«Алтын Витязь» Халықаралық театр форумында елордалық театр өнер көрсетеді

ТЕАТР
678

«Светлые думы» қойылымынан көрініс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 22-26 қараша аралығында елордалық М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры еліміздің атынан «Алтын Витязь» ХІХ Халықаралық театр форумында өнер көрсетеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Форумда өнер ұжымы В.М. Шукшиннің әңгімелері бойынша сахналанған «Светлые думы» қойылымын көрермен назарына ұсынады. 

«Алтын Витязь» Халықаралық театр форумы – Славян өнер форумы аясында 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты – орыс реалистік театрының, классикалық театр мектебінің дәстүрлерін нығайту, шығармашылық байланыстарды кеңейту және славян халықтарының театр мәдениеттерін өзара байыту, ұлттық классикалық драматургияны танымал ету. 

«Алтын Витязь» Халықаралық театр форумының ұйымдастырушысы – Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі мен Ресей театр қайраткерлері одағы. 

«Светлые думы» қойылымынан көрінісФорум Ресей Федерациясының қалаларында өткізіледі. Шығармашылық конкурстың жеңімпаздары – театр ұжымдары, режиссерлер, актерлерге арнайы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушыл...

Мемлекет басшысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат...