Қостанай облысында 23 сиыр тиеген көлік аударылды

Фото: Қостанай облысы ПД

Жаңалықтар
203

Қостанай облысында ет өңдеу комбинатына әкелінген 23 сиырды тиеген ауыржүктасығыш көлік аударылды, - деп хабарлайды madeniportal.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейін аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

"21 тамызда кешке Қостанай-Мамлютка автожолының 26-шы шақырымында Volvo жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға аударылды", - делінген хабарламада. 

Жүк арбада 23 сиыр болғані, ер адам оларды Солтүстік Қазақстан облысынан Заречное кентіндегі ет комбинаттарының біріне апара жатқан.

"Оқиға салдарынан жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ. Бірнеше сиыр жарақат алды", - деп нақтылады полиция.

Оқиға орнына жүк көлігінің манипуляторы келді, оның көмегімен жануарлар тиелді. Осыдан кейін көлік полицейлердің сүйемелдеуімен межелі жерге барады. 

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...