Санкт-Петербургте шахматтан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алғашқы үш турында Динара Сәдуақасова мен...
Министр Мұхамедиұлының эстафетасы Америка асты
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап берген «Street Workout Challenge» Америкаға жетті. Бұл жолы Бостонда оқитын қазақстандық студенттер мен олардың шетелдік достары дене дайындықтарын паш етіп, құрлықтың ар жағынан бастамаға үн қатты.
Спорт әртүрлі нәсілдер мен діндерді біріктіреді. Бұған мысал - «Street Workout Challenge»-ке Бостонның «үн қатуы». ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мағжан Жұмабаев, Әділ Әсембек, Мақсат Байтұғұлов, Мейірлан Қанатжанов және олардың достары «Street Workout Challenge» қазақстандық жобасына қатысу үшін видео дайындаған. Онда жастар турникке тартылып, алаңда түрлі жаттығулар жасады.
Бұл жолы Бостонда оқитын қазақстандық студенттер мен олардың шетелдік достары дене дайындықтарын паш етіп, құрлықтың ар жағынан бастамаға үн қатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Спорт әртүрлі нәсілдер мен діндерді біріктіреді. Бұған мысал - «Street Workout Challenge»-ке Бостонның «үн қатуы». ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мағжан Жұмабаев, Әділ Әсембек, Мақсат Байтұғұлов, Мейірлан Қанатжанов және олардың достары «Street Workout Challenge» қазақстандық жобасына қатысу үшін видео дайындаған. Онда жастар турникке тартылып, алаңда түрлі жаттығулар жасады. «Бұл жолдаманы Еуропаға - Лондоннан келген қазақстандықтарға жолдаймыз!», - деді шетелдегі қазақстандықтар. Еске сала кетсек, «Street Workout Challenge» акциясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап берген болатын. Арыстанбек Мұхамедиұлы сәуір айында жобаны өзі бастап, эстафетаны Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке, әнші Қайрат Нұртасқа, танымал қазақстандық актер Әділ Ахметовқа жолдаған еді. Кейін боксшы Бақтияр Артаев пен таэквондошы Арман Чилманов министрдің «Street workout KZ» бастамасына қосылды. Акцияны кейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет Арман Чилмановтан қабылдап, Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен және бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаровпен бірге бейне-үндеу түсірді. Роликте спортшылар барлық қазақстандықтарды street workout-пен айналысуға шақырды. Айта кетерлігі, бұған дейін аталған акцияға Қанат Ислам да атсалысып, эстафетаны дәл осы Ардақ Назаровқа жолдаған еді. Ардақ Назаров өз кезегінде оны қазақтың үш «батырына» тапсырды. Спортшылармен бірге эстрада жұлдыздары да, шетелдегі қазақ студенттері де белсенді түрде қатысуда.
inform.kz