Қарагөз-Сырым, Қарагөз-Нарша… Махаббат атаулыға қатыгез Дала заңы мен махаббат үшін күреске...
Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры
1935 жылы халық комиссары Т.Жүргеновтің ұсынысымен Ақтөбеде алғашқы рет қазақ музыка – драмалық театр ашылды. 1936 жылдан 1941 жылға дейін театрдың бірінші режиссері Г.Омарованың жетекшілігімен «Еңлік – Кебек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Амангелді», «Қыз Жібек», «Исатай − Махамбет» сияқты өзге де қазақ классиктерінің шығармалары сахна төріне жол тартқан.
1941 жылы ҰОС-ның басталуына байланысты қазақ театры жабылып қалды.
Қаладағы орыс театры 1943 ж. Ақтөбеге көшіріліп әкелінген Днепропетровск сазды драмалақ театрының қызметімен басталды. Жаңа театрға Өскеменнен режиссер Н.И. Курганский бастаған актерлік топ, П.Елагин, Н.Баева, А. Немировская, С.Римнева, Д. Репниналар соғыс жылдары А.Островский, А. Чехов, Н.В. Гоголь шығармаларын сахналады.
1948 жылы соғыстан кейінгі экономикалық қиындықтарға байланысты орыс театры өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.
Орыс театрының келесі қадамы 1965 жылы Қазақ ССР Совет Министрлігінің №707 – ші (13.10.1964 жылдан бастап) үкіміне байланысты Владимир Сергеевич Тихонов алғашқы рет директорлық еткен облыстық Мәдениет үйінде басталды.
1966 жылдың қаңтарында алғаш театрлық маусымды А.П.Штейннің «Между ливнями» пьесасы Б.В.Виноградованың режиссерлығымен қойылды.
Алғашқы театр маусымында 29 адамнан құралған труппаның 9 қойылымы жүзеге асты. Театрдың алғашқы труппасына Л.Белова, Дағыстан АКСР еңбек сіңірген әртістері К.Богачова, О,Богданова, С.Богомолова, Л.Дворчук, И.Меркулова, Р.Потапова, Л.Шенгелидзе, С.Бакин, А.Богачев, В.Воля, Г.Гришин, Н.Догадин, Е.Докукина, Л.Кадров, В.Колесник, В.Литвиненко, М.Омельницкий, В.Поснов, Г.Рычков, В.Соловьев, Л.Томингас, Г.Ярлыков, Б.Ханутин, Қазақ ССР еңбек сіңірген әртістері Э.Федорова, Л.Фоминдер кіреді.
1992 жылы Ақтөбе облыстық драма театрының негізінде қазақ труппасы жұмыс жасай бастады. Труппа 1992 жылдың 18-шілдесінде Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» спектаклімен өз шымылдығын ашты. Қазақ театрының алғашқы директоры Қорлан Бөлеков, режиссері Дихан Жәлекенов еді. Алғашқы күннен еңбек еткен артистер С.Аманқұлов, Р.Тәукебаева, Б.Ержанов, Қ.Амантурлин, А.Махамбетова, А.Құрмантаева, Б.Нұрмағамбетовтер болды.
1997 жылы 3 қарашада театрға қазақ драматургі Т.Ахтанов есімі беріліп, 1998 жылы облыс әкімінің шешімімен екі труппа біріктіріліп, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры аталынды.
2013 жылдың 31 наурызынан Ақтөбе облысы әкімдігінің шешіміне байланысты Ақтөбе облыстық «Екі езу» сатира театры және Ақтөбе облыстық драма театры бірікті. 2017 жылдың қазан айына дейін Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрын «Екі езу» сатира театрының негізін салушы, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан басқарды.
2017 жылдың 1 қарашасынан бастап театр ұжымын Кәдірбаев Нұрхан Кенжебайұлы басшылыққа алды.
Бүгінгі күні театрда қазақ және орыс труппалары жұмыс жасайды.
Театр ұжымының шығармашылық жетістіктері бірнеше жүлделермен көзге көрініп келеді. 1987 жылы Петропавлда өткен Республикалық театр фестивалінде Ақтөбе облыстық драма театры «Цар Федор Иоаннович» қойылымымен 1–орын иеленіп, өзінің актерлық шеберлігін көпшілік қауымға дәлелдеді.
Орыс труппасы 1996 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық фестивалде Л.Герштің «Эти свободные бабочки» спектаклімен 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
2000 жылы қазақ труппасы «Айман-Шолпан» спектаклін көрермен назарына ұсынып, Республикалық театр фестивалінде лауреат атанды.
2004 жылы театр артисі Елтай Кемал XVII-«Шабыт» Халықаралық жастар фестивалінде М.Мақатаевтың «Арпалыс» спектаклін үздік қойғаны және басты рөлдегі бейнесі үшін лауреат атанды.
2005 жылы Қызылорда қаласында өткен фестивалде режиссер Виттих Д.Бональдің «Беспощадна как сердце» спектаклін қойғаны үшін лауреат атанды.
2007 жылы қазақ труппасы Қ.Жетпісбаевтың «Бала мерген» шығармасымен «Ең үздік балалар ертегісі» номинациясымен үздік шықты.
2012 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық IV- Орталық Азия театр фестивалінде Г.Лорканың «Дом Бернарды Альбы» спектакліндегі қызметкер Понсийдің рөлі үшін «Құрмет» орденінің иегері, актриса Раиса Телеуова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының иегері болды.
2013 жылы Ақтөбе қаласында Т.Ахтановтың 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылған XXI – ші Қазақстан драма театрларының Республикалық фестивалінде қазақ труппасы халық жазушысы Т.Ахтановтың «Ант» қойылымын сахналап, Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығыменмарапатталды.
2013 жылдың ақпан айында басшылық пен шығармашылық топтың қалауымен театр базасында шығармашылық зертхана жинақталып, оған театр актрисасы Ольга Павлова басшылық етті.
Кез-келген театрдың беделі, көрермендермен қарым-қатынасы ондағы қызмет жасайтын өнер адамдарына байланысты. Қаз.ССР еңбек сіңірген әртісі, сахна шебері В.Бриц, «Құрмет» орденінің иегерлері Ш.Бақытжанова, Р.Телеуова, сахна шеберлері С.Аманқұлов, М.Бақытжанов, Л.Шипкова, Мәдениет саласының үздіктері Б.Айтова, Қ.Балдаиров, Т.Доценко, М. Ілиясова, К.Кемалбаев, Д. Құсайынова, М. Мұзбаева, А.Недюжина, О.Павлова, П.Савицкая және сынды әртістер театр өнерінің жолында жастарға үлгі-өнеге көрсетуде.