Жансебіл фильмі туралыӨзінің шығармаларында гуманистік, адамгершілік, демократтық, патриоттық идеяла...
Әйгілі Дон Корлеоне елу жылдан кейін экранға оралды
«Мен өзімнің шығармашылық өмірімнің үштен бір бөлігіне көмек еткен «Өкіл әке» фильмін мақтан тұтамын. Мен үшін ерекше мақтаныш және жобаның 50 жылдығына арналған шығарылымға «Өкіл әке» Эпилог: Майкл Корлеонның өлімі» кіргені қатты қуантады. Марио Пьюзо екеуміздің трилогиямыздың аяқталуының дұрыс шешімі болған» – деп режиссер түсінік береді.
Марио Пузо романының желісімен түсірілген фильмде Корлеон отбасының көтерілуі мен құлдырауы туралы баяндайды. Отбасы басшысы Дон Вито Корлеоне қызын үйлендіреді. Бұл кезде екінші дүниежүзілік соғыстан сүйікті ұлы Майкл қайтып келеді. Соғыс батыры, отбасының мақтанышына айналған Майкл қатал отбасылық бизнеспен айналысқысы келмейді. Дон Корлеоне ескі ережелерге сәйкес жұмыс істейді, бірақ басқа уақыттар келіп, қолданыстағы тәртіпті өзгерткісі келетін адамдар пайда болады. Өкінішке қарай, Дон Корлеонға қастандық жасалады.
1973 жылы «Өкіл әкенің» бірінші бөлімі «Ең үздік фильм», «Ең үздік басты ер адам рөлі» (Марлон Брандо), «Ең үздік экранизацияланған сценарий» номинациялары бойынша Оскар жүлдесін иеленді.
Соңғы серияны қалпына келтіру жұмыстары үш жылға созылып, Paramount студиясы және Копполаның American Zoetrope өндірістік компаниясы бірігіп жұмыс істеді. Кино тарихшысы және фильмдерді сақтау жөніндегі маман Роберт Харристін қолында сақталған 2007 жылғы түпнұсқасы негізге алынды. Централ Партнер Шип компаниясы Ресей және ТМД елдерінде 24 ақпаннан бастап аталмыш фильмді прокаттауды жоспарлап отыр.