандарының арасында, менің сұлтан-бегім соншама ұлығ емес: Сұлтанның құзіретіне қарасты жер көлемі де тар, қазынасы да бай емес; Егер де әрбір адам, бұған ұқсап, сыртқы және ішкі күштерін сарқып жұмсайтын болса, онда немістің өмірі немістер ішінде үлкен той болған болар еді.
Дегенмен, тағдырдың өзі мадақтап қойса, мен несіне оны мадақтаймын?
Ия, менің мақтап-мадақтауымды келісілген келісім сауда деп те есептеп, оның маған берген сыйын, ең бақуат ұлығтың беретін дүниесінен де көп деп қалар: Достықты, сенімді, қарым-қатынасты, тұрғын үйді, мекен-жайды, бай-бақшаны.
Барыммен мен оған борыштымын; қайткенде де мен көп нәрсеге құштар болатынмын, бірақ та қалайша табуға болатынын білмедім – нағыз ақын! – ештеме.
Еуропа мені мақтаныш тұтады, содан маған Еуропа не берді? Мен өлеңдерім үшін өзім қымбат баға төледім. Немістер маған ұқсамақ болса, француздар сүйіп оқиды. Лондон! Абыржыған, асып-сасқан қадірлі мейман досыңдай сен күтіп алдың.
Бүгінде, керек десеңіз қытайдың Вертерлерді жазғанынан, Лотт бояу жаққышпен нәзік жұқа әйнекке сурет салғанынан маған одан не пайда?
Патшалар да, уәзірлер де мені білгілері де келмеді; Сыйынарым да, сүйенішім де менің тек сен ғана бір өзің.
47
«Қашан соңы болар? Жоқ әлде жұмыссыздықтан сен мүлдем адастың ба? Кітабың – тек бір ғана қыз туралы ма? Өзге қызығырақ тақырып тапқын!» Мейлі, сабыр еткін: небір мықты білгір, сахабаларды жырға қосайын, бүгінгіден гөрі, солардың тура жолын дұрыс түсінетін шығармын. Қазірше мен Беттинді шырқап, әндетіп жүрмін: бізді бір-бірімізге тартып жүр, себебі өмір бойы сазгер мен ақын ағайынды туыстар.
57
«Бұл адамдар ақылсыздар» – қайдағы бір қиялдарды ойға салар, сөйтіп, Францияның бар жерінде айқайға басар. Ия, олар ақымақтар, сөйте тұра бостандықтағы ақылсыздар ақылды сөздер аз айтпаған; дегенмен де құлдың ақылы жоқ.
58
Көп жылдар бойы бар зиялылар тек француз тілінде сөйледі; кім аздап жаңылып, мүдіріп қалса болды, соны шеттетіп жақтырмай қалатын. Бүгінде қуаныштысы, халқымыз француз тілін жақсы үйреніп алды. Ендеше несіне ашуланамыз? Сен осыған жеткендейсің!
66
Мен әрқашан да көптеген келеңсіз, жат тірліктерге шыдамды болғанмын, құдайымның өсиетіне бекем болып, небір қиыншылықтарға мықтам болдым.
Тек төрт нәрсе мені улы жыландай шақты у-ын жағып: темекінің түтіні, қандала, сарымсақтың иісі және.
77
«Не істеп жатырсың? Бірде ботаникамен, бірде оптикамен айналыстың! Нәзік жүректі түртуден одан артық бақыт бар ма екен?»
Нәзік жүректер! Әрбір жазушы оларға тиіседі. Табиғат, саған да менің бақытым тиіп жүрсін!
102
Сүйікті жандар сабырсыздардың құшағында қысылып ғажап, егер де шындап сүйіп қалған болса жүрегі сен деп соғар; О дан да тәттісі – жүректің түбінен жаңа өмірдің жағымды дауысы естілер, сөйтіп онда пісіп, жетіліп, күн көрінер.
Жастық шақ күш-қуатын тексеріп бір көруге асығар: көк аспаннан жарқырап көрінер нұр жарығын тезірек көрсем деумен соғып тұр.
Бірнеше күндерді күткін!
Уақыт сәті келген кезде, тағдырыңа жазылғанын, Ор өмірге жолыңды саған көрсетер. Оның бар қалағандары, саған да жұғысты болсын, менің сүйіктім, – өзің қолдап-қуаттаған махаббат, қайткенде де махаббатың нәтижелі болсын.
103
Сонда, достардан алыста, Нептун астанасында некеде тұрған кезде, сөз жоқ, небір уақыт, сағаттарымды босқа өткізіп, жалғыздықтың ауыр күндерін кештім.
Үкілі үмітпенен қарап болашаққа, өткен кездесулерімнің әрбірін, бәрін де мен жақсылыққа жорып, еске аламын.
Жер бетінде дәмдеуіш қосылған тағамнан артық дәмді затты таппадым.