Әйгілі «Матрица» фильмінің төртінші бөлімі көрерменге жол тартады

КИНО
2009

«Матрица: қайта тірілу» фильмінен үзінді кадр 

1990-шы жылдардың аяғында киноиндустрияға жаңа серпін беріп қана қоймай, компютерлік симуляциялардың дамуына ықпал еткен «Матрица» киносагының төртінші бөлімі «Матрица: қайта тірілу» жақын күндері әлемдік прокатка шығады, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Басты рөлдерде алдынғы бөлімдермен есте қалған: Нео рөліндегі Киану Ривз және Тринити рөліндегі Кэрри-Анн Мосс. Сондай-ақ, фильмде көрермен Кристина Риччи, Нил Патрик Харрис, Приянка Чопра және басқа да танымал актерлерді көреді. Фильмнің соңғы бөлімінің сюжеті 1999 жылы шыққан фильммен үйлестіріліп, тіптен бірінші бөлімнен жеке кадрлар алынған. Видео ойындар жасаумен айналысқан бас кейіпкер бір сәтте өмірдің шынайылығы жоқ және ол тек компьютерлік модельдеуден тұрады деген ойға келеді. Бас кейіпкерге кездейсоқ жолыққан хаккер қыз Тринитти (Кэрри-Анн Мосс) өткен өмірге оралуға серпін береді.

Айта кетейік, «Матрица: қайта тірілу» («Матрица: Воскрешение») 2021 жылдың 16 желтоқсанында шығады. Өз уақытында «Матрица» ғылыми-фантастикалық картинасы революциялық түсіру әдістері мен  философияны біріктіріп, жоғарғы мәртебеге ие болып және бір уақытта айтарлықтай қоғамдық резонанс тудырған болатын.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Президент сайлауы 31 наурызда өтуі керек еді, бірақ елде әскери жағдай сақталады, деп хабарлайды mad...

ӘДЕБИЕТ

      «Екі тау қосылмайды, екі ел қосылады» деген екен қазағым. Өткен ғас...