Бюджеті аз фильмнен қандай пайда табуға болады?

КИНО
833

America Film Market (AFM) – бұл жыл сайын қараша айында Америкада өтетін ауқымды киноиндустрия шарасы болып табылады. Сегіз күн қатарынан өтетін шараға әлемнің түкпірінен 7000-нан астам киногерлер қатысады. Олардың қатарында сценарий авторлары, продюсерлер, сатып алу және даму жөніндегі менеджерлер, дистрибьюторлар, фестиваль директорлары, қаржыгерлер және адвокаттар бар

1981 жылы Американдық киномаркетинг ассоциациясының төрағасы, продюсер Энди Вайнның бастамасымен құрылған AFM – бүгінде кино бизнесінің нарығы. Кинофестивальдерден басты айырмашылығы –  қатысушылар өзара келісімге келіп, фильмнің өндірісі мен тарату кезеңінде үлкен келісімшарттарға қол жеткізіп жатады. Сонымен қатар кино өндірісіндегі күрделі мәселелердің шешімі талқыға түсетін ауқымды конференциялар өтеді.

Үстіміздегі жылдың қараша айының басында өткен сондай конференциялардың бірінде «Фильмнің шектеулі бюджеті пайда түсіруге кедергі болмайды» атты дөңгелек үстел аясында әнгіме қозғалды. Спикерлер кино өндірісі кезінде бюджетті қалай дұрыс бөлу керектігін және фильмді инвестициялауға не лайықты ететінін, жобаның әлеуеті неде екенін талқылады. Ең алдымен пікірталасқа қатысушылар жобаны іздеу және талдау кезеңінде сценарийдің ерекшелігінен гөрі пайдалы боларына назар аудару қажет дейді.

Black Bear Pictures студиясының өндіру және қаржыландыру бөлімінің басшысы Майкл Хаймлер: «Біз өз жанрында ерекше сценарийлерді іздеуге тырысамыз. Біз белгілі бір бағытта ғана қозғалмаймыз, себебі біздің қоржынымызда романтикалық, комедиялық та фильмдер жеткілікті. Біздің басты міндетіміз – жобаның сапасы мен көркемдік құндылығы және комерциялық әлеуеті арасындағы тамаша үйлесімділікті табу. Біз кең аудиторияны қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар маңызды кинематографистерді тарта алатын фильмдер іздейміз» деді. 

Конференцияда көтерілген тақырыптардың бірі әлемді жаулаған пандемия кезіндегі карантиндік талаптардың қауіпсіздігі үшін қамтамасыз етілуіне айтарлықтай қаражат жұмсалуы болып тұр. Түсірілім барысын қауіпсіздік хаттамалары бәсеңдетіп қана қоймай, сонымен қатар бюджеттің 8-ден 20% қысқаруына әсер етуде.

Шектеулі бюджеттегі негізгі міндет, әрине, максималды мүмкіндіктермен ең аз қаражат жұмсау. Осыған орай жобаларды алдын ала сату мәселесі де талқыланды. Бұл орайда жаңа үрдістің қалыптасып келе жатқаны ерекше атап өткеніміз жөн. Ол заманауи тілмен айтқанда стримингтік орталықтардың кеңінен таралуында. Аталмыш орталықтың бірі фильмге толық иелік етіп авторлардың прокаттау жүйесінде жұмыстарын жеңілдетіп, аз қаржы жұмсауға өз үлесін қосуда.

Стримингтік орталықтарлың өсіп келе жатқандығы және бүгінгі киноиндустрияда алар орны тақырыбында Bleecker Street компаниясының сатып алу және мазмұнды тарату бөлімінің бастығы Кент Сандерсон стримингтік платформаларға қызықты болатын мазмұнды жобалар дайындау қажеттілігін айтты. Себебі пандемиялық кезеңде кинотеатрлардағы көрермен санының күрт азайып, прокаттау жүйесінің әлсіреп бара жатқандығын алға тартты.

Кент Сандерсон: «Пандемия басталғаннан бері біз 15 фильм шығардық және жалға беру стратегияларымыз 7 немесе 8 рет өзгерді, барлығы кинотеатрлардың жабылуына, прокаттау жүйесіндегі кезектің ұзақтығына және Стримингтік платформалармен келісімшарттарға байланысты болды. Бәрі тез өзгереді. Сонымен қатар, цифрлық дәуірде жобада белгілі есімдердің болуы маңызды, себебі бүгінгі көрерменнің талғамы жоғары. Бюджеті аз жобаларға танымал киножұлдыздарды шақырту мүмкін еместігін ескере отырып, фильмнің бірегейлігіне, режиссердің талантына, көркемдік маңыздылығына баса назар аудару қажет. Бұл күрделі таңдау» деген оймен бөлісті.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...