«Польшалық композиторлардың саундтректері» атты музыкалық кеш өтті.

Жаңалықтар
1063

Бүгін Елорда төрінде филармонияның Симфониялық оркестрі Польша елшілігімен бірлескен «Польшалық композиторлардың саундтректері» атты музыкалық кеш өткізді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі - Халықаралық байқаулардың лауреаты - Берік Батырхан. Бас дирижер Халықаралық байқаулардың лауреаты - Ернар Нұртазин.

Кешке келген Қазақстандағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич пен қорғаныс атташесі подполковник Александр Сухенек концертке арнайы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушылар мен артистерге алғысын білдірді.

Концерттің ерекшелігі сол көрерменге таныс әйгілі фильмдердегі поляк композиторларының шығармалары орындалды. Олардың қатарында әлемге танымал «Хатико», «Ведьмак», «Пианист» секілді үздік туындылар бар.

Сонымен қатар кеште филармонияның "Қорқыт" этно ансамблі өзгеше стильде өнер көрсетіп, тыңдармандарын қуантты. Көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері - Шолпан Қорғанбек. Польша музыка кешіне «Полония» Павлодар облыстық поляктар қоғамы: Жастар вокалды-хореографиялық ансамблі «Нартсыз», «Сырены» әйелдер вокалдық ансамблі, Республикалық поляк әндері фестивалінің бірнеше дүркін жеңімпаздары, сонымен қатар Қазақстанда ғана емес, шетелдерде өткен фестивальдар мен байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлері. Көркемдік жетекшісі: Марина Ершова, Хореографы -  Надежда Федосова, Солисттер - Богдан Ерыгин мен Анна Мананникова сынды музыканттар қатысты.

Көрермендер әлем тамсанған үздік кинолардың саундтректерін тыңдап, керемет музыкалық кештің куәсі болды. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...