Алматыда Киноорталықтың қолдауымен түсірілген фильмдердің көрсетілімі өтеді

КИНО
1129

23-26 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Арман» кинотеатрында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген қысқа метражды, анимациялық және деректі фильмдердің ShortAnimaDoc атты көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды kazakhcinema.kz.  

Мұндай көрсетілім бірінші рет өткізілгелі тұр, бірақ, болашақта бұл шараны жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарда бар. Бұл іс-шара –Киноорталықтың жас кинематографистердің жобаларын ілгерілетуге қолдау көрсету үшін жасалып жатқан қадамдарының бірі.

Барлығы екі анимациялық, үш деректі және жеті қысқа метражды фильм көрсетіледі. Олардың қатарында жақында ғана Қытайда өткен халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болған режиссер Райымбек Әлжановтың «Мерген», сондай – ақ VI Baiqonyr International Short Film Festival «Үздік сценарий» номинациясы бойынша жеңімпазы – «Граната» және «Үздік монтаж» үшін жүлдеге ие болған «Көше ақыны» фильмдері бар.

Сонымен қатар, көрсетілім қонақтары «Властительницы Евразии» атты Ұлы даланың даңқты қыздары туралы деректі фильмді және «Горящий октябрь 1941», «Последний рубеж» атты  Ұлы Отан соғысы туралы екі фильмді тамашалай алады.

Көрсетілім Дильшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» атты қысқа метражды анимациялық фильмімен ашылады.

Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасында жоба авторларымен шеберлік сыныптары және кездесулер өткізіледі.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...