«Қазақфильм» киностудиясы «Жол жоқ» /«No Exit» жобасы шеңб...
Кино тарихында алғаш рет ғарышта фильм түсірілмек
Ресейлік «Союз МС-19» ғарыш кемесі тарихтағы алғашқы «киноэкипажбен» жер орбитасына жетті.
Ресейлік «Союз МС-19» ғарыш кемесі «Вызов» фильмінің түсірілім тобымен орбитаға шықты. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.55-те Байқоңырда ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз-2.1 а» зымыран тасығышының үшінші сатысынан ғарыш кемесінің бөлінуі туралы жарияланды.
«Союзде» ғарышкер Антон Шкаплеров, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко бар. Киноэкипаж «Вызов» фильмін түсіру үшін ғарышқа аттанды, ол ғарышта кәсіби актерлердің қатысуымен түсірілетін кино тарихындағы алғашқы фильм болмақ.
Тарихта алғаш рет «Союз» кемесі кәсіби бортинженердің көмегінсіз бір командирмен бақыланып ұшатыны атап өтілді. «Союз» кемесінің тарихында жалғыз рейстердің тек бірнешеуі болған, ал қазір ол ғарышкер командирі бастаған екі кәсіпқойды бірден орбитаға жеткізуге мүмкіндік беру үшін жаңартылды.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.12-де «киноэкипаж» ресейлік сегментінің «Рассвет» модуліне қосылады деп күтілуде. Люктерді ашу және экипаждың станция бортына өтуі 20.05-ке белгіленген.
Пересильд пен Шипенко ғарышта 12 күн өткізеді. Оларды Қазақстан даласына отырғызу 17 қазанға жоспарланған.