Видеодан Қырғызстан құрамасының марапаттау рәсімі бітпей жатып, мойындарындағы алқаны шешіп, трибуна...
Балаларға арналған экологиялық театрдың жаңа маусымы ашылды
Елордалық Оқушылар сарайында «EcoQolday» экологиялық театры өз есігін қайта ашты, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Жаңа маусымның ашылуына Ұлттық Дельфийлік комитет, Нұр-Сұлтан қаласының жаңғырту орталығы, «Жас Ұлан» РҚБ, елорданың білім беру мекемелерінің өкілдері, эко-белсенділер, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты.
Эко-театр – театрлық қойылымдарды, көрермендермен экологиялық тақырыптарға интерактивтерді және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша мастер-кластар аймағын қамтитын бірегей жоба. Театр труппасы маусымды қазақстандық экожинақ желісі «Гринейктердің хикаялары» спектаклінің премьерасымен ашты. Шығармашылық ұжым балаларға экологиялық мәдениетті өнер арқылы дарытуды мақсат етіп қояды.
Спектакльге мектеп жасындағы актерлер мен орыс драма театрының екі кәсіби қоюшы-режиссерлері тартылды. Спектакльге немесе актерлік шеберлік курстарына билеттерді қайталама шикізатты (макулатура, пластик және полиэтилен пакеттер) өткізу арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, іс-шара аясында Нұр-Сұлтан қаласы мектеп оқушыларының инновациялық экологиялық жобалары ұсынылды.