Қасым хан туралы фильмнің түсірілімі аяқталды

ТЕАТР
2822

Алматы облысында Ақан Сатаевтың ауқымды әрі көптен күткен жобасы - «Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілімі аяқталды. 

«Достар, біз «Ұлы дала таңы» түсірілімін аяқтадық. Біздің команданың әр қатысушысына осы тамаша кезең үшін, баға жетпес тәжірибе үшін, еңбектеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғыс айтқым келеді», - деп жазды фильм режиссері Ақан Сатаев желідегі парақшасында. Қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы тарихи-патриоттық фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілді. Туындыдағы басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды Фильм 16 ғасырдағы Қазақ хандығының билеушісі - Қасым ханның жетістіктері туралы баяндайды. Еске сала кетейік, маусым айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған делегация Алматы облысы Қапшағай қаласының маңында орналасқан тарихи фильмінің түсірілім алаңында болды. Кейін «Қазақфильм» киностудиясы Instagram парақшасында XVI ғасырдағы Қасым хан әскері мен Шайбани жауынгерлерінің айқасы туралы көріністі жариялаған еді.

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...