Мақпал Тәжмағамбетова: «Ең бастысы ішкі тұрақтылық пен елдегі тәртіп маңызды» – #КүшімізБірлікте

СӨЗДІҢ АТАСЫ
2552

Президентіміздің өзі айтқандай, 11-қаңтар күні мәжіліске келіп, жаңа үдерістегі мәлімдемесін жасайтын болады. Сол мәлімдемеде барлық мәселелер оң шешімін табады деген ойдамын. Мұндай пікірді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Мақпал Тәжімағамбетова білдірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Еліміздегі жағдайға байланысты бейбіт шеруге шыққан халықты адастырып, соңы қантөгіске апарған адамдар толық әшкереленіп, қатаң жазалануы тиіс. Ал бейбіт шеруге шыққан, бірақ терроризмге еш қатысы жоқ азаматтар жазықсыз қудаланбауы керек, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Отан қорғау жолында жанын құрбан еткен сарбаздарға һәм бейбіт азаматтарға қайғырып көңіл айтты.

Қаншама азаматтар мен азаматшаларымыз қайтыс болып, тіпті кейбірінің өмірі әліге дейін қыл үстінде жатыр. Оқиғалардың соңы дәл бұлар боларын білген жоқпыз.

Отан қорғау жолында жанын құрбан еткен сарбаздардың иманы саламат болсын. Ол кісілердің ата-аналарына, отбасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамын. 

Осындай уақытта Президентімізге қолдау білдіріп, мемлекетіміздің болашағы жолында бірігуіміз керек. Ең бастысы ішкі тұрақтылық пен елдегі тәртіп маңызды. Президентіміздің өзі айтқандай, 11-қаңтар күні мәжіліске келіп, жаңа үдерістегі мәлімдемесін жасайтын болады. Сол мәлімдемеде барлық мәселелер оң шешімін табады деген ойдамын, деді Мақпал Тәжмағамбетова.

madeniportal.kz

author

Мақпал Мыса

АҚЫН

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...